Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі
Жунусбекова У.Ж. Асылбекова Ж.А. Қарағанды қаласы. №66 ЖББОМ Педагогика және БОӘ-нің 2003 жылғы түлектері.
Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Оқушы қабілеті дегеніміз - оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология негіздері болып табылады. «Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болу керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогы қажет» деген Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев [1]. Қазіргі кезде мұғалімдерге қойылатын талап - жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, олардың ойлау, көру қабілеттерін жетілдіру, уақытты дұрыс пайдалану, әртүрлі әдістерді қолдану, сабақты мазмұнды да қызықты өткізу, мұғалімнің жеке басының интеллектісін дамыту, оқу іс-әрекетін, өтілетін тақырып мазмұнын аша білу. Жеке тұлғаны дарынды, білімді де білікті етіп шығару - мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. Бұған жету үшін оқытудың жаңа инновациялық технологиясын қалыптастыру қажет. Атақты ғалым В.М.Шепель «Технология, бұл - өнер, шеберлік, іскерлік әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі»,-дейді. Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәнін оқытуда бірден-бір тиімді әдіс - сын тұрғысынан ойлау әдісі деп ойлаймыз. СТО -дағы мұғалімнің басты міндеті - оқу материалын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойылған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру. Сын тұрғысынан ойлау әдісі оқытуда дамыған технологияға жатады. Бұл иллюстративті-түсіндірмелі, ішінара іздену, проблемалық, пікір-сайыс, ойын, шығармашылық, өзін-өзі дамыта оқыту әдістерінің жиынтығы. Сын тұрғысын оқу-тәрбие үрдісінде басқару мен ұйымдастырудың тиімділігі оқушылардың өз алдына белсенді дамуына негізделеді. Сын тұрғысында ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра оқыту, оқушылардың жеке топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады. Осы әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Яғни оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады [2]. Сын тұрғысынан ойлау ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік. Бұл технологияның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым - 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт. Оқушыларға ойлануға рұқсат беру; Оқушылардың әр түрлі идеялары мен пікірлерін тыңдау; Үйренудегі оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау; Сенімділік. Осы технологиямен жұмыс барысында оқушылар іс-әрекетінен мына өзгерістерді байқауға болады: Бірлесіп жұмыс істеуге, шешім қабылдауға, өзі білмегенін үйренуге, білгенін ортаға салуға үйретеді. Ұжымдық, жұптық, топтық жұмыс істеу дағдылары қалыптаса бастайды. Білімді өз бетінше іздеуге, салыстыра болжауға, ойын еркін жеткізе білуге дағдыланады. Оқушылар сабақтың басынан-бастап білімді игеруге белсене кіріседі, қызығушылығы артады.Сабаққа енжар қатысып отырған оқушыларда ерекше белсенділік пайда болады. Өзін-өзі бағалай біледі. Саралауға үйренеді. Ғылыми жұмыспен айналысуға қызығушылық танытады. Өз пікірін қалыптастырып, «мен» деген рөлін көтере алады [3]. Сыни тұрғыдан оқытудың бірінші кезеңі «Қызығушылықты оятудан» басталады. Бұл үрдіс бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Оқушы жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ жаңа тақырып төңірегінде оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Бұл кезеңнің екінші мақсаты - оқушының белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену - енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Осыдан соң оқушы жаңа білім жайында ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады. Жаңа сабақты өз бетінше меңгеру немесе «Мағынаны тану» кезінде түртіп алу немесе INSERT стратегиясын пайдалану - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге үйрететін ұтымды жол. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін есте сақтау - күрделі жұмыс, сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуде INSERT-ті пайдалану - аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйренушілер білетінін анықтап, білмейтінін белгілеп, сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында байланыстар құрауға дағдыланады. Күнделікті оқыту барысында өзіне, басқаға сын көзбен қарау баға беру назардан тыс қалып жатады.Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет - «Ой толғаныс» кезеңі. Бұл кезеңде оқушы не үйренгенін саралап, салмақтап оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Ой толғанысты тиімді етуге лайықталған «5 жолды өлең» «Венн» диаграммасы, «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т» кестесі сияқты стратегияларды тапсырмалардың ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтап қолданып жүрміз. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады [4]. Автордың орындығы стратегиясы арқылы төмендегі нәтижелерге қол жеткізуге болады: Психологиялық қайшылықты жеңіп, көпшіліктің алдында сөйлеуге үйренеді. Суырылып шығып, белсенділік танытуға, алға ұмтылуға, жаттанды пікірден өзгеше ой айтуға дағдыландырады. Логикалық пайымдауы жоғарылап, тіл байлығының молаюына, сауатты, қатесіз сөйлеу дағдысының қалыптасуына ықпал етеді. Шығармашылық ізденісі артып, өзіндік «менін» қоршаған ортаға танытуға тырысатын белсенділік қалыптастырады. «Оқу мен жазу арқылы арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасымен жұмыстанып жүрген мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігіне келіседі деп ойлаймыз. Ал, оқушылар сабақтың қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымды түрде бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын дәлелдеп жүр. Білімнің нәтижелілігі пәннің оқытылу сапасына тікелей байланысты. Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәнінің сапасын арттыру - бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Оқытуды сапаландыру мәселесіне көптеген педагог әдіскер-ғалымдар жан-жақты талдаулар беріп жүр (И.Т.Огородников, В.П.Беспалько, Ш.П.Раченко, Ю.К.Бабанский). Ю.К. Бабанский өз анықтамасында: «Сапаландыру -нақтылы жағдайда кез-келген міндетті шешудің ең тиімді нұсқасын таңдау» деген. Әдіскерлер А.Шульц, С.Сятковскийдің «Қазіргі таңда оқытудың түрлі әдістері мен құралдарының сабақтаса бірігуі және олардың етене қолданылуы сабақ сапасын арттырады» деген пікірлеріне біз де қосыла отырып, сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегияларының өміршеңдігіне толық көз жеткіздік. Өз іс-тәжірибемізде 1 сыныпта «Ана тілі» пәнінен өткізген сабақты сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы бойынша жоспарладық. Мысалы, Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Сабақтың мақсаты: 1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары арқылы жуан және жіңішке айтылатын сөздерді меңгерту. 2. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру. 3. Оқушыларды жан-жануарларға қамқорлық жасауға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру. Көрнекілігі: «Әріп терейік» ойыны, суреттер. Сабақ барысы: Сабақ сатылары стратегия Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті І. Қызығу шылықты ояту






