Күз - байлығым, берекем!Тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Күз-байлығым,берекем! Сахна тақырыпқа сай безендірілген.Ұлағатты сөздер Күз-береке,күз-молшылық,Сабан той құтты болсын,жас достар,Тіршілік нәр-нанды қадірлейік.Көрме,оқушылар салған суреттер,гербарийлер,буклеттер,қолөнер бұйымдары,көкөніс,жеміс-жидектер қойылған. 1-бастаушы: -Құрметті ұстаздар,ата-аналар,қадірлі достар.Біз бүгін сіздерді Алтын күз кешін тамашалауға шақырамыз. 2-бастаушы: -Армысыздар!Құрметті көрермендер!Кешімізді бастамас бұрын халық неліктен күзді Алтын күз дейді.Соған тоқтала кетейік. 1-бастаушы:Күз маусымының алғашқы айы-қыркүйек.Ол ерлік пен еңбек айларының бірі.Қойма алтын астыққа толады.Дегенмен жылдың басқа мезгілінде дәл осындай жұмыстар істелінбейді деп ұқпаңдар.Әр жыл мезгілінің өз науқаны,өз қызығы бар. 2-бастаушы: Күз маусымының екінші айы-қазан.Бұл ай жиын-терін аяқталатын,диқандар еңбек жемісіне кенелетін береке айы,берекесін қуаныштайтын ,мереке айы. 1-бастаушы: Күздің соңғы айын қазақтар қараша дейді.Қараша десе дегендей,айнала қоңырқай тартады.Ағаш-қурай,жапырағынан айырылып,орман-тоғай сирейді..Қара суық түсіп,қыс демі сезілетін кез.Ол өзінің күнімен,өзіндік көріністерімен әсерлі. 1-оқушы:Қараңдаршы,көзің тоймас қарасаң да , Күз деген-бір жақсы уақыт. Ой да,қыр да,таудың іші, Бір молшылық жатқан шалқып. Ал балалар,кім біледі- Кімге айтамыз «Алтын күз»-деп. 2-оқушы:Алтын күз деп, Біз айтамыз сол үшін де. Сары алтындай сары қауын, Көп піскен соң бау ішінде. 3-оқушы:Жаңа піскен алма баққа, Көзің тоймас қарасаң да. Қараңдаршы сары алтындай, Жапырақты қайың талға. Мұны көріп күзде қалай, Теңемессің сары алтынға. 4-оқушы:Қараңдаршы қандай сұлу, Бидай басқан мына дала. Әрбір адыр,әрбір жота, Алтын жайып тастағандай. Бір оқушы ортаға нан ұстап шықты,ал бір оқушы домбырамен мына шумақты әнге қосты. Алтын дәндер шаттандырар халқымды, Қазағымнан таусылмайтын алтыны. Әрқашанда құт-береке әкелер, Бар адамның көңіл-күйі шалқиды. 1-бастаушы:Бәрекелді!Қуандырып біздерді,бірекелді күз келді.Күзді күз айларын қарсы алайық. Күз: (оқушы күзгі әр түрлі сары-алтын жапырақтардан,басына бас киім жасап,киіп алған) Сәлем,өрен достарым,өмірге көп қосқаным, Қымбатты сый алыңдар,қызығыма қаныңдар. Молайтыңдар шаттықты,ән айтыңдар бақытты, Мұгалім:Балалар күз туралы не білесіңдер? 5-оқушы:Күз дегеніміз-біріншіден,байлық,молшылық,қап-қап астық,картоп,жүгері,қарбыз,қауын,күнбағыс,алма,өрік,жүзім,көптеген жеміс-жидектер береді. 6-оқушы:Екіншіден,күз-мол астық ,ет пен май береді.Мал да,аң да,құс та әбден семіреді. 7-оқушы:Күз-қауырт жемістің кезі.Қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындалатын кез. Оқушылар Абайдың «Күз» өлеңін оқиды. Бір топ оқушылар дақылдардың-күріш,тары,бидай,сұлы,арпа(оқушылар күзгі ,әр түрлі дақылдардың шөптерін ен,басына бас киім жасап киіп алған)болып киініп алған. Арпа:Күміс мұртты арпамын, Ырыс-құтты арпамын. Еңбек етіп баптаған, Еліме сый тартамын! Тары: Ақ қарамын,сарымын, Мен өнімді тарымын. Халқым,еңбек сіңірсе, Қайтарамын қарымын. Сұлы: Мен-сұлымын,ұланның, Тұлпарына ұнадым. Баптаған әр диқанға, Басымды иіп тұрамын. Күріш: Күнді сүйген күрішпін, Күллі жұртқа ырыспын. Алсын деп ел мол өнім, Ала жаздай су іштім. Бидай: Нан анасы-бидаймын, Елге астық сыйлаймын. Дәнім толық піскенде, Қауызыма сыймаймын. Оқушылар «Ақ бидай» әнін орындайды. Оқушы қыздар орақ ұстап әннің ырғағымен,сахнаның алдында себеттерге орнатылған(егілген)бидай масағын орған қимылмен билейді.Би соңында,бидай масағын шын орып сахна ішіне алып кіреді. 2-бастаушы:Алтын күз келгенде табиғат,еңбек етсең,адамзатқа қажетті тамақ өнімдерінің бәрін береді.Сондықтан да адамзат-өз ұясы-қасиетті жерді ластамай,көздің қарашығындай қорғап,күтіп ұстауы керек.Құс та өз ұясын ластамайды деген сөз бар.Ендеше жер бетіндегі барлық адамзат үшін,сәбилер үшін жұмыр жер бетінде тыныштық,бейбітшілік болсын. Кеш соңында оқушылар «Күн сөнбесін Алтын дән»әндері орындалады.



© 2010-2022