«Желбіршек дайындау» көркем еңбек сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат zip
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:










«Желбіршек дайындау» көркем еңбек сабақ жоспары

Тақырыбы: «Желбіршек дайындау» Көркем еңбек




Орындаған:Сайранбекова Шырайлым









Сабақтың тақырыбы: «Желбіршек дайындау» Көркем еңбек

Сыныбы:3-сынып

Сабақтың мақсаты:

1. Желбір, желбіршек туралы түсінік беріп, олардың айырмашылығын ажыраттыру.

2.Желбір мен желбіршектің өмірде қолданылуы.

3.Матамен, таспамен жұмыс жасауға баулу.

4.Желбір мен желбіршектің ұлттық киімдерде кездесетіні, оның мағынасы туралы түсінік беру.

5. Қажетті құралдарды дұрыс пайдалануға баулу.

Сабақтың түрі: Іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы.

Сабақтың әдісі: Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйенің педагогикалық технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі:1.Көркем еңбекке қажет құралдар.

(мата, таспа, инелер)

2.Оларды пайдалану қауіпсіздігі.

3.Желбірдің қолданылатын

4. Тігу тәсілі.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру:

ІІ.Кіріспе бөлім: (өткен сабақ пен жаңа сабақ байланысын әңгімелеу)

А) Желбір тігу туралы оқушыға айтқызу.

Ә) Желбіршек, оның дайындалуы туралы әңгімелеу. Оның тігілу рет - тәртібі:

1. Таспаның өз бетіне тігістің орнын белгілеу.Таспаның ұзындығы бұйымнан екі есе ұзын болу керек.

2. Таспаның неі 4-5см болады,оның дәл ортасына екі тігіс жүргіземіз.

3Таспаның жіптерін тартып бүріп, бұйымға көктеп тігеміз.

Көктеу тігісі қатар тігісінің дәл ортасында орналасуы қажет.

4. Желбіршектің ортасындағы тігісі жіңішке таспамен бастыра тігіп, әшекелеуге де болады.

Б) Желбіршек қайда қолданылады?

«Желбіршек дайындау» көркем еңбек сабақ жоспары«Желбіршек дайындау» көркем еңбек сабақ жоспары

Киімдерде көпшікте сөмкелерде жапқыштарда

ІІІ. Жаңа сабақ бойынша жұмыс.

Желбіршек дайындау

Деңгейлік тапсырмалар

І - деңгейлік тапсырма:

- Таспаға тігіс орнын белгілеу

- Таспа ортасына екі тігіс жүргізу

ІІ - деңгейлік тапсырма:

Таспа жіптерін тартып, бүріп, қысқарту.

Оны бұйымға инемен бекіту.

ІІІ- деңгейлік тапсырма:

-Бұйымға тігу, көктеп тігу, аяқтау.

Шығармашылық тапсырма:

«Бұл бұйымдарға желбіршек салуға болады ма? Соны көрсет»

Деңгейлік тапсырмаларды орындау кезіндегі істелетін жұмыстар:

Бағалау бетшесі. Әр тапсырмада әр оқушы баллдық жүйемен бағаланады.

Даму мониторингісі:

Әр оқушы деңгейлік тапсырманы болған сайын магнитін көрсетеді.

Шығармашылық тапсырма әр оқушыға жеке беріледі

Қорытынды:

А)Жасалған жұмыстардан көрме ұйымдастыру.

Ә) Бағалау бетшесін таныстыру.

Б) Даму мониторингісі бойынша әңгімелеу.


© 2010-2022