Зат есім 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Зат есім 2 сыныпЗат есім 2 сыныпЗат есім 2 сыныпЗат есім 2 сынып2 «В» сыныбына арналған қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Мұғалімнің аты-жөні

Сурамисова Э

Ж.Мырзағалиев орта мектебі

Күні: 06.02.2014

Сыныбы 2 «В»

2 сабақ

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

«Зат есім»

Сілтеме

Балтабаева Ж.Қ,Солтанғазина М.Қ,Лекерова Ф.С. «Алматыкітап баспасы» 2-сынып 2013 жыл

Жалпы мақсаттар

Оқушыларға зат есім туралы түсінік беру,жинақтау,одан әрі білімдерін тереңдету.Зат есімнің сөйлеу процесінде ерекше орын алатынын ұғындыру;зат есімнің сөз табы ретінде атқаратын рөлі мен мәнін ашу;Дұрыс сөйлем құра білу,осы білімдерін күнделікті өмірде тілдік қарым-қатынас жасау кезінде дұрыс пайдалана білуге үйрету.

Оқыту нәтижесі

Зат есімдерге сұрақ қоя біледі;Сөйлем ішінен заттың атын білдіретін сөзді таба алады;Жаттығуларға талдау жасай алады;Топта пікірлесіп ортақ шешімге келуге дағдыланады;Жұмыс түрлерін орындау арқылы зат есімнің ережесін өзі қорытындылап айта біледі;

Негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену, білетінімен бөлісу ықпал жасау.

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға жағдай туғызу.

Оқыту тәсілдері

Сұрақ-жауап,топпен жұмыс,талдау, «Жадыны дамытуға арналған әдіс», «Сөздер банкісі»,«Бағдаршам»

Кейінгі тапсырмалар

5-жаттығу

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Уа

қыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Оқушылардың назарын сабаққа аудару;

Көңіл-күйлерін байқау;

Өткен тақырып бойынша білімдерін анықтау;

Тест тапсырмаларын қадағалап,пысықтау;



Берілген тапсырмалардың дұрыс-бұрыстығын анықтау


Жаңа сабақ бойынша түсінік беру

Ережемен таныстыру;Сөздерге сұрақ қоюға дағдыландыру

Топқа бөлу

Оқулық бойынша жұмыс жүргізу

Топтық тапсырмалар ұсыну

Топтық жұмыстарда оқушылардың білімдерін,тапсырмалардың орындалуын анықтау

Жадыны дамытуға арналған ойын жүргізіп,есте сақтау қабілеттерін анықтау

«Сөздер банкісін ұсынып,берілген сөздерден зат есімдерді теріп жазуды әр оқушыға ұсыну

Әр оқушының алып отқан білімін анықтау

Сергіту сәтін ұйымдастыру

З топқа сурет ұсынып,сөйлем құрату;Ішінен зат есімдерді тауып,сұрақ қойдырту

Бүгінгі сабақтан алған білімдері жөнінде сұхбаттасу

Үйге тапсырма беріп,бағдаршам әдісі бойынша бағалату

3

мин

2

Мин





7

мин

3

мин

5мин

3

мин

5

мин

2

мин

5

мин

2

мин5

Мин

2

Мин

1мин

1.Ұйымдастыру

Оқушылардың көңіл-күйлерін анықтау

2.Өткенді пысықтау

Сөз таптары

Зат есім

етістік

Сын есім

Сан есім

Зат есім 2 сынып

1-топ

  • 1.-шы,-ші жұрнақтарымен туынды сөз жасаңдар.

  • а)жыр,күй

  • ә) тау, сән

  • б) көңіл,тәрбие

  • 2.Жұрнақ деген не?

  • а)Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша.

  • ә)Сөз мағынасын білдіретін қосымша

  • б)Сөз мағынасын өзгертетін қосымша

  • 3.Жалғау деген не?

  • а)Сөзбен сөзді байланыстыратын қосымша

  • ә)Сөз мағынасын білдіретін қосымша

  • б)Сөз мағынасын өзгертетін қосымша.

  • 1-а 2-б 3-а

2-топ1. Мақалдарды аяқтау.

