• Преподавателю
  • Начальные классы
  • Тақырыбы: Торғай. Осы сабақта балалардың тіл байлығын арттыру үшін көптеген жұмыстар жасалады. Сіздерге тәжирибе алмасу үшін бұл сабақты жіберіп отырмын

Тақырыбы: Торғай. Осы сабақта балалардың тіл байлығын арттыру үшін көптеген жұмыстар жасалады. Сіздерге тәжирибе алмасу үшін бұл сабақты жіберіп отырмын

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

СҚО Тайынша ауданы

«Амандық орта мектебі»КММ

Бастауыш сынып мұғалңмң

Сейпиева Арайлым Хасеновна

Әдебиеттік оқу Сабақтың тақырыбы: Торғай. Жүсіпбек Аймауытов

Мақсаты: Жүсіпбек Аймауытов жайлы хабар бере отырып, түсініп оқуға, ойланып сөйлеуге, ойын толық жеткізе білуге үйрету;

сөздік қорын, тіл байлығын дамыту;

мейрімділікке, кішіпейілділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, теріп оқу, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Өлеңді жатқа айту. Ақын өзенді қалай суреттеген?

- Ақынның «сарқыраған, жарқыраған, арқыраған» деген сөздері неге қатысты?(өзенге). -----Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай?

-Адамдар неге суды құрметтейді?

-Ол туралы өлеңнің қай шумағында айтылған?

-Өзеннің қандай пайдасы бар?(өлеңге сүйеніп айтып көр.)

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

Ы.Алтынсариннің 3 сыныпта қандай шығармаларын оқыдың?

- Өзеннің қандай пайдасы бар?

- Сусыз тіршілік бар ма?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық.

2.Суреттер топтамасын пайдаланып әңгіме құр.

Ү. Жаңа сабақ: Жүсіпбек Аймауытов- қазақтың аса көрнекті жазушысы.

(1889-1931) «Шернияз, Ақбілек, Жаман тымақ, психология және шығармалар жиынтығы кітаптарын жазған.

Оқулықпен жұмыс.Мәтінді түсініп оқу.Әңгіме қалай аталған? («Торғай»).

Торғайдың жан ұшырып шырылдап жүргенін көрсететін жерді тауып оқы.

Өз сөзіңмен мәтінге сүйеніп суретте.

-Жерге түскен торғайдың халі қандай?

Сұр жыланның күш көрсеткен жерін,торғайдың аспанға қалай ұшып шыққанын сипаттаған жерін тауып оқы.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

Мәтінді бөліктерге бөл.

(Торғайдың шырылы.Сұр жыланның арбауы. Ақбілектің көмегі. ...)

Мәтіндегі өзіңе ұнаған сөз тіркестерін дәптеріңе жазып, жаттап ал.

ҮІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік?

-Онда не жайлы екен?

Суретпен жұмыс. Суреттен не көріп тұрсың?

Суретке сүйеніп, жыланнан қорыққан торғайды сипатта.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1.мәтінді оқу, әңгімелеу, суретін салу.

2.Бағалау


© 2010-2022