Баяндама

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу


Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілік рухта тәрбиелеу дегеніміз,оларға дүниеге ұйымшыл, белгілі бір мақсат кездеген адамгершілік көзқарас қалыптастыру. Жан-жақты қоршаған табиғатқа, әсіресе адамға адамгершілік қатынаста болып, жауыздыққа, қатігездікке белсенді түрде қарсы бітіспес күрес жүргізу - адамгершілік сезімге тәрбиелеудегі негізгі мәселе. Адамгершілік сезімді қалыптастыру бірнеше кезеңдерден өтеді. Оның алғашқы буыны кезеңдерден өтеді. Оның алғашқы буыны мектепке дейін басталып, оқушылардың дара адамгершілік қасиетін қалыптасытрудың іргетасы төменгі сыныпта қаланып, одан әрі жан-жақты жамуы да осы бастауыш сыныптардағы оқыту және тәрбиелеу үрдісінде жүзеге асырылады. Бастауыш сынып оқушыларында дара адамгершілік сапа қалыптастыру үшін бірге қуану, бірге күйіну, бірге қайғыру, жалпы жан-жақты қоршаған адамдар қуанышы мен қайғысына ортақтасу, әділетсіздікті жек көру сезімдерін оятып, дамыту қажет. Бұл жастағы оқушыларда дара адамгершілік қасиет қалыптастыруға негізделген сезім тәрбиелеумен бірге, оларға жақсы қасиеттер мен нашар қасиеттер туралы ұғындырып, адамдарға және табиғатқа адамгершілік қатынаста болу туралы тәжірибе жинақтауға мұғалім көмектесуі керек. Кіші жастағы оқушыларда адамгершілік түсінік, адамгершілік сезім және мінез-құлық тәжірибелерін қалыптастыру, олардың ынтасына,санасына және еркіне мектепте ұйымдастырылған оқу-тәрбие үрдісі мен оның мазмұны бойынша мақсатты педагогикалық іс-әрекет жасауға дағдыландыру үшін жағдай туғызылып, олардың ата-аналармен, мұғалімдермен, өз жолдастарымен және басқа адамдармен қатынасында жеке қасиет, ал мектептегі ұжымдармен қарым-қатынасында адамгершілік ұстанымында ұйымдасқан әлеуметтік қатынас қалыптастырылады. Оқу, дүниетану, бейнелеу өнері, музыка пәндерінде бала санасына әсер етіп, оның ойлау қабілетін ғана емес, адамгершілік қасиетін дамытуға жағдай жасайтын материалдар бар. Балаларға адамгершілік тәрбие беруде әсіресе оқу материалдарының мүмкіндігі мол. Оқу кітабының мазмұнын иегру үрдісінде баланың ынтасын дамытып, адамгершілік сезімін оятатын әдеби көркем шығармалар бар. Кіші жастағы оқушыларда рухани сапа ретінде адамгершілік қасиетін дамытудың негізгі құрамды бөлігі, оларда адамгершілік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Бастауыш сынып оқушылары оқу сабақтарында әлеуметтік құбылыстар, табиғат, айналадағы адамдардың еңбегі, адамдар қарым-қатынасындағы норма және адамгершілік сапа туралы мағлұматтар алып, әдеби көркем шығармалар кейіпкерінің адамгершілік іс-әрекеттері жөнінде түсініктерін молайтады. Бұл бөлімдер оқушыда адамгершілік сана, қоғамдық дүниетаным қалыптастыруға көмектеседі. Кіші жастағы оқушылардың жас және психологиялық ерекшелігіне сәйкес, олардың өмірінде мұғалім - ең басты тұлға. Мұғалімнің балаға жеке басының үлгісімен әсер етуі-адамгершілікке тәрбилеудегі негізгі құрал. Оқыту мазмұнында мұғалім тәрбие құралы ретінде пайдаланады. Бағдарлама, оқулық қаншалықты жетілдірілгенімен оқытумен тәрбиелеудегі мұғалімнің орны бөлек. Егер сыныпта өз сезімі және санасымен әрбір оқушы сеніміне, құрметіне ие болған мұғалім болмаса, оқыту мазмұнына енгізілген, балаларды адамгершілік қасиетке тәрбиелейтін мәселелер де еш нәтиже бермейді. Монымен қатар мұғалім балалардың оқу сабағындағы адамгершілік іс-әрекетке деген құлшынысын сабақтан тыс уақыттарда да одан әрі жалғастыруға көп көңіл бөлуі керек. Әрбір сабақтың оқыту ,тәрбилеу және дамыту бірлігін сақтауы қажет. Сабақтың мазмұны, құрлысы және оқыту әдістері т.б барлық жағы да оқушыны тәрбиелейді. Солай бола тұрса да оның негізгі тәрбилеуші элементі жеке топ, барлық сынып формасында оқушылар іс-әрекетін ұйымдастыру. Топтық және жалпы сыныптық форманың балалар іс-әрекеті, өзара көмек, сенім негізінде ұйымдасқан жағдайда адамгершілік қасиет қалыптастырудағы маңызы зор. Мұғалімнің оқушыға тәрбиелік ықпалының қажетті шарты-мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының дұрыс болуы. Бұл қатынас өзара сенім және құрмет, мұғалімнің әрбір оқушының күш қабілетіне сенімі, сол сияқты оқушының өз күшіне сенуі сипатында болуы қажет. Адамгершілік сезім тәрбилеу, адамгершілік ұғым қалыптастыру, кіші жастағы балалардың оқу жұмысын сабақта ұйымдастыруға ғана емес. Сонымен қатар балалар адамгершілік іс-әрекеттерінің қандай дәрежеде ұйымдастырылуына да байланысты. Балалардың практикалық іс-әрекеттері олардың санасына, мінез-құлқына әсер етеді. Алайда, оларды адамгершілікке тәрбиелеудің нәтижелі болуы, балалар ұжымындағы оқушылар қарым-қатынасына, білім берудегі адамгершілік қасиетке тәрбиелеуге, сабақта оқушылар ынтасын арттыра білуге, әртүрлі сыныптан тыс байланысты.








© 2010-2022