  • Оқу білім бұлағы-

  • а) елдің сәні -білім

  • ә) тамаша сауық

  • б) білім -өмір шырағы.

2. Ата ... сыншы

  • а) дәрігерге

ә)оқушыға

б) балаға

3. Жақсы туса-ел ырысы ... жауса-жер ырысы.

а) қар

ә) жаңбыр

б) бұршақ

1-б 2-б 3-ә

3-топКеректі сөздерді пайдаланып, "Туған жер" тақырыбына өлең шумақтарын жазу.

  • Төскейден ... еседі,

  • Төбемнен ... көшеді.

  • ... жерім мен үшін

  • ... майсасын төседі.

  • (жел,көк,туған,бұлт)

  • 1-жел, 2-бұлт, 3-туған, 4-көк

Зат есім 2 сынып

3)Тақырыпты анықтау

4).Жаңа сабақ

Зат есім

Ой шақыру

Зат дегеніміз не?

Есім дегеніміз не?

Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.Зат есімдерге кім? кімдер?не?нелер? деген сұрақтар қойылады.

6).Оқулықпен жұмыс

Топпен жұмыс

1-жаттығу. Сөздерді оқып, кім?не?

сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жаз.

Биік,ұқыпты,ұшқыш,алмұрт,күшті,қызғалдақ,

әдемі,әкелді,қайшы,келді,суретші.

1-топ:2-жаттығу.Суреттегі бейнеленген заттардың атауын жаз.Сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыр.

Зат есім 2 сыныпЗат есім 2 сыныпЗат есім 2 сынып

2-топ:3-жаттығу.Кім?не?сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі қатарға бөліп жаз.

Торғай,дәрігер,дала,оқушы,кеме,биші,өзен,зейнеткер.

3-топ:4-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.Зат есімдерді тауып,сұрақ қой.

1.Азамат компьютерді үйренді.2.Дариға домбыра тартты.3.Айнұр ертең келеді.4.Тамақ пісіп тұр.5.Жаңа туған сәбиге Мағжан деп ат қойды

7)Тақырыптық түйінді сөздер.

(Берілген бірнеше сөздердің ішінен зат есімдерді теріп жазуды ұсыну)

Зат есім 2 сынып

8).Сергіту сәті:

9).Жадыны дамыту.Оқушылар тақтада көрініп тұрған суреттерді атап,есте сақтап алады.Суреттер жабылған соң,оқушы ойында қалғанын жазады.

Зат есім 2 сынып

10).Сұхбаттасу

Сабақтың мақсатына жеттік пе?

Сабақта не ұнады?

Қандай тапсырмалар қиынырақ болды?

Қай тапсырма ең ең жеңіл болды?

12)Үйге:5-жаттығу

Бағдаршам әдісі

Зат есім 2 сынып13)Бағалау

Оқушылар смайликтер арқылы көңіл-күйлерін білдіреді

Өткен тақырыпты талқылайды

Берілген тест тапсырмасын өздіктерінен орындайды

Тест жауаптарын анықтап тексереді,қорытындылайды

Тақтада берілген сөздерді сұрақтарға сәйкестендіріп орнына қояды.

Берілген сандардағы әріптерді тауып,тақырыпты анықтайды.

Жаңа сабақ бойынша мағлұмат алады

Заттың атауын атап,сұрақ қоюға машықтанады.

Топқа бөлінеді

Ұсынылған тапсырмалар бойынша жұмыстанады.

Оқулық бойынша жұмыс жасайды

Топтық тапсырмаларды әр топ өзінше талқылайдыорындайды



Тақтада берілген суреттерді есте сақтап,қағазға түсіреді.


Сергіту сәті орындалады

Әр топ берілген суреттерден сөйлем құрайды.Зат есімдерді тауып,сұрақ қояды

Бүгінгі сабақ бойынша бір-бірімен пікірлеседі

Әр топ оқушылары өз-өздерін бағалап,3-ке бағалағандар сары түске,4-ке бағалағандар қызыл түске,5-ке бағалағандар жасыл түске жапсырады.




© 2010-2022