Шығармашылық эссе Мен шабыттандырамын

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Эссе.

Мен шабыттандырамын...

Ең алдымен шабыт сөзін мән-мағынасын аша түссем , шабыт - адамдармен интенсивті қарым-қатынас жасағысы және белсенді жұмыс істегісі келүімен , сергек күймен ілесіп жүретін жалпы көңілінің көтеріңкі күйі .Мұндай күйде , әдетте , адамдар олардың қолынан бір нәрселер жақсы келген өмірлерінің сәттерінде болады .Шабыты үздіксіз ізденуінің нәтижесі екені даусыз . Мұғалім - шығармашылық мамандық иесі болғандықтан, ол шабытсыз болмайды. Шабытты ұстаз шәкіртін шабыттандырады . Өз тәжірибемнен алсам әлі өзін-өзі тану сабағы болмаған кезде кейбір сабаққа көңілі жоқ , тәртіпті бұзатын , мұғалімді тыңдағысы келмейтін оқушыларға не істесем деген ой туындап жүргенде , сол балалардын кішкентай болса да жақсы жақтарын көрүге тырыстым.Ондай балаға жылы сөз айтуға , аз да болсын мақтауға тырыстым . Өзіме бұл әдіс жеңіл берілген жоқ, өте қиын болды.Бірақта балаға жылы сөздің әсері күшті болды . Бала мұғалім сөзіне сай болуға тырысты, өзгерістер болды.Ал енді өзін-өзі тану сабағын бастағанда осы бағытта сүйіспеншілікпен тәрбие жұмысын жалғастырдым . Мысалы : Дәулет және Мәулен деген балалар бастауыш сыныптан оқуға деген көңілі жоқ,тәртіптері нашар , үй тапсырмасы , дәптері немесе қаламы жоқ, мұғалімге өтірік айту және тағы басқалары толып жатты . Бірақта екеуінде мақтап , жақсы көріп, аз да болса жақсы жақтарын көріп,аялап отырып оларды рас , шынындада жақсы көріп кеттім.Ал қазір олар жетінші сыныпта оқиды .Өзім оларды танымай қалып жүрмін .Бұрын қалай болса да солай жүретін Мәулен мектеп формасын киіп бір үлкен жігіттей ,сабырлы да ұстамды болып,өзінің айтуы бойынша бір қызды ұнатып , өзгеріп кетіпті.Ал Дәулетіміз сыныптан тыс шараларда ойындарға , билерге қатысып жүлде алғанда жүгіріп келіп: «Мұғалім, мынау сізге» , - деп қуанышы қойнына сымай бөлісіп жатыр.

Тағы бір айтарым , Алмаз деген бастауыш сыныптан сабаққа көңілі жоқ бала.Қазір сегізінші сынып оқушысы . «Мұғалім , сіз жақсы психологсыз » , - деді. «Әр мұғалім - психолог » , - деп айтқанда .Сонда да мұғалімге ізгілік көрсетті.Ұжымда да позитивті ой , сөз , іс-әрекетпен барлығына , әсіресе жас мамандарға көмегімді аямай болысамын, сондықтан өзіме де жақсылық қайтып тұрады .Жақсылық істесең де - өзіңе , жамандық істесең де - өзіңе.

19.01.2015 Жакупова Б.К.

© 2010-2022