Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)Пәні: Дүниетану 3сынып Алматы облысы,Талғар ауданы,Талғар қаласы Т.Рысқұлов атындағы №9 мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Сманова Жамила Дастанқызы

Сабақтың тақырыбы: Ауаның маңызы

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Ауасыз тіршілік жоқ екенін ұғындыру, ауаның ластану жолдары, ауаны қорғау жөнінде мағлұмат беру;

Дамытушылығы:Танымдық, шығармашылық тапсырмалар арқылы ауаның маңыздылығы ауаны қорғаудың нақты әдістері туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелігі: Табиғатты қоршаған ортаны сүюге қорғауға, туған жерді көркейтуге әрбір оқушының үлес қосуы азаматтық парыз екендігін ұғындыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: : СТО бағдарламасы бойынша өтілетін аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,пікір, сұрақ-жауап ,тест,ой қозғау,топтастыру.

Сабақты оқыту формалары: ұжымдық ,топтық,жеке.

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, математика, бейнелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, тірек сызбалар, суреттер,

Венн диаграммасы, топтастыру, үнтаспа.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;

ә) Кезекшілік

-Қазір қандай сабақ?-Дүниетану сабағы.

Ендеше, сендер болашаққа бүгінде өз үлестеріңді қосып, еңбек еткелі отырсыңдар.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына - дей отырып сабағымызды бастаймыз.

б) Психологиялық дайындық.Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)

Даламдай кең пейілмін,

Жүрегім толы мейірім.

Табиғатты қорғаймыз,

Президент Жолдауын біз қолдаймыз!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

а) «Гүл құрастыру» ойыны арқылы сұрақтарға жауап алу арқылы үй тапсырмасын пысықтау.

Ауаны қалай сезуге болады?

Ауаның түсі қандай?

Ауаның қандай қасиеттері бар?

Неге жану үшін ауа қажет, дәлелдеу.

ІІІ.Өткен тақырыпты жан-жақты қортындылау:

ә) Сауалнама арқылы үй тапсырмасын бекіту. (Жетон арқылы білімдерін тексеру)

Адам өміріне ең қажетті жағдайға не жатады?

А) машина Ә) ауа Б) ағаш

2. Еңбектің жауы не?

А) жалқаулық Ә) еңбекқор

Б) жауапсыздық

3. Адам денсаулығына зиян тигізетін нәрсе?

А) микроб Ә) су Б) сабын

4. Көкжиек дегеніміз не?Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)

А) аспан

Ә) жазық дала

Б) көз жеткен кеңістік

5. Сұлба дегеніміз не?

А) сурет

Ә) карта

Б)заттың тұрған орнын көрсету

б) Сергіту сәті:

Қоршаған орта - табиғат,

Жануар, өсімдік, адамзат.

Сүю, қорғау - парасат,

Білейік мұны жамағат.

Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)Ауаның маңызы дүниетану пәні бойынша (3-сынып)

ІV.Мақсат қою. Жаңа сабақты игеруге дайындау:

Д/к 1.а)«Сиқырлы сандықша» ойыны арқылы жұмбақты шешу.

-Тақтадан не көріп тұрсыңдар? -Сандықша.

-Балалар сандықшаның ішінде қандай жұмбақ жасырынып тұр екен, қарап көрейікші.

Бар ма жоқ па оны білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

-Кәне, балалар жұмбақтың шешуін кім табады?-Ауа.

Д/к 2.ә) «Топтастыру» стратегиясы

«Ауа» туралы білетінімізді топтастырып жіберейікші.

Түссіз Серпімді

АУА

Иіссіз Сығылады

Қоспа Барлық жерде бар

-Ендеше, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Ауаның маңызы» деп аталады.

Д/к 3. Тірек - сызба арқылы көрсету.

Ауаның маңызы

Шаруашылық

Жануар

Өсімдік

Адам

Ауа - тіршілік көзі

ә) Ситуациялық сұрақ.

-Енді, балалар осы таза ауа әрқашан таза болып тұра ма?

-Жоқ.

