Сабыр түбі - сары алтын

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Сабыр түбі- сары алтын

Мақсаты: Оқушылардың «сабырлылық», «ұстамдылық» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Құндылық: Ұстамдылыққа, сабырлылыққа, ізеттілікке.

Сапалары: Жағымды қарым-қатынас жасауын дамыту.

Міндеттері:

- сабырлы, ұстамды болудың маңыздылығын түсіндіру;

- жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту ;

- ізеттілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Дәстүрлі.

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, эвристикалық сұрақтар, әңгіме, миға шабуыл, сахналау, тыныштық сәті.

Көрнекі құралдар: Слайд, үнтаспа, оқулық, бетперде, дәптер.

Кезеңдері

Өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі

(1 минут)

Тыныштық сәті

( 1 минут)

Үй тапсырмасы

( минут)

Дәйексөз

(3 минут)



Әңгімелесу

(3 минут)



Мәтінмен жұмыс

( 2 минут )





Сұрақ жауап

(3 минут)



Сахналау

( 3 минут )











Шығармашылық жұмыс (5минут)

Дәптермен жұмыс

(6минут)

Топпен ән айту

( 2 минут )

Үйге тапсырма

(1 минут )

Позитивті күйге келу

(1 минут )

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі өзін өзі тану мен Алиева Ұлзира Құдайбергенқызы .

-Балалар, денелеріңді түзу ұстап , бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын Сезініңдер.ал енді көздеріңді ашыңдар.

-Оқушылар сендерге үйге қандай тапсырма беріліп еді?

Оқушылар бәріміз назарымызды тақтаға аударайық. Тақтада дәйексөз берілген.

«Асығыс түбі өкініш , ойланып алмақ - сабыр сол»

-Сендер осы Абай аталарыңның сөзін қалай түсінесіңдер?(асығыс әс жасауға болмайтыны жөнінде, сабырлы болуға шақырып жатыр)

-Сабыр дегеніміз не?

- Сабырсыздық адамды орынсыз ашыландырады.Ал орынсыз ашу асығыстыққа жол береді.асығып қабылданған шешім , сөздер барлық барлық уақытта оң бола бермейді.ондай жағадайда ақылға салып ,ашыға берілмей ойланып алу сабырлықты білдіреді.сондықтан да дана Абай аталарың «асығыс түбі -өкініш , ойланып алмақ -сабыр сол» айтқан болатын.

-Сонымен балалар бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз: «Сабыр түбі - сары алтын» деп аталады бұл сабақта сендермен сабырлылық, шыдамдылық ұғымдарымен танысатын боламыз.

-Оқушылар сендер сабырлы болу дегенді қалай түсінесіңдер? (шыдамды болу, кез-келген істің артын сабырлықпен күту керек)

-Өздеріңнің сабырлылық танытқан кездерін болды ма?

-Жақсы, балалар! (Сабыр ұғымының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырамын ).

Оқушы әңгімелеп береді.

Асыл шөп

Ы.Алтынсарин

Зылиқа мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға сатуға келе жатыптымыс. Зылиқа аhлап-уhлеп, шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатыпты. Сонда Зылиқа айтыпты:

-Сен неге мәз болып қуанып келесің? Төбеңдегі жәшіктің ауырлығы да менің басымдағыдан кем емес. Өзің де менен күшті емессің.

-Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір асыл шөп салдым, - депті Бәтима.

- Ай, ондай болса, шөбіңнің атын айтшы, мен де жүгімді жеңілдетейін, - депті Зылиқа.

- Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, ал іздегің келсе, аты « сабыр» деген, - депті Бәтима.

(Оқушылардың ол туралы пікірлерін білу үшін сұрақтар қоямын)

-«Асыл шөп » мәтінінде қандай кейіпкерлер бар? (Зылиқа, Бәтима)

-Олар не істеп жүрді? ( жеміс-жедек сатуға бара жатыр)

-Бәтиманың көңілді жүруінің себебі недеп ойлайсыңдар?

( Төбеңдегі жәшіктің ауырлығы да менің басымдағыдан кем емес. Өзің де менен күшті емессің)

-Сендердің ойларыңша сабырлы адам қандай болады?(шыдамды, байсалды, төзімді адамды айтамыз)

-Бәтиманың жәшігінде не болды? (асыл шөп)

-Зылиқаның «сабыр» атты шөпті таба алуы мүмкін бе?(Сабырлы адам әр уақытта да төзімділік көрсетіп, шыдамдылық танытады. Бәтиманың бойында сабырлылық болғандықтан , қиналмайды, ашуланбайды.Зылиқа ақылға жүгінсе,қиындыққа төзе білсе «сабыр» деген шөпті табуы мүмкін)

-Ал, қазір біз сабырлылыққа байланысты «Егінші мен қасқыр» ертегісін сахналаймыз.

