Кк дыбысы мен әрпі 4-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы Кк дыбысы мен әрпі 4- сынып

Казталов ауданы Жұлдыз ауылы

А.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құрманова Ұлғаным Абдрахманқызының іс-тәжірибесінен

Пән: Сауат ашу.

Күні: 29.10.2014 жыл

Сабақтың тақырыбы: Кк дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: А) білімділік: Кк дыбысының оқылу және жазылу түрімен таныстыру. Кедергімен айтылатынын түсіндіре отырып, дауыссыз екенін айту. Сөздің басында, ортасында, аяғында қалай дыбысталатынын түсіндіру.

Ә) дамытушылық: Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қабілетін, сөздік қорларын дамыту. Шығармашылықпен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.

Б) тәрбиелілік: Оқушыларды сауатты жазуға, мәнерлеп оқуға, сұраққа толық жауап беруге, татулыққа, байланыстырып сөйлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын ойнату, топтастыру, Венн диаграммасы.

Көрнекілік: кеспе әріптер, сызбалар, түрлі суреттер, дауысты, дауыссыз дыбыстар, СТО элементтері.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Жақсы кітап Әліппе,

Үйретеді әріпті.

Қуыршақпен қоштастық,

Әліппемен достастық.

А-дан бастап әріпті

Түгел маған танытты.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Өткен сабақта қай әріппен таныстық?

  • Ққ дыбысы мен әрпі.

  • Ққ дыбысы қандай дыбыс еді?

  • Ққ дыбысынан басталатын сөздер айту, кеспе әріптен құрап жазу.

Қанат, қасық, Қуат, қала,т.б.

ІІІ. Жаңа сабақ.Ой қозғау.

Жұмбақ.

  1. Үлкен алтын табақтан,

Әлемгше нұр таратқан. (күн)

  1. Қабат-қабат қаптама

Ақылың болса аттама. (кітап)

  • Күн, кітап сөздерінен қандай дыбыстарды естіп тұрсыңдар? (Кк дыбысын)

  • Ендеше, біз бүгін Кк дыбысы мен әрпімен танысамыз.

  • Барлығымыз Кк деп айтып көрейікші.

  • Қалай айтылып тұр?

  • Ендеше Кк дыбысы дауыссыз дыбыс.

  • Кк дыбысы бар сөздер айтқызу.

  • Сонымен Кк дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі екен.

IV. Сергіту сәті. «Көжектерім»

V. Оқулықпен жұмыс.

- Ненің суретін көріп тұрмыз?

- Кеменің. (кеме көлік, суда жүзеді)

Ке-ме. 2 буын, 4 әріп, 4 дыбыс.

Сөздерді хормен оқу.

«Көл жағасында» мәтінін хормен оқу.

VI. Дәптермен жұмыс.

Кк әрпінің баспа және жазбаша түрімен таныстыру. Ауада және тақтада жазып көрсету. Дәптердегі Кк әрпімен толтыру. (2 жолын)

Дәптерімізді ашайық,

Салақтықтан қашайық.

Қолға қалам алайық,

Әдемі етіп жазайық.

VІI. Бекіту кезеңі.

  1. Топтастыру әдісі. (суреттер ілу)

К - кірпі, керік, кесе, кит, кеме, көйлек.

  1. Венн диаграммасын толтыру.

Дауысты

Ортақ қасиеті

Дауыссыз

А, Ә, О, Ө, Ы, І

Әріптер, дыбыстар

Р, Л, Ш, С, У, Д, Т, М, Н, ң, Ғ, Ж, Қ

VІІI. Қорытындылау, мадақтау.



© 2010-2022