Жоба жұмысы Тақырыбы: «Жәндіктер – біздің достарымыз»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жоба жұмысы

Тақырыбы:

«Жәндіктер - біздің достарымыз»



«Жәндіктер - біздің достарымыз»

Жобаның түрі: топтық ұзақ мерзімді белгілі нәтижесі бар, 4-5 жастағы балаларға арналған шығармашылық жоба.

Жобаның мерзімі: 1 жыл.

Жобаның қатысушылары: естияр тобыныңың балалары, тәрбиеленушілердің ата-аналары,тәрбиеші.

Білім облысы: экологиялық тәрбие.

Көкейтесті мәселе: серуен кезінде балалар жәндіктерді көрді.Балалар жәндіктерді көргенде бейжай қалмады. Балалардың біразы қуанды, қызықты, басқалары қорықты,кейбіреуі өлтіру керек ,- деп ұсыныс жасады.Пікір екіге бөлінді, әңгіме барысында балалардың жәндіктер туралы аз білетіндері көрінді. Жәндіктер бізге керек пе?- деген сұрақ туындады.Олар қандай пайда келтіреді,не зиян әкеледі?- деген сауалдар қойылды.Сондықтан жоба тақырыбы осылай таңдалды. Балалардың жобаға қатысуы олардың жәндіктер туралы білімдерін толықтырып,балалардың шығармашылық - ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру.

Жобаның мақсаты: Жәндіктер - біздің достарымыз жобасы шығармашылық - ізденімпаздық қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды.

Жобаның міндеттері:

* Балаларда жәндіктер туралы (көбелек,құмырсқа,қоңыз,ара,шегіртке) қарапайым түсінік қалыптастыру. Олардың құрылысы,қозғалу тәсілдері жайлы білуге ұмтылдыру.

* Тірі табиғатты аялауға ,қорғауға тәрбиелеу.

* Эмоциональды ынтаны дамыту.

* Коммуникативті дағдыны дамыту.

* Ізденімпаздық дағдыны қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

* Балалар жәндіктердің түсін танып, аттарын атай білуі керек,

* Қарапайым түсініктерді білу: құрылысы, түрлері, денесі,аяқтарының саны, қанаттары, қозғалуы (секіруі, ұшуы,жүгіруі),дыбыс шығаруы (шырылдауы, ызылдауы) , қайда қыстайды.

Алдын - ала жұмыс:

* «Жәндіктер» тақырыбына суреттер жинау.Ізденушілік жұмыс.

* Әдеби әңгімелер ,шығармалармен таныстыру. «Ара мен аю», «Ара мен шегіртке» М.Төрежанов т.б

* Жәндіктер туралы тақпақтар жаттау. «Көбелек»

* Мультфильмдер көру.

Отбасымен әріптестік:

* «Табиғатқа қалай жанашырлықты оятуға болады?», «Жәндіктер шаққанда қандай алғашқы көмек көрсету керек?» деген тақырыптарға кеңес беру.

  • Ата-аналардың қолжазбалары, балалардың жәндіктер туралы ойлап тапқан әңгімесін суретпен көркемдеуге көмектесу.

Мамандармен тығыз байланыс:

  • Музыкалық ойын-сауық «Аралар - біздің мейірімді достарымыз».

  • Денешынықтыру ойындары «Алаңқайда».

Жобаны іске асыру жоспары:

  • Жұмыс түрлері:

  • Жәндіктерді бақылау

  • «Жәндіктер әлеміне саяхат» әңгіме,

  • Музыкалық ойын-сауық «Аралар - біздің мейірімді достарымыз»,

  • Денешынықтыру ойындары «Алаңқайда»

  • Балалардың көрмесі

  • Ата-аналар мен балаларға арналған үй тапсырмалары.

Жобаны іске асыру кезеңдері:

Мерзімі

Шаралар

Жауаптылар

І . Дайындық кезеңі

қазан


  • Тақырып бойынша сараптама жасап,әдебиеттер жинау.

  • Жобаны іске асыру кезеңдеріне жоспар құру

  • Дидактикалық ойындар жинау

  • Тақырып бойынша тақпақтар, жұмбақтар, әндер,ертегілер,аңыздар жинау.

тәрбиеші

*Тақырып бойынша қозғалмалы саусақ ойындар, көңілді сұрақтар ,жаттығулар жинақтау.

*Ата-аналарға кішгірім жоба дайындауға тапсырма беру.

* Тақырып бойынша балалардың білім-білік дағдыларын тексеру.

тәрбиеші

Ата-аналар

ІІ Негізгі кезең

қазан

* Әңгіме «Біздің айналамыздағы жәндіктер», «Жәндіктер мен гүлдер бір-бірі үшін жаралған»

* Серуен

тәрбиеші

Мақсаты:

  • Жұмбақтар,ребустар жасыру.

  • Тақпақтар оқып беру, жаттау.

  • Әдеби,танымдық әдебиеттер оқып беру.

  • Әңгімелер.