Егінші таң сәріден егін орып, шаңқай түсте демалады. Аздап тыныққан соң, қолынан нан алып, жей бастады. Дәл сол кезде бір үлкен қасқыр егіншінің қасына келіп:

Қасқыр: - Адам не жеп отырсың?- деп сұрады.

Егінші: - Нан.

Қасқыр: - Мағанда наннан берші?

Егінші наннан бір үзіп алды да, қасқырға берді. Нан қасқырға ұнады. Сондықтан да ол егіншіге мынадай тілек білдірді:

Қасқыр: - Сенің тамағын дәмді екен. Менің де күн сайын осындай тамақ жегім келеді. Сен маған оны табудың долын үйретші...

Егінші: - Алдымен жер дыртасың, сонан соң тырмалайсың, - деді.

Қасқыр: - Содан соң нан болама?

Егінші: - Жоқ, жерді жыртып, тырмалап боласың да, тұқымды әзірлейсің, себесің. Ол көктемде көгеріп, жер бетіне шығады, ал жаз ортасында піседі.

Қасқыр: - Содан соң нанды жеуге болама?

Егінші: - Қайда әлі! Бидайды орып, оны баулау керек. Содан кейін қырманға апарып, маялау керек.

Қасқыр: - сонда нан бола ма?! Қасқыр айқайлап жіберді.

Егінші: - Жоқ, бидайды жиып алып, бастыру керек. Одан кейін диірменге апарып, ұн ғып тарту керек.

Қасқыр: - Сонда жеуге бола ма?

Егінші: - Жоқ әлі! Қамыр ашытып, оны илеп, пісіру керек...

Қасқыр: - Сонда нан бола ма?

Егінші: - Иә, сонда нан болып, жеуге жарайды. -деді егінші.

Шыдамы таусылған қасқыр:

  • Бұл өте ауыр әрі көп уақыт кететін жұмыс екен. Мұны кәсіп етпей-ақ қояйын деді.

-Қасқыр неліктен нан тауып жеуден бас тартты? (нанды табудың жолы қиын болғандықтан)

-Саған қандай кейіпкер ұнады?(егінші)

-Неліктен? Неге? (ол еңбекқор, шыдамды, сабырлы)

-Сендердің де сабырсыздық таңытқан кездерін болды ма? Ондай кезде қандай көңіл-күйде боласыңдар?

-Өздеріңді қалай сезінесіңдер?

Ал, ол қылықтарды жою үшін не істейсіңдер?

-Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топқа әртүрлі тапсырмалар беріледі.

  1. Топқа: ребус құрастыру;

  2. Топқа : сөзжұмбақ құрастыру ;

  3. Топқа: мақал шығарып жазу

Сабақта айтылған ойлар пысықтала түсу үшін оқушылар дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

Ребусты шешіңдер. (Ақылдың сабы серігі)

Дәптерде берілген сұрақтарға өз ойларыңнан жауаптар жазыңдар.

  • Қандай жағдайларда сабырлылық таныту қажет?

  • Өзіңді сабырлы адамға жатқызасың ба?

  • Оқушылар бәріміз

-Балалар, қазір біз барлығымыз қосылып топпен ән орындаймыз.

Сабырлылық, шыдамдылық туралы айтқан қазақ ақындарының сөздерін жаттап келу.

Көздерімізді жұмамыз. Қолдарыңды жүрек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көріңдерші. Сендердің жүректерің мейірімге, қайырымдылыққа , махаббатқа, сүйіспеншілікке толы. Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады. Қандай жағдай да болса да әрқашан төзімді, сабырлы, шыдамды бола білейік. Өзімізге деген сенімділікті жоғалтпайық. Енді осы жүректен алған жылуымызды түсіріп алмайтындай қимылмен бір біріміздің қолымызды қысайық, осылайша жүрек жылуын бір бірімізбен бөлісейік!

-Сендерге бүгінгі сабақ үшін рахмет.

-Сабақ аяқталды.

-Сау болыңдар!

Мұғалім: Нұрмағамбетова Ғ.А

Әдіскер: Тұрағұлова Б.Т



© 2010-2022