Құстардың туған жерге оралуы. Ұрпақ қамы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Пәні: Дүниетану. Сабақтың тақырыбы: Құстардың туған жерге оралуы.Ұрпақ қамы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға жыл құстары туралы түсінік беру, барлық құстардың пайдасы жөнінде мағлұмат беру. Оқушы білімін тексеріп, әртүрлі тапсырмалар орындату. Дамытушылық: Оқушылардың құстар туралы ой-өрістерін, түсініктерін дамыту.Сөздік қорын, тіл байлықтарын, қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру, құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге үйрету. Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, әңгімелеу. Көрнекілігі: Құстардың суреті, «Орманға саяхат» плакаты, жұмыртқалардың суреті. Сабақтың барысы:
  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  2. Өткен сабақтар бойынша қайталау жүргізу.
  1. Қыс. Төрт түлік малды атаңдар? Төрт түлік малдың пайдасы қандай?
  2. Көктем: мал мен жабайы аңдардың көктемгі тіршілігін салыстыр.
Көктемгі жел қалай аталады?
  1. Жаз: Киіктің лағын не дейді?
  2. Күз: Аю көктемде неліктен күні бойы орман кезеді?

Жаңа сабақ. -Балалар, біз сендермен табиғат деген, бізді қоршаған тау-тас, су, ауа, жер, өсімдік, жануарлар екенін білеміз. Біз бүгінгі табиғаттың бір бөлігі-құстарға тоқталамыз. Құстар бау-бақшаның орманның сәні, әні емшілері. Құстар- біздің досымыз. Құс-адамның ежелден келе жатқан серігі. Қазақстанда 600-ге жуық құстардың түрі бар. Ал сендер құстардың қандай түрлерін білесіңдер? «Кім тапқыр» ойынын ойнатып,құстардың қыстайтын және жыл құстарын білдіру. -Не үшін бұл құстарды қыстап қалатын құстар деп атайды? Құстарға қандай? -Барлығы да ұшады, қанаты бар, тұмсығы бар, жұмыртқалайды. -Ал айырмашылығы неде? -Тұмсықтары әртүрлі, дене пішіні әртүрлі, түсі, дыбысы әртүрлі. Құстар қалай дыбыстайды? (оқушылар құстардың қалай дыбыстайтындығын айтады)
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу құстардың көктемгі тіршілігіне түсінік беру. Қиын сөздерге түсінік беру. Сұрақтарға жауап беру. Құстар қай жақтан оралып келеді? Ол жаққа қашан, неліктен кеткен еді? Суретте қандай құстардың тізбектері бейнеленген? Көктемде құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?Құстар балапандарына қандай қамқорлық жасайды? Есіңде болсын! Ұядағы балапанды қолмен ұстауға, қозғауға болмайды. Олай болса, енесі ұяны тастап, балапандарына жоламай кетеді. -Құстарға байланысты қандай тыйым сөздер білесіңдер? 1. Құстың ұясын бұзба, жұмыртқасын жарма. 2. Жұмыртқасы мен балапаны бар ұяны бұзба. 3. Аққуды атпа. Орманға саяхат. Балалар, енді біз орманға барып саяхат жасаймыз. Жыл құстарын күтіп аламыз. Интернет жүйесі арқылы бізге бір хабар келіпті. Қане оқимыз. -Балалар, біз өзіміздің туған жерімізге ұшып келе жатырмыз, қарсы алыңдар! Ұшып келгенде жай келмейміз, сендерге тапсырмалар алып келеміз. (Қараторғай, көкек, үйрек, тырна, қарлығаш) Қараторғай: Құстар туралы қандай өлеңдер білесіңдер? Көкек: Құстар туралы қандай жұмбақтар білесіңдер? Үйрек: Құстардың ұшатынын -«Ұшты-ұшты»ойыны арқылы дәлелдеп беріңдер. Қарлығаш: Құстар туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? Тырна: Тест тапсырмалары.
  1. Үй құстары тап.
а) бұлбұл ә)қарлығаш б) әтеш 2. Қыстап қалатын құстарды тап. А) көкек ә) торғай б) аққу 3. Киелі құс А) тауық ә) жапалақ б) аққу 4. Жыл құстарын тап А) тауық ә) тырна б) тоты құс 5. табиғат нешеге бөлінеді А) 4 ә) 3 б) 2
Қорытынды. «Құстар біздің досымыз» тақырыбы бойынша әңгіме құрастыру. Бағалау.
Үйге тапсырма. Мәтінді оқу. Құстың суретін салу.



© 2010-2022