ІІ Мағы наны тану



ІІІ Ой толғаныс

































Рефлексия. Ой қозғау



Көркем жазу








Ішіне-сыртына стратегия сы
Оқулықпен жұмыс



Өмірмен байланыс






Сергіту сәті
Пәнаралық байланыс









Венн диаграммасы





«Әріп терейік» ойыны о ү і ұ а ө ә ы - Жуан және жіңішке дауысты дыбыс әріптерін ата. -Осы дауысты дыбыстарды қолданып сөз ойлап айтайық.
-Осы сөздер қалай айтылып тұр?
Ауылдардың қойы бар, Қойы бардың тоны бар.
-Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар? - Олар қалай айтылып тұр? Ішіне жуан айтылатын, сыртына жіңішке айтылатын сөздерді жаз.
40-жаттығуды оқу - Өлеңде не туралы айтылған? -Олардың қандай пайдасы бар? -Осы өлеңдегі жуан айтылған сөздерді ата.
-Балалар, ата-аналарың сендерді еркелеткенде қалай атайды?
-Сендерді ата-аналарың еркелетсе, төрт түлік те өз төлдерін еркелетеді. -Өлең не туралы айтылған? - Олар төлдерін қалай жақсы көріп еркелетеді екен?
«Қошақаным қайда екен?» әніне қимылдар жасау
- Төрт түлік малды күтіп, бағу керек. -Ол үшін не істеу керек?
- Балалар, малды кендірмен байлауға, жыңғылмен айдауға болмайды екен. Ата-аналарыңнан төрт түлікке байланысты қандай тыйым сөздер естідіңдер? Оқулықтағы тыйым сөздерді оқу. Венн диаграммасы арқылы сөздердің ұқсастығы мен айырмашылығын табу.
- Қандай жағдайда сөздер жуан айтылады? -Не білдік? - Сабақ несімен ұнады? -Қандай тапсырма әсіресе қызықты болды?