  • Дидактикалық ойындар

тәрбиеші

қараша

Тәжірибиелік,ізденушілік іс-әрекет:

  • Бақылау

  • Қандай жағдайларда гүл сыйлайды?

  • Ата-аналармен жұмыс (кеңес беру )

тәрбиеші

қараша-наурыз

Әдеби-шығармашылық іс-әрекет:

  • «Жәндіктер» тақырыбына арналған шараларға белсенді қатысу.

  • Қағаздан жәндіктер жасау.

  • Жәндіктерді бояумен, қарындашпен салу.

  • Көрме жасау

  • Дидактикалық ойындар

  • Бақылау жүргізу.

  • Ата-аналармен жұмыс

тәрбиеші

сәуір

  • Ата-аналармен бірге кішгірім жобаны қорғау.

  • Фотоальбомды көркемдеу. «Балалар және жәндіктер»

  • Суреттер мен қолдан жасаған бұйымдардан көрме жасау.

Ата-аналар

тәрбиеші

ІІІ.Қорытынды кезең

Интеграциялық сабақ

тәрбиеші





Бал араның жыры. М.Әлімбаев

Баратыным- Қыр.

Қонатыным- Гүл.

Теретінім- Нәр.

Беретінім- Бал.

Бал арасы. С.Тойлыбаев

Ара,ара,аралар,

Гүл қауызын жағалар.

Оны баққан ағалар,

Шелек-шелек бал алар.

Ұшып кірсе қосына,

Сен тимесең,тимейді,

Қастығы жоқ досына.

Көбелек Т.Елеусізұлы

Көбелек -ау, көбелек !

Әдемісің керемет!

Гүлге келіп қона ғой,

Өзің де гүл бола ғой.

Құмырсқа А.Байғабылова

Кіп-кішкентай құмырсқа , Денесіне қарамай,

Бейім барлық жұмысқа. Жүк салмағын талғамай,

Еңбекшіл, жоқ зияны, Көтергені ауыр бөрене,

Қиянат етпе сен босқа. Алып емей,немене?

Жаңылтпаш

Шын еңбекшіл - өрмекші, Өрмекші - шын еңбекші.

Жәндіктер қалай дыбыстайды?

Ара - ызылдайды.

Шыбын - ызыңдайды.

Шегіртке - шырылдайды.

Бақа - бақылдайды,құрылдайды.





Құмырсқаларды бақылау

Құмырсқа қандай жәндік? Құмырсқаның қандай пайдасы бар? Құмырсқаның ерекшелігін айтқызу.Денесі қандай? Құмырсқалар еңбекқор талмай өздері еңбек етеді.Қыстық қорларын мол жинап алады. Құмырсқалар зиянкес жәндіктердің көзін жойып,пайдалы жәндіктерге тиіспейді.Балаларды қамқорлық сезімге тәрбиелеу.

Жұмбақ шешу:

Белең-белең ат,

Белі нәзік күрең ат.

Тауға мінсе таймас ат,

Танау тисе өлмес ат. ( Құмырсқа)

Инелікті бақылау

Инеліктердің ұшып жүріп шыбын-шіркейлерді өте жақсы аулайтынын оның қанаттары өте қуатты.Ұшып келе жатып тоқтап,бір орында тұра алатынын айту. Инеліктің көздері айналасын бір мезгілде түгел көреді,ол шыбынның қас жауы.

Жұмбақ шешу:

Жіп-жіңішке инедей,

Екі көзі түймедей.

Тікұшаққа ұқсайды,

Бірақ биік ұшпайды. (Инелік )

Жарық қоңызды бақылау

Балалардың жәндіктер жөнінде түсініктерін толықтыру.Қорапқа салған

жарық қоңызды (жаңбырдан ұстап алған). Түсі қандай?Қанаты бар,ұшады т.б деп қоңызбен таныстыру. Жарық қоңыз түнде ғана ұшып,жылтырап жүреді.

Өлең:

Шықты кеште алдымнан,

Жарық қоңыз қос қанат.

Көрген жанды таң қылған,

Жаны бар,ұшқан от.

Көбелектерді бақылау

Әр түрлі түсті ұшып қонып жүрген көбелектерге қарап,түсерін,дене мүшелерін айыру. Көбелек қай жерде мекендейді? (шабындықта) Олар немен қоректенеді?(гүл шырынын сорады) Оның пайдасы қандай?Көбелектің қандай айырмашылықтары бар? Көбелек те аралар сияқты гүлдердің тұқымын шашып,көбеюіне пайдасын тигізеді.Өз жауларынан жасырынуына түсінің көмегі арқасында қашып құтылады. Көбелектер тез ұшады.

Жұмбақ шешу:

Өзі кілем түріндей,

Құдды қырдың гүліндей,

Гүлге қонса кетеді,

Айырмасы білінбей. (Көбелек)

Масаны бақылау

Маса кішкентай болса да денені шақса ісіп,қышытып мазасыздандыратынын айту.

Өлең:

Шағып алса адамды,

Ауыртады тызылдап.

Үйдің іші қараңғы,

Масалар жүр ызылдап.



© 2010-2022