Сәлем-сөздің анасы атты тәрбие сағаты/3-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Сәлем- сөздің анасы»

Мақсаты:

  • Оқушыларды әдептілікке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу. Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру;

  • Халықтың салт-дәстүрімен таныстырып, өз халқының дәстүрі мен салтын, мәдениетін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, бойларына сіңіру;

  • Оқушыларға қазақ халқының сәлем беру, сәлем алу, сәлемдесу рәсімдерін айту арқылы «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты нақыл сөз негізінде тәрбие беру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, әдеби монтаж.

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, «Сәлемдесу - әдептілік белгісі», «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты қабырға газеттер. Оқушылар шығармашылығынан көрме.

І. Ұйымдастыру бөлімі

Мұғалім: Халықтық педагогика - кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар, шешен билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы болып табылады. Ол болашақ ұрпақты өмір сүруге тәрбиелейтін тәрбие кітабы. Тәрбие тамыры қазақ халқының қаны мен жанында.

Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың «Сәлем - сөздің анасы» деп аталуы тәрбие көзі сәлемнен басталатынын балаларға түсіндіру болмақ. Оның ішінде ең адамға керектісі ата дәстүрі деп ойлаймын. Сәлем беру, сәлем алу сияқты қасиетті сөздермен танысып, оның мән-мағынасын жете ұғыну болып табылады.

1-оқушы: Сәлемдесу- әдептілік белгісі.

2-оқушы: Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты көптеген түрлері бар.

3-оқушы: Сәлемдесу - кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі. Бір-біріне аман-саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіру, әдептілік пен ізеттілік нышанын көрсетіп, жақсылыққа жарылқауы.

4-оқушы: Әрбір адам «қайырлы таң» , «қайырлы күн» , «қайырлы кеш» деген сөздерді амандасуға қосып, тәуліктің үш мезгілінде де бір-бірімен ақ жарқын амандасуға тиіс.

5-оқушы: Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады.

6-оқушы: Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не болмаса қол беріп амандасады.

7-оқушы: Сәлем беруде кездесушілер бір-біріне «сәлем» деп қолымен ишарат етсе, ол қазақ халқының әдептілік ишаратына сәйкес келмейді. Ондай сәлемдесу көбінесе Еуропа халықтарында кездеседі.

8-оқушы: Үлкен адамға сәлем беру - кіші адамның міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді» деген әдеп бар.

9-оқушы: Жасының үлкендігін міндет етпей, алыс жол жүріп келген немесе ауылға алғаш рет ат басын тіреген адамға үлкен адамдар өзі келіп сәлем береді.

ІІ. Мақал - мәтелдер айтысы.

«Көргенді бала алыстан сәлем береді.»

«Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді.»

«Сәлемдесудің артығы жоқ.»

«Әдебі жақсының-сәлемі жақсы.»

«Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы.»

«Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені.»

«Сәлем берген саулық алады.»

«Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді.»

10-оқушы: Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі жасқа, үлкен-кішіге байланысты емес.

11-оқушы: Халқымызда ақсақалды атаны, ақ жаулықты ананы, ақ шашты әжені, жалпы үлкенді сыйлап, алдынан қия өтпеу - ата дәстүріміз.

13-оқушы: Қарттарға амандасудың қарапайым түрінде қаншама мейірім, қамқорлық, әдемі жарастық жатыр.

ІІІ. Көрініс көрсету.

1. Қарт ата мен жас жігіттің сәлемдесуі.

2. Әже мен қыз баланың сәлемдесуі.

14-оқушы: Кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік болып саналады.

15-оқушы: Сәлем беру - амандық, инабаттылық, көргенділік және мәдениеттілік белгісі.

16-оқушы: Қазақ халқында егер үлкен кісі кездессе, оны таныса да, танымаса да, кіші адам оған сәлем беруге міндетті, ол әдептіліктің бір белгісі ретінде қалыптасқан дәстүр.

17-оқушы: Ертеде ауыл сыртында отырған қарияға ат үстінде келе жатқан адам арқан бойы жақындағанда, аттан түсіп, айрықша құрметтеп сәлем беретін болған.

18-оқушы: Соңғы қалыптасқан дәстүр бойынша сәлемдесуші не сәлем беруші қол алысып амандасады, ұзақ уақыт көріспегенде қауышып, құшақтасып амандасады.

19-оқушы: Сәлемдескенде, сәлем бергенде әркім дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, қоңыр дауыспен, сыйласымдылық үнмен, аптықпай, салмақпен, әдеппен сөйлеу керек.

Мұғалім: «Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені», деп халқымыз бекер айтпаған.

«Не деу керек?»

Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін, жақсысын,

Саған таңдап әперді.

- Не деп барып жеу керек? Бәрі: «Рахмет!»

Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу-айқай.

Сен де шықтың көршіңді,

Қағып кеттің байқамай.

- Мұндайда не деу керек? «Кешіріңіз!»

Әжең сенің түскі асқа,

Қант-кәмпит салды мол.

Жұрттан бұрын ыдысқа,

Өз бетіңмен салдың қол.

- Жөн еді не айтқаның? «Рұқсат па?»

Осы келген бетіңде

Допты қудың, жарыстың.

Көшенің сол шетінде

Кезікті бір танысың.

Не деу керек? «Сәлеметсіз бе?»


ІҮ. Қорытынды

Көп жасаған қария Ата салты - ардақты,

Ақылы теңіз - дария. Әрбір сөзі - салмақты

Көп өнеге сөзі бар Сол сөздерді ұқпасаң,

Сөзі соқпақ, өзі нәр. Тістерсің бір күні бармақты.

Мақал-мәтелдерге түсінік беру:


  • «Алыстан сәлем - береді, әдепті елдің баласы.»


  • «Сәлем - әдептіліктің белгісі.»


  • «Үлкенге құрмет - кішіге міндет.»

Мұғалім: «Сөз саласын табу қиын емес, Анасын табу қиын», - деп Жамбыл атамыз айтқан екен. Ендеше, «Сәлем - сөздің анасы, білгені жөн әр қазақтың баласы» дей келе,тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


© 2010-2022