Абай Құнанбаев Жаз 3-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Таласова Алмагүлдің 3 «Ә» сыныбына арналған әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Уақыты: 13.04.2015 дүйсенбі 1-сабақ

Сабақ тақырыбы:

А. Құнанбаев. «Жаз» өлеңі

Жалпы мақсат: Ақын туралы түсінік.Өлеңнің идеялық мазмұнын ашу арқылы жатқа айту,Оқушының есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу тілдерін байыту.

Күтілетін нәтиже:

Ақын туралы түсінік алады.Өлеңнің идеялық мазмұнын ашады.

Есте сақтау,ойлау қабілеттері дамиды,сөйлеу тілдері дамиды

Сілтеме:



  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. Әдебиеттік оқу оқулығы. 3-сынып.

  3. Үлестірмелі материалдар.

4. Мирсейтова СТО

7 модульдің қолданылуы

АКТ", "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық".

Қолданылатын әдіс тәсілдер

Топқа бөлу,бағалау,сұрақ-жауап,талдау,ой қозғау,ойын түрлері

Ресурстар

Флипчарт

Маркерлер

Интербелсенді тақта

Стикерлер

Ноутбук

Жетондар

Тапсырмалар

1-тапсырма

Жеке жұмыс

«Суреттер сөйлейді»

2-тапсырма

Жұптық жұмыс

«Миға шабул»

3-тапсырма

Топтық жұмыс

4-тапсырма

Дәптермен жұмыс

«Түртіп алу стратегиясы»

Бағалау

Рефлексия

Топтық бағалау,жеке бағалау, фармативті бағалау

Білдім,білгім келеді, түсінбедім


Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыт

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын

сұрау

Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін.

Жыл мезгілдерінің суретін құрастыру бойынша

топқа бөлдіремін.

Қалай отыратындықтарын түсіндіремін.

Алтын ереже құрудың жолдарын айтып түсіндіремін.

«Ортадағы қаламсап» стратегиясы .Ортаға оқушылардың қаламсаптарын жинатып, бір қаламсапты аламын. Сол қаламсаптың иесінен үй тапсырмасын сұраймын.

Мұғаліммен сәлемдеседі. Сыныптың топ басшысы жоқтарды айтады.

Топқа бөлінеді.

1-топ «Көктем»

2-топ « Жаз»

3-топ «Күз»

4-топ «Қыс»

Балалар ортаға қаламсаптарын жинайды. Қаламсаптың иесі үйге берілген тапсырманы оқиды.

2-мин



4-мин

Білу

Қызығушылық-

тарын ояту


- Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Оны неден аңғардың?
- Сурет бойынша әңгіме құра.

Әр оқушы жеке жеке жауап береді.

3-мин

Түсіну

Өткен материалдағы білімді еске түсіру үшін, диалог арқылы сұрақ- жауап сәтін өткізу. - Сендер, жаз мезгілі туралы осылай суреттейді екенсіңдер. Ал, енді Абай атамыз қалай суреттеген
екен? Өлеңді оқымас бұрын Абай атамыз туралы білетіндерімізді есімізге түсірейік.

- Әр топтан бір оқушыдан айтады.

5-мин

Қолдану

- Бүгінгі сабағымызда Абай суреттеген «Жаз» өлеңімен танысамыз.
1 - топ Өлеңді мәнерлеп оқу немесе жаттау
2 - топ Жаз туралы эссе

3 - топ Тақырыпқа байланысты сурет салу

4 - топ жаз туралы мақал-мәтелдер айтады.

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап ортаға топтан оқушы шығып, тапсырманы постер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді, тақырыпты жинақтайды.

10мин

Сергіту сәті

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Интербелсеңді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды.

2мин

Талдау

(Маған таныс емес) деген сөздің астын сызу.

- Сөздік жұмысы.
Күркіреп - өзеннің ағып жатқандағы дыбысы
Шұрқырап - кісінейді
Шалғын - жайылым немесе қалың шөп
Жоны - арқасы
Ыңқылдап - тойынғанның белгісі

Өлеңде таныс емес сөздердің астын сызып шығып, мұғаліммен сұрайды.

5мин

Жинақтау

Осы көрсетелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты сұрақтар беру, өз беттерінше дайындық жасату.

Берілген тапсырманы орындайды. Сұрақтарға жауап береді.

7мин

Бағалау

Оқушыларды формативті және жиынтық бағалау.Топтағы белсенді оқушыларға жалаушалар беріледі.Алған жалаушалар түсіне қарап бағаланады.Қызыл түс-«3», сары түс-«4», көк түс- «5»

Жалаушалар арқылы қойылған бағаларын есептейді

3мин

Үйге тапсырма:

Өлеңді жаттау.Жаз мезгілінің суретін салу

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

2мин

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазады.

2мин



© 2010-2022