Тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі 3сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

17.02.16ж.Тақырыбы:"Көктем сәні" ( Ертегі)

Сабақтың мақсаты:а)Ертегінің мазмұнын түсініп, мағынасын ашуға ,еркін сөйлей білуге үйрету.ә)Сөздік қорын , логикалық ойын, актерлық қабілетін дамыту.б) Табиғатты қорғауға, әсемдікті қадірлеуге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік:көктем сызбасы, аңдар суреті, жұмбақтар.Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Балалар, сіздер сабаққа зейін қойыңдар!Іштеріңнен :
«Мен жақсы адаммын, мен үлкенмін ! - деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір-біріңе қарап жымиыңдар» ІІ .Үй тапсырмасын тексеру
Ілияс Жансүгіровтың «Жазғытұрым өлеңін» жатқа айту, мағынасын сұрау. Білімдерін тексеру:
1. Саған көктем мезгілі ұнай ма? 2. Несімен ұнайды?

III. "Көктем сәні" ( Ертегі) . Сіздер қандай ертегіні білесіздер?
-Балалар, жаңа сабақта сіздердің жақсы көретін, жан-жануарлар туралы ертегіні оқимыз.
- Бұл ертегінің авторы жоқ, бірақ халық ауыз ертегісі.
-Халық ауыз ертегісі деген сөзді сіздер қалай түсінезісдер?
Мұғалімнің сөзі: балалар, бұл ауыздан-ауызға таралған, біздің күнімізге дейін жеткен ертегілер.
Оқушылар ертегіні дауыстап оқиды. Қызығушылығын ояту.
1. Қасқыр - гүл - өмірдің, қуаңшылықтың сыйы, ауа тазарады, жердің сәні.
2. Ақбөкен - жасыл желек - ну орман, өсімдік, табиғат сәні, саяжай.
3. Ит - хош иіс - рахаттанасың, жақындайсың, демаласың.
4. Қоян - мөлдір су - қуат, күш, тамақ, мұз, суға түседі, тіршілік жоқ.
5. Арқар - жылылық - қоршаған орта, сезім, сөз, өседі, өнеді, көбейеді.
6. Киік - нөсер - табиғатқа сән береді, егін өседі.
7. Түлкі - тыныштық - тыныштық, бейбітшілік, ашық, достық, жұмыс.
8. Бұғы - салқын самал - ауа, күш, қуанады, рахаттанады.
9. Піл - еңбек - қуанышқа бөленеді, адам қол жетпейтін нәрсеге жетеді, жол табады.
10. Аю - шалқыған көңіл - ұйымшыл, досы көп болады.
11. Елік - шаттық - рахаттанады, бөленеді.
12. Борсық - күлкі - 69 түрі бар, өмірі жақсы.
13 Қодас - жігер - күшті, қуатты, қайратты.. Ертегіні түсініп рольге бөліп оқу.
-Балалар сіздер қазір осы ертегіні рөльге бөліп, қойылымын көрсеткіңіз келеме?
-Қазір балалар, қай аңның суретін алсаңдар сол аңның оқулықтан сөзін оқып жатқа айтуға даярланып отырыңдар.Сұрақтарға жауап беру
1. Аң патшасы арыстан екендігін ертегінің қай жерінен байқадыңдар?2. Ертегіде қандай аңдар жайлы айтылған?3. Бұлғын не деді?4. Қалай ойлайсың?5. Басқа аңдар бұлғынмен келісті ме?
6. Сенің пікірің? Қорытынды
Оқушылардың білімін тексеру мақсатында сызбаны толтыру.
Мұғалім алдын-ала даярланған күлтелерді гүлдің айналасына орналастыруды сұрайды.
Бұл күлтелердегі сөздер аңдардың көктем сәні дегеніміз не сұрақтарының жауабы.

IY.Сергіту. Ойын: Кім жылдам? Жұмбақ шешу.
Y. Бекіту. 1.Бүгін қандай тақырып өттік?2. Ертегі сіздерге ұнады ма?3. Өзің осы гүлді тағы қандай гүл шоғымен толтырар едің?4. Көктемде тағы қандай өзгерістер болады?5.Аңның әрқайсысының жауабын талда.

YI.Үйге тапсырма 1.Ертегіні оқу, әңгімелеу. 2. Көктем мезгіліне сурет салу.
3.Бағалау, мадақтау «Көктем» тақырыбына шығарма жазып келу.




© 2010-2022