Әдебиеттік оқу 4 класс

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Әдебиеттік оқу 4 классӘдебиеттік оқу 4 классӘдебиеттік оқу 4 классӘдебиеттік оқу 4 класс

Сабақтың тақырыбы: Кәрім Сауғабаев. «Нан туралы өлең».


Сабақтың мақсаты:

1. «Нан туралы өлеңді» түсіндіре отырып, оқушыларға қасиетті тағамның бірі - нан екенін, нанның дастарханға қалай келетіні туралы толықтыру.

2. Ақынның нан туралы өлеңімен таныстыра отырып, өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандыру, мәнерлеп оқуын, дикциясын қалыптастыру, ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Нанды қастерлеуге, ысырап етпеуге, еңбекті бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ақпараттық технологиямен жұмыс

Көрнекілігі: Нан туралы нақыл сөздер, слайдтар.

Пәнаралық байланыс: тарих, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1- слайд: «Әдептіліктің белгісі- иіліп сәлем бергені » дегендей, қане балалар бәріміз бір- бірімізбен иіліп амандасып, бүгінгі күнге жақсы тілектерімізді айтайық. Барлығымыздың оқу құралдарымыз дайын ба? Онда сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Асқар Тоқмағамбетовтың «Түлік туралы сабақ » өлеңін жатқа айту.



А. Тоқмағамбетов деген кім?

- Балалар неге таласты?

- Жасына қарай қойды қалай атайды?

- Сиырды ше?

- Жылқыны ше?

- Түйені ше?

- Төрт түліктің иелері кімдер?

- Түліктердің бізге қандай пайдасы бар? Олардың етін, сүтін не ретінде пайдаланамыз?(ас).

- Біздің дастарханымыздың ең қасиетті, ең үлкен асы не деп айтуға болады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Біздің бүгінгі тақырыбымыз- Кәрім Сауғабаевтың «Нан туралы өлеңі».

Ақын өмірінен қысқаша мәлімет. 2 - слайд.

Кәрім Сауғабаев 1941 жылы қазіргі Қазыбек би ауданында дүниеге келген. Ақын, жазушы, аудармашы. Шығармалары: «Мойындау» (1973), Көктем келді, алақай!» (1975), «Ақша қар» (1980), «Сылдырмақ» (1993).

Дәптермен жұмыс.

Күннің жадын, тақырыпты, ақын өмірі туралы жаздыру.

Суретпен жұмыс. 3-слайд. Нан түрлері.

Суреттен нені көріп тұрсыңдар? (нандарды)

Нанның қандай түрлері бейнеленген? Тоқаш, таба нан, т.б.

« Нан - дастархан байлығы ».

Енді біз нанды басқа елдерде қалай аталатынына тоқталып өтейік.

4 - слайд. Нанның басқа елдерде аталуы.

Таба нан, бауырсақ (Қазақстан)

Каравай (Ресей, Украина, Беларусь)

Бейгл (АҚШ)

Бисквит (Батыс Европа)

Брецель (Германия)

Бриошь (Нормандия, Франция)

Наан (Индия)

Тандыр-нан (Орта Азия)

Лаваш (Кавказ)

Юха (Әзербайжан)

Маца (Израиль)

Пита (Таяу Шығыс)

Пицца (Италия)

Тортилья (Мексика)

Фолар (Португалия)

Француз багеті (Франция)

Чапати (Индия)

Қара нан (ТМД)

Вестфаль наны (Германия)

Оқулықпен жұмыс.

Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.

Оқушыларға тізбектей оқытамын.

Өлеңді сұрақ - жауап арқылы талдатамын.

  • Өлеңде қай сөз жиі айтылады? Неліктен?

  • Ақын нан туралы не дейді?

  • Өлең арқылы не айтқысы келді деп ойлайсыңдар?

  • Нан дастарханға қалай келеді?

5-слайд
Тракторшы жер жыртады, бидай тұқымын себеді. Диқаншы оны суарады. Комбайншы піскен егінді жинайды. Жүргізуші бидайды диірменге тасиды. Диірменші ұн тартады. Ұнды нан зауытына апарады. Наубайшы ұннан нан пісіреді. Нан дүкенге түседі. Сатушы нанды халыққа сатады. - Нанға байланысты қандай ырым -тыйымдарды білесіңдер?

Тағамға байланысты ырым-тыйымдар. (Оқушылар өз пікірлерін айтады)
"Нанды аяқ астына тастама" 6-слайд
"Сүтті төкпе, баспа"
"Жерде жатқан нанды еңкейіп ал"
"Тамақ ішкен кезде сөйлеме"
"Тамақты төкпей-шашпай іш"

Нанды бір қолмен үзуге болмайды. Ол кесір болады.

Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

Сергіту сәті «Жалғастыру » ойыны.

Мақал-мәтелдерді жалғастыр:

1. Дастарқанында наны жоқтың, (Тамағының сәні жоқ).

2. Қамбасында дәні жоқтың, (Дастарқанында наны жоқ.)

3. Тістем нанның қадірін (Тарыққанда білерсің).

4. Қоныс көркі там (Дастарқан көркі нан).

5. Нан- тамақтың атасы (Ынтымақ - көптің батасы).



ІҮ. Бекіту.
6 - слайд. Сөзжұмбақ. Сөзжұмбақта нанды біздің дастарханға қою үшін еңбек ететін адамдардың мамандықтары жасырылған. -Нанды біздің дастарханға әкелу үшін кімдер еңбек етеді? Оны біз ұлттық тағамымыз бауырсақтан табайық.

Б


А


У

Ы


Р


С


А


Қ


1. Ұннан нан пісіретін кім? (наубайшы)

2.Жерді кім жыртады? (тракторшы)

3.Бидайды диірменге көлікпен кім апарады?(жүргізуші)

4.Піскен егінді кім жинайды?(комбайншы)

5.Ұнды тартады.(диірменші)

6.Халыққа нанды кім сатады?(сатушы)

7.Егінді кім суарады?(диқаншы)

8.Қоймадағы нанды кім қарайды?(қоймашы)

Ү. Қорытындылау

-Қандай жаңа сабақ өттік?

Кестені толтыру: Не білемін? Не білгім келеді? Біліп алдым?

ҮІ. Бағалау.

Жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын.

ҮІІ. Үйге тапсырма.

Өлеңді мәнерлеп оқу. Нан туралы өлең шығару.

№ 54 негізгі мектеп


Ашық сабақ

«Нан туралы өлең»

( 4 «А» класы)

Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Раманкулова Ж. Қ.




© 2010-2022