Урок казахского языка в 4 классе по теме Астана - көрікті қала

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Астана - көрікті қала.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: « Менің Отаным - Қазақстан» модуліндегі алған білімдерін пысықтау;

Дамытушылық: ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру; оқушылардың дүниетанымын кеңейту; ауызша ойлау мен сөйлеу қабілетін дамыту; сөз тіркестерін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру; өзара сұхбаттасуда ақпарат алу үшін сұрақтар қоюға үйрету;

Тәрбиелік: туған жеріне деген сүйіспеншілігін, туған қаламызға деген патриоттық мақтаныш сезімін туғызу, бір - біріне көмек беруге, ұйымшылдыққа, туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Сәлемдесу.

  • Сәлеметсің бе, алтын Күн,

  • Сәлеметсің бе, көк аспан,

  • Сәлеметсің бе, туған жер,

  • Сәлеметсіз бе, қонақтар!

Ә) оқушыларды сабаққа бейімдеу.

  • Ал, қазір сендермен өткен тақырыпты қайталайық. Сендер бір - біріңе сұрақ қойып, сұраққа жауап беріңдер.

Мысалы мындай сұрақтар:

  • Сенің Отаның қай ел?

  • Менің Отаным- Қазақстан.

  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • Қазақстан - тәуелсіз мемлекет.

  • Қазақстанның астанасы болған қалаларды аташы.

  • Қазақстанның астанасы болған қалалар: Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана.

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері - ту, елтаңба, әнұран.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Қазақстанмен шекаралас мемлекеттердің астаналарын жазып келу.

Қытайдын астанасы - Пекин, Ресейдің астанасы - Мәскеу, Қырғызстанның астанасы - Бішкек, Өзбекстанның астанасы - Ташкент, Түркменстанның астанасы - Ашхабад.

Үй тапсырмасын оқып, ілулі тұрған Қазақстан картасына Қазақстанмен шекаралас мемлекеттердің астаналарының атауын жапсырады.

Бағалау парағына өздеріне баға қояды.

III. Жаңа сабақ.

1) Ал қазір Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттерінен презентациясын көрейік.

  • Презентация қай қала туралы?

  • Астана қаласы туралы.

  • Ендеше, балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сонда қалай болды?

  • Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Астана - бас қала.

  • Дұрыс айтасыңдар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Астана - бас қала».

  • Астана қаласында кім болды?

  • Біз Астана қаласы туралы не білеміз?

  • Ал, қане айтып отырып мына кластерді толтырайық (Астана - көрікті қала).

Кластердің бірінші жартысы не білеміз? Ендеше, бүгін сабағымызда не істейміз, не үйренеміз, кім айтады? (Оқушылар сабақтың мақсатын өздері анықтауы керек).

  • Онда оқулықтарыңңың 91- бетін ашыңдар.

2) Сөздік жұмыс. Тындалым. Айтылым. Жазылым.

Мәтінмен жұмыс істемес бұрын жаңа сөздермен танысайық. Жаңа сөздерді оқу, аудару, сөздік дәптерге жазып алу.

Өзеннің жағасында - на берегу реки;

Сарайы - дворец;

Қонақүй - гостиница;

Жастар - молодежь;

Танымастай өзгерді - изменилась до неузнаваемости;

Тұрғын үйлер - жилые дома;

Ескерткіштері қойылған - поставлены памятники;

Ұлт өкілдері тұрады - живут представители нации;

Тұрғындарының саны - численность населения;

Болашағы - будущее;

Гүлденеді - процветает;

Өзгерді - изменилась;

Салынды - построили.

Ә Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру

3) Мәтінмен жұмыс. Оқылым.

Жұппен жұмыс. Жұмысын бірінші орындаған оқушылар мәтін бойынша сұрақтар дайындайды.

Астана - бас қала.

Астана - Қазақстанның бас қаласы. Ол Есіл өзені жағасында, Сарыарқа жерінде орналасқан. Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Астанада Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, Интерконтиненталь қонақ үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған. Астана қаласында 100 - ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қала тұрғындарының саны 518 мың адам. Астана - болашағы үлкен қала.

А) мәтінді оқып, бейтаныс сөздері бар сөйлемдерді аударып, мағынасын түсіну.

Ә) Мәтін бойынша сұрақ дайындап, сұрақтарға жауап беру.

1. Астана қаласы Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

2. Есіл өзенінің бойында қандай ғимараттар бар?

3. Парламент үйінің алдында кімдерге арналған ескерткіш бар?

4. Астана қаласында қанша ұлт өкілдері тұрады?

Мәтінмен жұмыстан соң оқушылар бағалау парақтарына бағаларын қояды.

Б) Еліміздің бас қаласы - Астана туралы оқушыларға әңгімелеу. Мұғалім оқушы жауаптарын қорытындылап, мындай қосымша мәлімет беруіне болады:

4) Суретпен жұмыс. Айтылым.

«Саяхат» оқыта - үйрету ойынын ұйымдастыру.

