Ашық сабақ: Ауа. Ауаның қасиеттері

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ: Ауа.Ауаның қасиеттеріАшық сабақ: Ауа.Ауаның қасиеттеріАшық сабақ: Ауа.Ауаның қасиеттеріАшық сабақ: Ауа.Ауаның қасиеттеріАшық сабақ: Ауа.Ауаның қасиеттеріМ.Әуезов атындағы №7 орта мектептің 2 «в» сынып мұғалімі:

Құрақбаева Айзада Тілегенқызы

Пәні: Дүниетану

Күні: 14.10.2014 Сабақтың тақырыбы: Ауа. Ауаның қаситеттері. Сабақтың мақсаты: Ауа ,ауаның қасиеттері туралы ұғым беру. Міндеттері: 1. Ауаның түссіз,мөлдір екенін,пішінсіз екенін түсіндіру, меңгерту. 2. Шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу.3. Логикасын ,сөйлеу дағдысын арттыру. Сабақтың көрнекілігі: Суреттер. Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу. Сабақтың мазмұны: І.Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ.Өткенді қайталау. Жергілікті жердің планы мен суреті туралы сұрау. Шартты белгілерді атап айту. ІІІ.Жаңа сабақ. 1.Ауа.Ауаның қасиеттері туралы түсінік беру. 2.Оқулықпен жұмыс. Мәтінді тізбетеп оқыту. 3.Сурет бойынша әңгімелеу. 4.Тақтамен жұмыс. Ауаның қасиеттері туралы айту. иіссіз





мөлдір Ауа пішінсіз серпімді түссіз сығылады,



Ауа туралы не білесіңдер?
Ол туралы не білгілерің келеді?
Ауа көзге көрінбейді. Біз оны көрмейміз. Бірақ айналамызда екенін білеміз. Біз сабын көпіршіктерін ұшырғанда немесе желпуішті желпігенде ауаның қозғалысын байқай аламыз. Ауа - физикалық дене. Физикалық дене - заттардан тұрады. Ауа - газдардың қоспасы. Оның иісі де, түсі де және иісі болмайды. Ол газдардың ішінде оттегі мен көмірқышқыл газы сендерге таныс. Ағзалар тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын шығарып отырады.
1. Сытырлақ дорбаны үрлеп, ауа толтырамыз. Аузың қолымызбен бекітеміз.
- Тез қысыла ма?
Сонда ауа деген газ, дәлірек газдардың қоспасы. 2 ғасыр бұрын ғана ғалымдар ауаның көптеген газдардың қоспасынан тұратынын дәлелдеген. Ауа қоспасындағы ең көп газ - яғни 78 ℅, оттегі - 21℅,
1 ℅ - көмірқышқыл газы. Дәптерлеріңді көтеріңдер, ар жағындағыны көресіңдер ме?
- Жоқ.
Жардың ар жағындағы көрші сыныпты көре аламыз ба?
- Ал сыныптағы заттарды көре аламыз ба?
- Иә.
- Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?
- Ауа мөлдір. Бұған айналамыздағы заттарды көзге көре алатынымыз дәлел. Таза ауаның иісі жоқ. Ауа иіссіз. Ауа серпімді, сығылады. Допты алайық. Оны қолыммен қысамыз. Бүйірі қабысады. Бұл кезде ішіндегі ауа сығылады. Қолымызды жіберсем, серпіліп қайта орнына келеді. Серпіліп тұрған - ауа.
Ой - толғаныс.
1. Неліктен қыста үйлердің терезесіне екі қабат әйнек салады?
2. «Ауа таза болсын» дегенді қалай түсінесің?
3. Ауа құрамына қандай газдар кіреді?
Сергіту сәті.
Саусақпен мұрын қысайық.
Әншіге біраз ұқсайық.
Әрбір сөздің дыбысы,
Қандай екенін ұғайық.
- Сергіту сәтінде дыбыс неге дұрыс шықпады?
- Ауа аузымыз арқылы ғана шыққандықтан дыбысымыз өзгерді.

5.Жұмбақтар шешу.

Көзге ілінбейді, Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)

Әшейінде жекесің,

Қарай қалсаң екеусің. (Айна)

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

Көлбең-көлбең етеді,

Жер түбіне жетеді. (Түтін)

Тастамайды бір елі,

Үйін сүйреп жүреді. (Тасбақа)

Сабақты бекіту.
1. Дем алу үшін ауаға қандай газ қажет?
а) азот
б) оттегі
в) көмірқышқыл газы
2. Ауаның қандай қасиеттері бар?
а) мөлдір, түссіз, иіссіз, қыздырғанда, ұлғаяды, салқындатқанда қысылады, жылуды жай өткізеді.
б) Аспан тәрізді көгілдір, дыбыстарды өткізеді, күн сәулелерін өткізеді, иісі жоқ.
3.Ауаның құрамына қандай заттар кіреді?
а) сутек, мыс, мырыш
б) оттегі, азот, көмірқышқыл газы.
в) хлор, фтор, йод.
4. Терезелерге жылу ұстау үшін екі қабат әйнек орнатады. Қандай қасиет пайдаланады?
а) Қыздырғанда ауа ұлғаяды.
б) салқындатқанда ауа қысылады.
в) Ауа жылуды жай өткізеді.

ІV.Қорытындылау, үйге тапсырма беру.



© 2010-2022