Ашық сабақ Зат есім (2класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Зат есім туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға зат есім туралы түсінік беру. Зат есімді сөйлем ішінен тауып, оған сұрақ қоя білуге үйрету.

2. Зат есімнің ерекшеліктерін меңгерте отырып, өздік жұмыс істеу және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, талдау, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, электронды оқулық, плакаттар.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық

Қатар қатар тізіліп,

Оқушыға лайық.

Қолымызды жіберіп,

Түп- түзу боп тұрайық.

Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау сәніміз.

Отыруға нақпа-нақ,

Дайындалып бәріміз.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

327-жаттығу, 120 бет.

ІІІ. Жаңа сабақ

Сөзжұмбақ шешу: «Зат есім»

1.Үй құсы (қаз)

2.Киіз үйдің бір сүйегі (шаңырақ)

3. Үй жануары (Түйе)

4.Үй құрылысына керек зат (шеге)

5.Үй жиһазы (сандық)

6.Дала қыраны (бүркіт)

7. Ұлттық аспап (домбыра)

-Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Зат есім.

  • Білесіңдер кім? Не? сұрағын,

Сөйлемдегі ой иесі боламын. (Зат есім)

Қорытынды: Заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейді. Зат есімдерге кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылады.Мысалы: әншілер, адам, кеме, ағаштар.

Адамға қатысты сөздерге кім? кімдер? деген сұрақ қойылады. Мысалы: мұғалім(кім?), оқушылар(кімдер?).

Ал, жануарлар мен заттарға не? нелер? деген сұрақ қойылады. Мысалы: парта, тақта, дәптер(не?), кітаптар, құстар(нелер?).

Қызығушылығын ояту.(1 слайд) Суреттерге қарап сұрақ қою.

- Балалар сендер өскенде кім боласыңдар?

- Ендеше сендерге жұмбақ, осы жұмбақты шешсеңдер сол мамандық иесі бізге қонаққа келеді. Жай келмейді тапсырмаларымен келеді. - - Орындауға тырысасыңдар ма?

  • Жұмбақ жасыру, ұстаз, мұғалім туралы.

Шәкіртке жанашыр,

Мейірман кім, жаны асыл? (Мұғалім)

Мұғалімнің тапсырмасы: (2 слайд)

328 -жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Зат есімдерді тап. Зат есімдерге сұрақ қой.

Абайдың қандай өлеңдерін білесің?

Дәптермен жұмыс: Күн ретін, көркем жазу жазу.

Ақпанның тоғызы

Класс жұмысы

З з

Зымыран Зере қағаз сызғыш көз

Абай-қазақ халқының ұлы ақыны. Ол халықты оқуға, білім, өнер үйренуге шақырды. Ақын өтірікші, жалқау, мақтаншақтарды жек көрді. Жастардың білімді болуын аңсады.

  • Жұмбақ жасыру, дәрігер туралы.

Ақ халатты киемін

Аппақ болып жүремін.
Аппақ болып жүргенді.
Кәрі әжемді емдеймін
Көп-көп ішіп дәріні
Кәрілікті жең деймін. (Дәрігер)

Дәрігердің тапсырмасы: (3-слайд)

  • Жұмбақ жасыру, балықшы туралы.

Айдында жүзеді,

Тірі күміс сүзеді.(Балықшы)

Балықшының тапсырмасы : (4- слайд)

329- жаттығу. Көп нүктенің орнына кім ? сұрағына жауап беретін сөздер тауып жаз.

....лер

....дер

....тар

(Дәрігерлер, шахтерлер, зергерлер, мұғалімдер,әншілер, ұшқыштар, сыныптастар, құрдастар.)

Адасқан суреттерді орнына қой. (5-слайд)

  • Жұмбақ жасыру, тігінші туралы.

Өрнектеп, сәндеп.

Тігістерін бүгетін.

Солпысын жөндеп,

Кім көйлек тігетін. (Тігінші)

Тігіншінің тапсырмасы: (6-слайд)

Сергіту сәті: «Ақ қар» ойыны

(Әуен ойналып тұрады, оқушылар бір-біріне жақсы сөздер жазып лақтырады, оқиды.)

IV.Жаңа сабақты бекіту.

330- жаттығу. Суреттегі аң құстардың аттарын қатыстырып сөйлемдер құра. (Шығармашылық тапсырма)

Үкі, түлкі, бұғы.

(Қосымша мәлімет)Үкі - негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. Ұясын жасыруға болатын жерге салады. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Дене мөлшеріне қарай 2-12-ге дейін жұмыртқа басады.

Түлкі - жыртқыштар отрядының ит тұқымдасына жататын аң. Түсі жирен, сұрғылт сары. Құлағының сырты қара не қара қоңыр, құйрығы ұзын (ұзындығы 60 см-дей), қысқа сирақты. Жүні тығыз әрі жұмсақ. Селдір орманды ашық жерлерді, өзен-көл жағалауларын, аңыз, тау баурайларын мекендейді. Күндіз інінде жатып, түнге қарай қорегін іздейді. Әдетте ұсақ жәндіктермен, көбінесе тышқандармен қоректенеді, қорегінің құрамында 300-ден астам жәндік пен ондаған өсімдік түрлері болады.

Бұғылар, бітеумүйізділер- жұптұяқтылар отрядына жататын жануарлар тұқымдасы. Бұғының отыз түрі бес тұқымдас тармағына бөлінеді: Бұғылардың көпшілігі орташа немесе ірі денелі, сымбатты келеді. Барлық түрінің дерлік (су бұғысын қоспағанда) еркегінің тармақтанған сүйекті, қуыс мүйізі болады.

  • Бұлар немен қоректенеді?

  • Осыларға қатысты қандай ертегілер білесіңдер?

  • Қандай өлеңдер білесіңдер?

  • Жұмбақ жасыру, музыкант туралы.

Екі шекпен күмбірлетіп,

Көңіл сазын сапырады,

Тұлпар шабыс дүмбірлетіп,

Желпіндіріп отырады.( Музыкант, күйші)

Музыканттың тапсырмасы: (8-слайд)

331- жаттығу. Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді кімдер? сұрағына жауап беретін сөздерге айналдырып айт. Неліктен кімдер? сұрағын қойғаныңды дәлелде.

Ұста, зергер, жазушылар, дәрігерлер.

  • Жұмбақ жасыру, суретші туралы.

Адамның жүзін,

Басы мен көзін,

Айнытпай келбетін,

Салатын кім суретін? (Суретші)

Суретшінің тапсырмасы: (10-слайд)

  • Бізге суретші ағайымыз жай келмей өзімен мынандай геометриялық фигуралардың суреттерін алып келіпті, бірақ аяқталмаған, осы суреттерді аяқтауға көмек берейік пе?

Үлкен плакатка салынған кез келген геометриялық фигуралардың суреттерді ары қарай жалғастырып бір зат шығару. Сол суреттерге қарап әңгіме құрау және ең жақсысын таңдау.

V. Қорытындылау.

-Балалар бүгін біз қандай тақырып өттік?

-Бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

-Зат есім дегеніміз не?

-Бүгінгі сабақтан не үйрендік?

-Адамға қатысты сөздерге қандай сұрақ қоямыз?

VІ.Үй тапсырмасын беру.

332-жаттығу, 122-бет.

VIІ. Бағалау.

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап,бағалау.

© 2010-2022