Урок Ұлыстың ұлы күні 3 класс

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлыстың Ұлы күні

Тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні»

Мақсаты:
Білімділік:Наурыз мейрамы туралы түсінік беру.

Дамытушылық:Оқушыларды ұлттық ойындар ойнату арқылы, өз салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын, білімдерін шындап, ой - өрісін кеңейту.
Тәрбиелік:Оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд,сурет, мақал - мәтелдер,тыйым сөздер.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Құрметті оқушылар! Бүгінгі "Ұлыстың Ұлы күні" деп аталатын тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Сіздерді
22- наурыз көктемнің Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Жүздеріңізге нұр, құшақтарыңызға гүл тілейміз.
Той деп бүгін көңіл шіркін тасиды,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.


Ата - аналық - үлкен сын,
Бала өсіру - ұлы өнер.
Жақсылардың артынан
Жарқын ұлмен қыз өсер

Той бастаңдар балалар, той бастаңдар,
Той бастаған балалар, көп жасаңдар,
Бүгінгі күн,сейсенбі, той қылыпсыз.
Құтты болсын тойыңыз деп бастаңдар!!!
Балалар Наурыз тойына кімдер тілек айтады?
Оқушылар өз тілектерін айтады.
1- оқушы:
Дархан

Ұлыстың ұлы күні оң болсын!
Ақ мол болсын!
Наурыз тойы құтты болсын!
2- оқушы: Мөлдір
Наурыз тойы салтымыз,
Аман болсын халқымыз.
Көңілдері жадырап,
Жүрсін аман қартымыз.

3- оқушы:
Қарлығаш
Наурыз айы тамаша,
Жар салайық жаңаша!
Мереке көп наурызда
Қуанатын балаша
4- оқушы:
Әділет
Көкпар, бәйге, қыз қуу, асық ойын
Наурызда ойналады ұлттық ойын
Төлдейді сиыр,түйе, бие,қойын
Құтты болсын жанары келген тойын
- Балалар мына менің жедел сұрақтарыма жауап берейік
- Қазір қай мезгіл?
- Наурызда қандай мереке бар?
- Наурыз қай мезгіл?
- Наурызда біздің сыныпта кімдердің туған күндері бар?
Қазақ халқының аса бір құрметтеп, асыға күтер мерекесі- Наурыз. Наурыз- «Жаңа жыл » деген мағынаны білдіреді.Наурыздың 22- жұлдызы күн мен түн теңеледі. Жаңа жылдың бірінші күні- Ұлыстың ұлы күні деп аталады. Наурыз мерекесі кезінде халық жақсы киімдерін киіп, жастар қарттарға жарқын жүзбен сәлемдесіп, батасын алып, мерекемен құттықтайды. Ұлттық ойындар ойналып, ән айтылып, би биленеді. Қара қазандарға жеті тағамнан тұратын Наурыз көже жасалып, тегін таратылады.
- Ендеше балалар, ұлттық ойынымызды бастайық. «Хан талапай»
Ойынының шарты: Асықты таңдап алып, сол асықтағы тапсырманы орындайды. Егер сол тапсырманы дұрыс орындаса, асықты ұтып алады

- Асықтағы тапсырмалар:
- Ұлттық ойындарды ата.
- Жеті атаны таратып айтып беру.
- Дүниеде ең жақынын кім?
- Дүниеде не қымбат?

- « Қара жорға» биі орындалады.
Ойынның шарты: Теңгенің артындағы сұрақтарға жауап беру.
1. Ұлттық тағамдарды ата.
2. Қыз балаға байланысты тыйым сөздерді ата.
3. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?
- Балалар, келесі ойынымыз « Қыз қуу» ойыны.

- Қызға сұрақ қойылады.
1. Жеті байлық дегеніміз не?
- Қыздың жауабы.

- Ұл балаға сұрақ қойылады.
- Жеті қазына дегеніміз не?
- Ұлдың жауабы.

- Осымен бүгінгі «Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сабағымызды аяқтай отырып, әділқазылар алқасына және ата- аналарға сөз беріледі.
- Сіздерге «Ұлыстың ұлы күні!» сіздерге, отбастарыңызға құт- береке, мол бақыт әкелсін!
- Сау болыңыздар! Рахмет!

Үйге тапсырма:«Наурыз көже қалай жасалады?». Шағын әңгіме жазу.



© 2010-2022