Математика сабағында ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика сабағында ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ұлттық ойындарды ойната отырып, қызықты тапсырмалар, жұмбақ есептер шығарту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез ойлауға, шапшаң есептеуге үйрету, ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.Халқымыздың әдет-ғұрпын, ойын-сауықтарын, ұлттық ойындарын ойнату арқылы балаларды ауызбірлікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: асықтар, ақсүйектер, кубик, кеспе әріптер, теңге, орамал.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, есептеу, құрастыру, ой қозғау, ұлттық ойындар.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, сауат ашу, экология, логика

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Алдымен ұлттық ойындар туралы түсінік беру.
Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.

Мақсат қою:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәлім, тәрбие табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға-сол алда, - дегендей жарыс түрінде өткізілетін сабағымызды бастаймыз.
3-топқа бөлемін: «Тапқырлар», «Білгірлер», «Ойшылдар».

1-тапсырма: Математикалық жұмбақ есептер.
1.Тал басында тізіліп, он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп, ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның жұлынып, түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп, жапырақтың нешеуі? (4)
2 Аулада 3 үйрек,
Қорада 1 үйрек.
1 үйрек тығылды,
1 үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек? (2)

3.Табақта 5 алам,
Қолымда 2 алма.
Қосқанда барлығы,
Болады неше алма? (7)

2-тапсырма: «Ханталапай» ойыны.
Талапай-ау талапай,
Табылды ойын алақай!
Асықты алға шашамыз,
Талапайға басамыз, - деп асықты шашып жіберемін. Оқушылар шашылған асықты жинап алады да әр оқушы өзінің қолындағы асығын топпен қосыла санап шығады. Асықтардың саны аяқталған соң, салыстыру жұмысын жүргіземіз.

3-тапсырма: «Ақсүйек» ойыны.
Ойынның шарты: Тақтаға ақсүйектер жапсырылады. Бір бала көзін жұмады да ақсүйектің біреуін алады. Артында жазылған санға байланысты санамақ айтады.

4-тапсырма: «Орамал тастамақ» ойыны.
Шарты: санның алдыңғы және артқы көршісін табу. Тапқан бала келесі баланың алдына орамал тастайды.
5-тапсырма: «Теңге ілу» ойыны.
Шарты: Тақтаға теңге ілінеді. Теңге алу үшін бір жаңылтпаш айтып беру керек.
6-тапсырма: «Неше аяқ» ойыны.
Шарты: Мараттың үйінде әкесі, шешесі, бір інісі, апасы бар. Мараттың тұрғындарының аяқтарының саны нешеу?

7-тапсырма: «Кубизм» әдісін қолдана отырып, ой қозғау стратегиясын қолданамын. Кубикті лақтыру арқылы сұрақтарға жауап беру. 12345 сандарды ашу "БІЛІМ" деген сөз шығады.
Сұрақтар:
Қол не үшін керек?
Қазақтың тұңғыш президенті кім?
Кітап не үшін керек?
"Қызыл кітапқа" не жазылады?
Тірі табиғатты ата?

Қорытынды.
Балаларды мадақтап, кеспе әріптер арқылы «Жарайсыңдар» сөзін құрастырып, сабақты қорыту.


© 2010-2022