Ана тілі 1-сынып Тест

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сауат ашу тест 1 сынып

Оқушының аты-жөні_______________________________________________

1. Сөз неден құралады?
a) дыбыстан ә) сөйлемнен б) буыннан

2. Дұрыс жазылған сөзді тап
а) жұлдұз ә) жылдұз б) жұлдыз

3. Түйе атасын қалай атайды?
а) Қамбар ата ә) Зеңгібаба б) Ойсылқара

4. Бір өркешті түйені қалай атайды?
а) нар ә) түйе б) атан

5. Дұрыс тасымалданған сөзді тап
а) Ше - гіртке ә) шег - іртке б) шегі - ртке

6. Тасымалдауға болмайтын сөзді тап
а ) байлық ә ) өзен б) мектеп

7. Кім?, Не? Сұрағына жауап беретін сөзді тап
а) бала, қала ә) әдемі, сары б) келді, жүгірді

8. Бас әріппен жазылатын сөздер.
а) жануарлар, жәндіктер
ә) адамның аты - жөні, жер - су аты, жануарға қойылатын аттар
б ) адамның аты, өсімдіктің аты

9.Ойнады, секірді сөздері нені білдіреді?
а)Заттың атын білдіреді.
ә)Заттың қимылын білдіреді
б)Заттың сынын білдіреді

10. «Кел, балалар,оқылық!»өлеңінің авторы кім?
а)Абай Құнанбаев ә)Ыбырай Алтынсарин б)Жамбыл Жабаев.

11.Қай сөйлем дұрыс жазылған:
а)Тақтайды Нұржан сүргіледі
ә)Сүргіледі Нұржан тақтайды
б)Нұржан тақтайды сүргіледі.

12. Үш бидің аттарын жаз

13. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?

а) Тоқтар Әубәкіров ә) Юрий Гагарин б) Сұлтан Қалиұлы

14. «Шығыс жұлдызы» әңгімесінде кім туралы жазылған?

а) Бауыржан Момышұлы ә) Әлия Молдағұлова б) Мәншүк Мәметова

15. Балаларға меншіктенген, арнайы ен салынған мал не деп аталады?

а) Сыйлық ә) Бәсіре б) Қазына

16. Мақалдың жалғасын тап: «Ақыл жастан, асыл ....»

а) бастан ә) тастан б) дастан

17. Қазақстан халықтарының бірлігі күні қашан?

а) 7 мамыр ә) 9 мамыр б) 1 мамыр

18. Сөйлемнен заттың санын білдіретін сөзді тауып, астын сыз.

Асан бірінші қабатта тұрады.

19. « Төрт мезгіл» шығарманың қай түріне жатады?

а) мәтін ә) өлең б) ертегі

20. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?

а) орыс тілі ә) қазақ тілі б) ағылшын тілі


© 2010-2022