3 cынып Дүниетану Cабақтың тақырыбы: Қан айналым жүйесі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
6-сабақ. Cабақтың тақырыбы: Қан айналым жүйесі. Cабақтың мақсаттары: Білімділік: қан айналым жүйесі бойынша, «жүрек - адам ағзасының сорабы, станциясы, ал қан тамырлары - ағзадағы «каналдар », жүрек пен қан тамырлары арқылы ағза қорек, оттегін алып қуаттанады» дегени түсінік алады. Дамытушылық: қан айналым жүйесіндегі ағзалардың қызметі туралы білімдерін әрі қарай дамытады. Тәрбиелік: қан айналым жүйесінің жұмысын жітік білуге, жүректі шынықтыруға тәрбиеленеді. Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау. Көрнекілігі: сұрақ парақтары, топтың аты, слайд, суреттер, маркерлер, А-3 қағаздары.
Сабақтың барысы: I. Қызығушылықты ояту. Сабақ барысында қан айналым жүйесімен танысу ретінде, балаларды мына топтарға бөлдім: Үй тобы: I-топ - Оттегі. II-топ - Су. III-топ - Қоректі заттар. IV-топ - Тұз. V-топ - Дәрумен. VI-топ - Зиянды заттар. «Топтастыру» стратегиясы.
  • Балалар, «Қан айналым» дегенде сендердің көз алдарыңа не елестейді?

Қан айналымы











Балалар әрқайсысы жеке, одан кейін жұп - көршісімен бөліседі, одан кейін - топ, барлығы білгендерін ортаға салады. Сыныппен жұмыс - топ басшысы ортақ пікірлерін баяндап береді. Қан айналым жүйесі: 1) қан жүру 2) қан айналып жүруі 3) жүректің соғуы Осы жерде балалар жүрек арқылы қанның айналып жүріп отыратын жолдарын атап, аттарын жазады.
II. Мағынаны тану. Келесі кезеңде «Жанұя» тобын 4 топтан тұратын «Жұмыс» тобына бөлдім. Жұмыс тобы: I-топ - Жүрек. II-топ - Артерия. III-топ - Күре тамыр. IV-топ - Тамыр. Қан айналым жүйесінің жолдарын ескере отырып: «Жүрек», «Артерия», «Күре тамыр», «Тамыр» туралы оқулық бетіндегі қысқа мәтіндерді бердім. Әр оқушы жеке өзі оқиды, жұп болып көршісімен бөліседі, топ болып мәтін бойынша түсінгендерін әңгімелейді, сынып болып ортаға салады. Топ басшысы ортақ бөлімді айтып береді. Осыдан кейін балалар «Жанұя» тобына оралып (тағы да алғашқы 6 топқа бөлінеді) «Жұмыс» тобында алған білімдерін кезекпен айтып береді топтағы көршілеріне. Сонымен, сабақтың тақырыбы: «Қан айналым жүйесі», яғни қан айналым жүйесі туралы алған білімдерін ортаға салып, толық мағлұмат алады. I - топ. Қан айналым жүйесі жүректен және қан тамырларынан тұрады. Жүрек - организмдегі аса маңызды мүшелердің бірі. Жүрек ешқашан тоқтамай соғуы тиіс. Өйткені ол басқа мүшелерге қан жібереді, қан оларға әрқашанда керек. Егер жүрек қанды айдауын тоқтатса, басқа барлық мүшелер де қызметін тоқтатады.

Эксперт парағы: 1. Неліктен жүрек тоқтамай соғуы тиіс? 2. Жүрек тоқтап қалса не болады? 3. Жүрек қанша бөліктен тұрады? 4. Жүректен қандай қан тамырлары шығады? II - топ. Жүрек екі жартыдан тұрады. Бір жартысынан артерия қан тамырлары шығады. Жүрек жиырылғанда қанды артерияларға айдайды. Одан ағзаларға оттегі мен қоректік заттарға бай қан барады. Екінші жартысынан күре тамырлар шығады. Күре тамырлармен жүрекке ішкі ағзалардан көмірқышқыл газы бар қан қайтып оралады. Жүрек босаңсиды да, күре тамырдағы қан оны толтырады. Бұл қан әрі қарай өкпеге, одан соң организмнен зиянды заттарды шығаратын бүйрек және басқа ағзаларға барады.

Эксперт парағы: 1. Жүрекке ішкі ағзалардан қандай қан оралады? 2. Қан барлық ағзаларға не жеткізеді? 3. Қан организмнен нені шығарады? 4. Тамырдың соғуы деген не?
III - топ. Қан барлық ағзаларға, ұлпалар мен жасушаларға оттегі, су, қоректік заттар, тұз, дәрумендер жеткізіледі. Қан организмнен зиянды - заттарды шығарады. Жүректен күшпен итеріліп шығатын қан серпіні бірден қан тамырларына беріледі. Оны тамырдың соғуы дейді. Егер бір минуттағы тамыр соғысын есептесек, жүрек минутына неше рет жиырылып, босаңситынын анықтауға болады. Сенің организміңде 3 литрдей қызыл түсті ерекше сұйық зат - қан бар. Ересек адамда 5 - 6 литрдей қан болады. Егер адамнан қан кететін болса, оны тоқтату үшін жәрдем көрсету керек. Жараның айналасын тазалап, таза таңғышпен байлаймыз. Егер мұрыннан қан ақса, танауды қысып, басты шалқайту керек. Қан тыйылмаса, дәрігер шақыртқан жөн.

Эксперт парағы: 1. Бір минутта жүрек неше рет соғуы тиіс? 2. Балаларда және ересектерде неше литр қан болады? 3. Жараланып қалсаң қанды қалай тоқтатуға болады? 4. Мұрыннан қан ақса не істеуге болады?
IV - топ. Әр адамның дені сау және жүрегі мықты болуы керек. Ол үшін ұдайы таңертеңгілік жаттығу жасап, дене шынықтырумен, спортпен айналысу қажет. Әлсіз жүрек жұмыс істей алмайды. Сондықтан адам жиі ауыра беретін болады. Әбден сүлдері құрығанша жүгіруге және титықтағанша жұмыс істеуге болмайды. Темекі шекпеу және ішімдік ішпеу керек.

Эксперт парағы: 1. Қандай адам жиі ауырады? 2. Жүрек жақсы жұмыс істеу үшін не істеу керек? 3. Спорт және денешынықтыру не үшін керек? 4. Қандай зиянды заттарды қолдануға болмайды?
III. Ой қозғау Яғни, «Қан айналым жүйесі қандай қызмет атқарады?» деген сұраққа жауап айтып, дәлелдеуі тиіс. Берілген сурет (слайд) бойынша өз ойын дәлелдеуге тиісті. Осылай, балалар жаңа сабақты өзара талдап, өздігінен білім алады.
Бағалау.
Үйге тапсырма: I-топ - Жүрек тақырыбына байланысты шағын эссе жазып келеді. II-топ - Артерия тақырыбына байланысты шағын эссе жазып келеді. III-топ - Күре тамыр тақырыбына байланысты шағын эссе жазып келеді. IV-топ - Тамыр тақырыбына байланысты шағын эссе жазып келеді. V-топ - Жүректің атынан хат жазып келеді. VI-топ - Жүрекке өз атынан хат жазып келеді.



© 2010-2022