Мұғалімнің оқушылармен және ата-аналармен

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныпқа педагогикалық психологиялық сипаттама 2012-2013 оқу жылын 21 оқушымен бастадық.Олардың 7-і ұл бала,14-і қыз бала.Жыл бойына сыныпта тәрбие жұмысы жоспарға сай жүргізілді.Оқушыларға әлеуметтік зерттеулер жүргізе отырып,жағдайлары анықталды.Оқушыларға мектеп ережелерін таныстырып түсіндірілді.Мектеп формасын сақтау,күнделікті,оқулықты таза ұстау,мектеп заңына бағыну,жол,өрт,су,адам қауіпсіздігі жіне оларды қорғау шараларын үнемі есте сақтау керектігін айтылды. Сыныптың ата-аналары мектеппен жиі байланысып,пікірлесіп,сабақтарға қатысып тұрды.Тапсырылғын жұмыстарды ата-аналар комитеті тыңғылықты орындап отырды. Сынып оқушыларының тәрбиелік деңгейлері жақсы.Өрескел тәртіпсіздік жасаған,себепсіз сабақты көп қалдырған,ерекше бақылауды қажет ететін балалар болған жоқ. Жыл ішінде сыныпта көптеген тәрбие шаралары жүргізілді. «Ел рәміздері-еркіндік нышаны», «Әдептілік әліппесі», «Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы,ерінбе», «Адамгершілік-ардың ісі»т.б көптеген сынып сағаттары өткізілді.Әр сынып сағатына оқушылар үлкен дайындықпен келді.Үнемі белсенділікпен көзге түскен оқушыларды атауға болады.Олар:Маратова Р,Шынтас Ж,Жақсылық Д,Абдығалиев Р,Өмірболатова А,т.б. «Туған тілім-тірегім», «Соғып тұрған-жүрегім» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.Оқушылар үлкен дайындықпен келіп,белсенділікпен,қызығу- шылықпен қатысты.Өз пікірлерін ортаға салды.Тәрбие сағаты өз дәрежесінде жақсы өтті.Оқушылар көптеген байқауларға жарыстарға қатысып,жүлделі орынға ие болды. «Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына» орай сынып аралық ұл балалар арасында футбол ойыны өткізіліп,қорытындысында ІІ орын иеленді. «Мұқағали-менің мұңды әуенім»атты өлеңдерін жатқа айтудан байқау болды.Оған Маратова Р,Шынтас Ж қатысып ІІ орын «Диплом» марапатталды. «Мен қуыршақ Барбимын» сайысына Өмірболатова А қатысып ІІ орын алды. «Ерте,ерте,ертеде» әжелер сайысына сыныбымыздағы Амангелді А.әжесі қатысып өзінің тамаша ойлы сөздерін ортаға салып,өз өнерін көрсетті.ІІ орын «Дипломмен» марапатталды. Мектепішілік олимпиадаға 6 оқушы қатысып,5 оқушы жүлделі орын иеленді.Абдығалиев Р. І-орын (мат),Окташева Г. І-орын ана тілі,Маратова Р,Багиева Д,Әбужар Д. ІІ орын алды. Екі оқушым аудандық аудандық олимпиадаға қатысып Абдығалиев Р (мат),Окташева Г (ана тілі) нәтижесінде ІІ орын алып «Дипломмен» марапатталды. «Жас қыранға»7 оқушы қабылданды. «Кәусар бұлақ»байқауына 4 оқушы қатысып,олар Окташева Г. ІІ орын,Маратова Р. ІІ орын,Құрманбаев Н. ІІІ орын,Жақсылық Д. «зерек оқушы» атағымен марапатталды. «Бояулар сыры» сурет сайысына 6 оқушы қатысып,бәріде «Мақтау қағазы», «Алғыс хатпен» (І,ІІ,ІІІ орынға ие болды)марапатталды. Аудандық ғылыми жобаға Маратова Р,Шынтас Ж қатысып,өздерінің өзекті тақырыптарын қорғап,ІІІ орын «Дипломмен» марапатталды. «Фото бәйге» байқауына Әбужар Д,Жақсылық Д,Қиблаева Қ,Айдынғалиева Ж қатысып,өздерінің жұмыстарын көрсете білді.Жыл қорытындысында сыныбым ІІ орынға ие болып марапатталды. Биылғы оқу жылында көптеген тәрбиеліік мәні бар зор шаралар жоспарланды.Алдағы жұмысты жоспарға сай оқушылар,ата-аналар,ұстаздармен бірлескен түрде атқарамыз.

© 2010-2022