Әріптерді алып тақтада жуан, жіңішке дауысты дыбыс әріптеріне бөлу.

Түйе, қой, ешкі, жылқы Ойлаған сөздерді көркем жазу. 39-жаттығуды оқу, орындау Сөздер жуан айтылып тұр. Өйткені а, о, ы -жуан дауысты дыбыс. Мысал келтіру.
Бота, құлын, түйе, ешкі, лақ. -Қой, ешкі туралы айтылған.

-Қолғап, қой, қалпақ...



-Бізді ботам, құлыным деп еркелетеді.

«Малдың төлін сүюі» өлеңін оқу. Қозыны-қоңырым, момыным, бұзауды-торпағым, қорқағым -деп еркелетеді.

Оқушылар өз ойларын айтады.


Өздері білетін тыйым сөздерді айтады -Малды теппе, Ақты төкпе. -Малды басынан ұрма. -Малға теріс мінбе. Ұрма, мінбе сөздерін салыстыру.Ұрма-жуан, мінбе- жіңішке айтылатын сөздер

-Сөздегі дауысты дыбыс жуан болса, сөз жуан айтылады.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегияларын әдебиеттік оқу сабағында кеңінен қолдануға болады. Бұл тәсілдер оқушыларды тыңдаушы, орындаушы ретінде емес, ойланып еңбек етуші дәрежеге жеткізеді, ал мұғалімді белсенді түсіндірушіліктен арылтып, алдында өз сезімі мен көзқарасы, өзіндік пікірі бар даму үстіндегі жеке тұлға отырғанын сезінуге жетелейді. Оқушыларды мұғалімге тәуелділіктен арылтып, өзінің білімді игеру қызметін өздері басқара алу қабілетін шыңдайды, құр мәлімет алумен шектелмей, еркін пікір айтуға тәрбиелейді. Таным белсенділігі мен дербестігінің артуына ықпал етеді. Осы әдістерді үзбей қолдану - жеке оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің ашылуына жол сілтейді. Эссе мен 5 жол өлең жазуда да шығармашылық қабілеттері дами түседі. "Венн диаграммасы", "Бес жолды өлең", "Көрнекілік арқылы баяндау", "Семантикалық карта" сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Мәселен: "Венн диаграммасы " арқылы өз ойынан қорытып сөз шығару, екі затты салыстырып айырмашылығы, ұқсастығы туралы сөз ойлап табу оқушы үшін үлкен ойды қажет етеді. Бұл стратегиялардың қай-қайсысы болмасын оқушының ізденісін, қызығушылығын дамытады. Пәнге деген өзгеше көзқарас қалыптасады [5]. Әр сабақты оқушымен санаса отырып, жүйелі жүргізуде сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялық бағыттары ұстаздарға үлкен қолғабыс тигізеді.
Осы стратегияларды қолданудың тиімділігінің дәлелі ретінде оқушылардың жұмыстарын ұсынуға болады.: 1. "Көрнекілік арқылы баяндау" стартегиясы бойынша "Көктем" тақырыбына арналған 4 сынып оқушыларының топтық жұмысы: (оқушылар үш топқа бөлініп, әр топқа үш түрлі өлең шумақтары таратылды, оқушылар мәнерлеп оқып, содан соң бір-бірімен ақылдасып, сурет салып қорғады).Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі I топтың жұмысы: А) Көктем күні күркіреп, Жаңбыр жауды сіркіреп Бәйшешектер дүркіреп, Шыға келді қыр түлеп. Көктем күні шуақты, Көктем күні қуатты. Мал жағалап суатты, Сай-саламен су ақты. Б) Көктем кереметі. Көктем келді. Көктемде жаңбыр жауады. Ауа райы жылына бастайды. Мұз, қар ериді. Жер күндіз жібіп, кешке қарай тоңазиды. Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болды. Өзендерде сең жүре бастады. Көктемде бәйшешектер өседі. Құстар ұшып келеді. Наурыз мейрамы болады. Маған көктем мезгілі ұнайды. СТО стратегиясын қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында пайдалану - оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді және оқыту өнімсіз емес, сапалы түрде өз нәтижесін береді. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеп, дамытуда, қазақ тілінің мәртебесін көтеруде, өз ойын,пікірін ауызша және жазбаша тілде көркем де анық, нақты етіп бере білу жолында «СТО» стратегиялары көмегін көптеп тигізері анық. Бүгінгі өмірін бала оқытып, білім беруге бел байлаған әр ұстаздың жан-дүниесі сенім мен тілектің шуағымен нұрлана түспек деп ойлаймын.



Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстаннның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы. Астана. 2010.
  2. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. - Алматы, 2000.
  3. Қабдықайырұлы Қ. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы: Оқу құралы. - Алматы: РБК, 1999.
  4. Райысов У. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бастауыш мектеп, 2004ж.
  5. С. Қожагелдиева, Н.Нұртазаева. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі. Бастауыш мектеп, 2009ж. №4.








Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.
Жунусбекова У.Ж. Бастауыш сынып мұғалімі Қарағанды қаласы. №66 жалпы білім беретін орта мектеп.
Білімнің нәтижелілігі пәннің оқытылу сапасына тікелей байланысты. Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәнінің сапасын арттыру - бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Оқытуды сапаландыру мәселесіне көптеген педагог әдіскер-ғалымдар жан-жақты талдаулар беріп жүр (И.Т.Огородников, В.П.Беспалько, Ш.П.Раченко, Ю.К.Бабанский). Ю.К. Бабанский өз анықтамасында: «Сапаландыру -нақтылы жағдайда кез-келген міндетті шешудің ең тиімді нұсқасын таңдау» деген. Әдіскерлер А.Шульц, С.Сятковскийдің «Қазіргі таңда оқытудың түрлі әдістері мен құралдарының сабақтаса бірігуі және олардың етене қолданылуы сабақ сапасын арттырады» деген пікірлеріне мен де қосыла отырып, сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегияларының өміршеңдігіне толық көз жеткіздім. Өз іс-тәжірибемізде 1 сыныпта «Ана тілі» пәнінен өткізген сабақты сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы бойынша жоспарладым. Мысалы, Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Сабақтың мақсаты: 1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары арқылы жуан және жіңішке айтылатын сөздерді меңгерту. 2. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, байланыстырып сөйлеу дағдыларын,функционалдық сауаттылықтарын жетілдіру. 3. Оқушыларды жан-жануарларға қамқорлық жасауға баулу. Оқыту нәтижелері: Оқушылар өз қөзқарастарын дәлелдеуге, шығармашылық тапсырмаларды орындауға, белсенді жұмыс істеуге дағдыланады. Сабақтың түрі: жаңа білім беру. Көрнекілігі: «Әріп терейік» ойыны, суреттер. Қолданылатын әдіс-тәсілдер: СТО стратегиялары. Сабақ барысы: Сабақ сатылары стратегия Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті І. Қызығу шылықты ояту






ІІ Мағы наны тану



ІІІ Ой толғаныс



































Рефлексия. Ой қозғау



Көркем жазу







Ішіне-сыртына стратегия сы


Оқулықпен жұмыс



Өмірмен байланыс






Сергіту сәті.

Пәнаралық байланыс









Венн диаграммасы





«Әріп терейік» ойыны о ү і ұ а ө ә ы - Жуан және жіңішке дауысты дыбыс әріптерін ата. -Осы дауысты дыбыстарды қолданып сөз ойлап айтайық.
-Осы сөздер қалай айтылып тұр?
Ауылдардың қойы бар, Қойы бардың тоны бар.
-Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар? - Олар қалай айтылып тұр? Ішіне жуан айтылатын, сыртына жіңішке айтылатын сөздерді жаз.

40-жаттығуды оқу, талдау. - Өлеңде не туралы айтылған? -Олардың қандай пайдасы бар? -Осы өлеңдегі жуан айтылған сөздерді ата.
-Балалар, ата-аналарың сендерді еркелеткенде қалай атайды?
-Сендерді ата-аналарың еркелетсе, төрт түлік те өз төлдерін еркелетеді. -Өлең не туралы айтылған? - Олар төлдерін қалай жақсы көріп еркелетеді екен?
«Қошақаным қайда екен?» әніне қимылдар жасау. Бейнеролик.
- Төрт түлік малды күтіп, бағу керек. -Ол үшін не істеу керек?
- Балалар, малды кендірмен байлауға, жыңғылмен айдауға болмайды екен. Ата-аналарыңнан төрт түлікке байланысты қандай тыйым сөздер естідіңдер? Оқулықтағы тыйым сөздерді оқу.
Венн диаграммасы арқылы сөздердің ұқсастығы мен айырмашылығын табу.
- Қандай жағдайда сөздер жуан айтылады? -Не білдік? - Сабақ несімен ұнады? -Қандай тапсырма әсіресе қызықты болды?

