Ү ү дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 1 Пәні: Сауат ашу Мерзімі: 19.11
Сабақтың тақырыбы: Ү ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға Ү дыбысы мен әрпін таныстыру.Ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
2. Ү дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушының білімі мен тілін, сөздік қорларын дамыту.
3.Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, әдемі жазуға, оқуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, көрсету, ойын, іздену.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, құстың суреттері, кеспе әріптер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Психологиялық дайындық.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
"Бөпешім" өлеңін жатқа сұрау.
Ойын: "Құстарға қамқорлық"
Құстардың суреттері ілулі тұрады.
Келесі бетінде сөздер жазылған. Сол сөздерді оқушылар оқып, құстарды ұясына орналастырады.
Көже көрік көкек сөз тал
Шөже көлік көмек көз көл
Күн салқын түскенде құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Себебі қыста жемдері азаяды.Сондықтанда қыстап қалатын құстарымызға үнемі қамқорлық жасап отыру қажет.Өйткені құстар-біздің досымыз.
Үйрек суреті.
(Беске бөліп, тапсырмалар жазып қоямыз)
1.Дыбыс дегеніміз не?
2.Әріп дегеніміз не?
3.Әріптер не құрайды?
4.Буыннан не құралады?
5.Сөздерден ше?
Үйрек суреті шығады.
Жаңа сабақ.
-Балалар ненің суреті шықты?
-Үйректің.
-Үйрек сөзін хормен айтқызу.
-Сендерге таныс емес қандай дыбыс естіліп тұр?
Ү ү дыбысы.
Үү-хормен айту.
Қалай айтылып тұр?
Созылып, ендеше қандай дыбыс? Жіңішке дауысты дыбыс?
Ү ү дыбысының таңбасымен таныстыру
Үү Үү Тақтаға жазып көрсету.
Қай дыбысқа ұқсайды? Ұ ұ дыбысына.
Айырмашылығы не деп ойлайсыңдар?
Ұ ұ жуан дауысты, белінде сызығы бар.
Үйрек-су құстарына жатады.Басқа қаз, тырна, аққу, қаз деген құстарда су құстарына жатады.
Құстарға байланысты "халық болжамдары" бар.
Үйрек бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады.
Торғай шаңға аунаса, жаңбыр жауады деген сияқты.
Оқулықпен жұмыс.
Үйрек сөзіне дыбыстық талдау жасау
Бағандағы сөздерді оқып, мағынасын түсіндіру
Үкі күріш түлкі жүрек
Үйрек күміс күлкі күрек
Үйшік күшік түйме жүзік
Үміт

Жұмбақ
Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады. (Қарлығаш)
Қарлығаш киелі құс.Адамға жақын боп келеді.Халқымыз әрқашанда құстарды қорғап отырған.Төли би атамыз "Қарлығаш әулие" атанған кісі.
Оқушылардың оқуы. (тізбектеп оқыту).
Сергіту сәті.
Ұшты-ұшты
Ұшты-ұшты сұңқар ұшты
Ұшты-ұшты тұлпар ұшты
қарға
арба
бүйрек
үйрек
Дәптермен жұмыс
Ауада жазу
Тақтада жазу.
Оқушылардың жазуы
Ү ү Ү ү Ү ү Ү ү Ү ү
Тақтамен жұмыс.
3 оқушы шығып тырна, торғай, қарға сөздерін жазады, қалған оқушылар осы сөздерді кеспе әріптен құрайды.
Ү дыбысына байланысты қандай сөздер үйрендік?
Үйрек
Үміт ү кі
Үй
Сабақты қорыту
Жұмбақ
Үнде бар
Ұнда жоқ
Күнде бар
Құнда жоқ (Ү)
Мадақтау,бағалау



© 2010-2022