Бұл үшін оқушыларға алдын ала берген тапсырма бойынша мәтіндегі Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттерінен слайдтар дайындалып, оқушылар белгілі слайд бойынша қосымша хабарлама жасайды. Оқушылар бұл ғимараттың (ескерткіштің, бұрқақтың, т. с. с.) Астанада орналасқаы туралы, оның қандай екені туралы сөйлем құрастырып айтады.

Астана қаласы туралы кім қосымша тапсырма дайындап келді. Үйіде дайындап келген шығармашылық тапсырмаларымен жұмыс.

Үлгі:

Президент сарайы «Ақорда» Есілдің сол жағалауында орналасқан. Ақорда ғимараты 2004 ( екі мың төртінші) жылы салынып біткен. Ғимараттың биіктігі 80 ( сексен метр). Ол 7 (жеті) қабаттан тұрады.

Ал мынау - Парламент ғимараты. Ол жаңа астанамыздың бірінші ғимараттарының бірі. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған.

« Интерконтиненталь қонақүй» і - Астана қаласының бес жұлдызды қонақүйі. Ол 1988 жылы салынған. Ол қаланың ортасында, Абай даңғылында орналасқан.

«Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті» 1996 жылы 23 мамырда ашылған. Ол Н. Ә. Назарбаевтың қаулысымен ашылған. Мен өскенде осы университетте оқығым келеді.

Астана қаласындағы «Жастар сарайы» 1973 жылы ашылған. Ол қаланың ортасында орналасқан. Жастар сарайы 4 қабатты ғимарат Онда бассеин, тренажер залы және төрт би залы бар.

  • Өте жақсы, жарайсыңдар, балалар.

  • Сонымен, Астана қаласында қандай ғимараттар бар екен?

  • Бәйтеректің биіктігі неше метр?

  • Не себепті ол 97 метр?

5) Сергіту сәті.

  • Дәптерлеріңді ашыңдар. Бүгінгі күнді жазыңдар.

  • Қазір қай ай

  • Желтоқсанның нешесі

  • Аптаның қай күні

6) Қазір біз сендермен жаттығу орындаймыз. Мына сөйлемдердің жалғасын екінші бағаннан алып толықтырыңдар. Жаттығудан көптік жалғауларын тауып белгілеңдер. Сөз құрамын қайталап, 2 сөйлемді сөз құрамына талдаймыз.

Бәйтеректің биіктігі 518 мың адам.

Астана 97 метр

Астана - Қазақстан ескерткіштер бар

Астанада көп бас қаласы

Қала тұрғындарының саны тарихындағы төртінші астана.

Келесі тапсырмамыз - топпен жұмыс. Астана тақырыбына коллаж жасау. Сол коллаждың ішіне бес жол өлең құрастырып жазасыңдар. Сонан соң әр топтың көшбасшысы шығып қорғайды.

7) Синквейн. Бес жол өлең.

1. Астана.

2. Көрікті, әсем.

3. Орналасқан, тұр, гүлденген.

4. Астана - Сарыарқа жерінде орналасқан.

5. Елорда.

Бағалау парағына жазба жұмыстарының бағаларын қоюды ұмытпау.

8) Мына сөзжұмбақтың жауаптары бар. Ал сендер сөзжұмбаққа сұрақтар даярлаңдар.

1) Алматы

2) бесбармақ

3) ту

4) қыран

5) Отан

6) Назарбаев

Мысалы:

1. Қазақстанның онтүстік астанасы.

2. Қазақ халқының ұлттық тағамы.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәмізі.

4. Мемлекеттік туда бейнеленген құс

5. Родина сөзінің қазақша аудармасы.

6. ҚР президенті.

9) Тест.

1) Астана қаласы Қазақстанның қай жерінде орналасқан.

А) Сарыарқа; ә) Шығыс ; б) батыс; в) оңтүстік

2) Астана қаласының символы: А) ту; ә) елтаңба; б) әнұран; в) Бәйтерек

3) Астана - ҚР нешінші астанасы?

А)Бірінші; ә) алтыншы; б) екінші; в) төртінші

4) Астана ... қала:

А) көне; ә) ескі; б) бас; в) таза

5) Астана қай өзеннің бойында орналасқан?

А Еділ; ә) Есіл; б) Қарасу; в) Жайық

6) Астана қаласында қанша ұлт өкілдері тұрады?

А) 100 - ден астам; ә) 130 - дан астам; б) 200 - ден астам; в) 50 - ден астам

7) «Астана - столица Казахстана» аудармасын тап:

А) Астана - күшті қала;

Ә) Астана - Қазақстанның астанасы;

Б) Астана - Қазақстан қаласы;

В) Астана - жас қала.

8) Астананың туған күні:

А) 6 шілде; ә) 10 шілде; б) 10 маусым; в) 6 маусым

Жауабы: 1 а, 2 в, 3 в, 4 б, 5 ә, 6 а, 7ә, 8 а

IV Үйге тапсырма беру.

Жаңа сөздерді жаттап алу; Астана қаласы тақырыбына эссе жазып келу.

V. Сабақты қорытындылау.

  • Сонымен, балалар, біз бүгінгі сабағымызда не үйрендік? Сабақ барысында толтыра бастаған кластерімізді толықтырайық.

Рефлексия. Бағалау парақтары бойынша оқушыларға баға қою.



© 2010-2022