Әріптерді алып тақтада жуан, жіңішке дауысты дыбыс әріптеріне бөлу.

Түйе, қой, ешкі, жылқы Ойлаған сөздерді көркем жазу.
39-жаттығуды оқу, орындау Сөздер жуан айтылып тұр. Өйткені а, о, ы -жуан дауысты дыбыс. Мысал келтіру.
Бота, құлын, түйе, ешкі, лақ.



-Қой, ешкі туралы айтылған. -Қолғап, қой, қалпақ...

-Бізді ботам, құлыным деп еркелетеді.
«Малдың төлін сүюі» өлеңін оқу. Қозыны-қоңырым, момыным, бұзауды-торпағым, қорқағым -деп еркелетеді.


Оқушылар өз ойларын айтады.


Өздері білетін тыйым сөздерді айтады. -Малды теппе, Ақты төкпе. -Малды басынан ұрма. -Малға теріс мінбе.
Ұрма, мінбе сөздерін салыстыру.Ұрма-жуан, мінбе- жіңішке айтылатын сөздер

-Сөздегі дауысты дыбыс жуан болса, сөз жуан айтылады.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегияларын әдебиеттік оқу сабағында кеңінен қолдануға болады. Бұл тәсілдер оқушыларды тыңдаушы, орындаушы ретінде емес, ойланып еңбек етуші дәрежесіне жеткізеді, ал мұғалімді белсенді түсіндірушіліктен арылтып, алдында өз сезімі мен көзқарасы, өзіндік пікірі бар даму үстіндегі жеке тұлға отырғанын сезінуге жетелейді. Оқушыларды мұғалімге тәуелділіктен арылтып, өзінің білімді игеру қызметін өздері басқара алу қабілетін шыңдайды, құр мәлімет алумен шектелмей, еркін пікір айтуға тәрбиелейді. Таным белсенділігі мен дербестігінің артуына ықпал етеді. Әр сабақты оқушымен санаса отырып, жүйелі жүргізуде сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялық бағыттары ұстаздарға үлкен қолғабыс тигізеді.
Осы стратегияларды қолданудың тиімділігінің дәлелі ретінде оқушылардың жұмыстарын ұсынуға болады.: 1. "Көрнекілік арқылы баяндау" стартегиясы бойынша "Көктем" тақырыбына арналған 4 сынып оқушыларының топтық жұмысы: (оқушылар үш топқа бөлініп, әр топқа үш түрлі өлең шумақтары таратылды, оқушылар мәнерлеп оқып, содан соң бір-бірімен ақылдасып, сурет салып қорғады).Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі I топтың жұмысы: А) Көктем күні күркіреп, Жаңбыр жауды сіркіреп Бәйшешектер дүркіреп, Шыға келді қыр түлеп. Көктем күні шуақты, Көктем күні қуатты. Мал жағалап суатты, Сай-саламен су ақты. Б) Көктем кереметі. Көктем келді. Көктемде жаңбыр жауады. Ауа райы жылына бастайды. Мұз, қар ериді. Жер күндіз жібіп, кешке қарай тоңазиды. Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болды. Өзендерде сең жүре бастады. Көктемде бәйшешектер өседі. Құстар ұшып келеді. Наурыз мейрамы болады. Маған көктем мезгілі ұнайды. СТО стратегиясын қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында пайдалану - оқушылардың ойлау қабілеті мен функционалдық сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді және оқыту өнімсіз емес, сапалы түрде өз нәтижесін береді.

Әдебиеттер:


1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстаннның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы. Астана. 2010. 2. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. - Алматы, 2000. 3. Қабдықайырұлы Қ. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы: Оқу құралы. - Алматы: РБК, 1999. 4. Райысов У. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бастауыш мектеп, 2004ж. 5. С. Қожагелдиева, Н.Нұртазаева. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі. Бастауыш мектеп, 2009ж. №4.



© 2010-2022