Л а с т а н у ж о л д а р ы

Адамның іс-әрекеті

Табиғи




Шаң - тозаң, күл, түтін Елдер дамыған сайын завод, фабрикалар, техника көбейді. Бұдан ауаға кездейсоқ заттар қосылады да, ауада бу күйінде шығатын улы газдар пайда болады

б)

Ластанған ауаның зияны

Ластанған ауа құрамында су буы көп болады, ылғалды ауамен тыныс алу зиян.

Мысалы: Ормандағы жөке ағашы 400 жыл, қала ауласындағы жөке ағашы 50-80 жыл өмір сүреді. Улы тұманнан 1952 жылы Лондонда 4000 адам өлген.

Себебі

Тыныс мүшелерінің ауруы, жүрек қан-тамырының және түрлі ісік ауру болуы мүмкін

Осыған орай

Елімізде қоршаған ортаны қорғау заңы бар. Көгалдандыру жұмысына қатысып, ауаны тазартуға әрбір оқушы үлес қосуы керек.

V.Жаңа тақырыпты меңгерту: Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға «Ауа» тақырыбын оқып шығуды тапсырамын. Оқулықтағы тәжірибелерді жасап көрсетемін. Әр топтың алдына сабаққа қажетті

3 тәжірибенің көрнекілігін қоямын.

1-ші тәжірибені көрсете отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында су бетіне шыққан көпіршіктер нені дәлелдейтінін сұраймын.

2-ші тәжірибе бойынша стакан қабырғасындағы көпіршіктер нені көрсететінін сұраймын.

3-ші тәжірибе бойынша колбаға кигізіліп мықтап байланған шар қызған кезде неге торсиып, ұлғаяды, салқындағанда не себептен шар көлемі кішірейеді деген сұраққа жауап береді.

Сергіту сәті: Саусақпен мұрын қысайық,

Әншіге біраз ұқсайық.

Әрбір сөздің дыбысы,

Қандай екен ұғайық.

-Сергіту сәтінде дыбыс неге дұрыс шықпады?

-Ауа аузымыз арқылы ғана шыққандықтан дыбысымыз өзгерді.

VІ. Жаңа тақырыпты меңгергендіктерін алғашқы тексеру.Ой толғаныс.

а) Танымдық қабілеттерін арттыруға байланысты логикалық сұрақтар беріледі.

1-сұрақ: «Ауа» таза болу үшін табиғатты қалай қорғаймыз?

- Мен ағаштарды көп егемін, жасыл желекті баптап күтемін.Жұлған, сындырған

адамдарды тәртіпке шақырамын.

Өзім отырған, тұрған жердің тазалығын сақтаймын.

сұрақ: Үш үйеңкі ағашы 1 сағатта 5 килограмм ауа жұтады. Бір үйеңкі ағашы 1 сағатта неше килограмм ауа жұтады?

Бес килограмм ауа жұтады. (5 кг)

ә) Ана тілінен табиғатқа байланысты қандай тақпақтар жаттаған едіңдер?

1- оқушы: Адамзатқа табиғат,

Адалдықты сыйлаған.

Тәңірім бір ақиқат,

Қиянатқа қимаған.

2-оқушы: табиғатты аялау бүкіл адамзаттың міндеті. Онда менің де үлесім бар. Барлық адам осылай ойлайды деп білемін.

3-оқушы. Таза ауада көп жүргенді табиғат аясында дем алғанды ұнатамын.

Жаңа сабақты бекіту. Сәйкестендіру сұрақтарын сызба түрінде 3 топқа беремін.

VІІ.Қорытындылау. Таза ауа - баға жетпес байлық.

Оған үлес қосу әрбір оқушының міндеті, -дей отырып , 3топқа бөліп тапсырма беремін.

І-топ: «Таза ауадағы өмір» тақырыбына сурет салу.

ІІ-топ: «Таза ауа - денсаулық кепілі» тақырыбында эссе жазу.

ІІІ-топ: «Ауаны қорғау» тақырыбына бес жол өлең шығару.

VІІІ. Оқушыларды мадақтап бағалау.

Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, түсінігін айту.



© 2010-2022