Армысын Наурыз!

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, бүгінгі мерекеге шақырылған қонақтар! Бүгінгі ұлысытың ұлы күні - Наурыз құтты болсын!

Наурызбенен Ұласып көктем жеткен,

Үлкен кіші көңілін көкке өрлеткен!

Жан-жануар, табиғатты түрлетіп,

Ескі жылмен реніш, өкпең кеткен! -

дегендей. Ал, ендеше балалар бәріміз орнымыздан тұрып біздің мерекеге келген қонақтармен бір-бірімізбен амандасайық.

Амандасу: Армысын қайырымды аспан - ата,

Армысын мейірімді жер - ана,

Армысын шұғылалы алтын күн

Күліп шықты күн бүгін.

Жүргізуші: Жаңа жыл тек жақсылық ала келсін, төрт түлігін төлдесін, ақ мол болсын, егін ырғып өсіп, ел тоқ болсын деп ортаға қошеметпен наурызды шақырайық.

Бексұлтан: Сүйінші, Сүйінші Наурыз келе жатыр.

Наурыз: Жайнатамын бар гүлді,

Сайратамын бұлбұлды.

Төгілтіп ән - күй жырды,

Мейрамдайық бұл күнді.

Тіршіліктің бастауы,

Наурыз айы - мен болам.

Жүргізуші: Балалар ендеше бәріміз Наурызды төрге отырғызып қонақ қылайық.

Жүргізуші: Балалр біздің мерекегенаурыздан басқа да қонақтар келіп тұр, ендеше қошеметпен Күн мен түнді қарсы алайық.

Күн: Сәулесі мол күнмін.

Түн: Жұлдызы мол түнмін.

Күн мен түн: Ұзақтығы бірдей болып,

Теңелеміз бұл күні.

Жүргізуші:Балалар 22 - наурыз күні күн мен түн теңелетін күн. Сол себепті бүгін мерекеге Күн мен Түн теңеліп қонаққа келді. Балалар ендеше Күн мен Түнді де төрге отырғызып қонақ қылайық.

Жүргізуші: Қадірменді халайық! Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып.

Наурыз тойын тойлайық. ( осы кезде топқа әжелер кіріп, шашуларын шашады. Тілектерін айтады).

1 әже: Армысыңдар ағайын!

Бармысыңдар ағайын! Бексұлтан әжесі

Ұлыс бақты болсын!

Әр күніміз жақсы болсын!

2 әже: Армысыңдар балалар!

Бармысыңдар халайық! Айдан әжесі

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық.

3 әжесі: Ұлыстың ұлы күні оң болсын!

Ақ мол болсын,

Егін ырғын өсіп

Ел тоқ болсын.

Жүргізуші: Рахмет ақ жаулықты әжелер, қонақ болып келген екенсіндер, төрлетіңіздер!

Жүргізуші:Ау, халайық, халайық

Әсем әнге салайық

Наурыз тойын көңілмен,

Бірге қарсы алайық - деп бүлдіршіндеріміздің кезекті өнерін тамашалайық.

Ән: «Наурыз келді, алақай!»

Жүргізуші: Келген сайын сіздерді,

Қуанамыз қарсы алып.

Көріңіздер біздерді

Тақпақ айтып, ән салып.

Ендеше келесі кезекті біздің бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына берейік. Орындалады ойларың, Құтты болсын тойларың. Жарас Жарқыраған жас Нұрлы Жаса Наурыз дәстүрлі.
Күн күліп көктен Шуағын төккен. Айдын Келді Наурыз Сағынып күткен.
Ау, жараңдар, келіңдер! Той қызығын көріңдер! Нұрай Наурызға бас иіп, Күнге сәлем беріңдер!
Ата - бабам тойлаған, Наурызым армысың! Ләйлә Қызыққа еш тоймаған Дархан дала, қарлы шың.
Наурыз шаттық әніміз, Салтанатты сәніміз Бексұлтан Ән салып жас - кәріміз, Би билейміз бәріміз.
Би билейик ән салып, Келді Наурыз, жар салып. Жәйна Жылда келсін ұлыс күн, Тұрайық есен қарсы алып.
Наурыз тойы - береке, Наурыз тойы - жыр аңыз. Жанболат Қызыл дулы мереке Қызық думан құрамыз.
Жүргізуші: Кел балалар билейік Наурыз тойын тойлайық. Баянды болып мереке. Қыр гүліндей жайнайық-дей отырып ортаға біздің биші қыздарды шақырайық.Би: Қамажай

Жүргізуші: Бірдей кәрі жасқа да,

Наурыз жақсы ай,

Жылан жылы той болсын,

Барлық бақшаларды-дей отырып келесі кезекті балалардың мерекелік

құттықтауларына берейік.

Ұлыс күні кәрі - жас,

Құшақтасып көріскен. Адият

Жаңаң ағытқан қозыдай,

Жамырасып көріскен.

Ұлыс күні қар еріп,

Сай - салалар гүрілдер. Айгерім

Көк шөбі шығып желкілдеп,

Дүние біткен күлімдер.

Күттіріп келген жыл басы,

Бізбенен бірге жырлашы. Арайлым

Дастарханына елімнің,

Береке - ырыс сыйлашы.

Тақпақ айтам, жыл басы,

Құлағыңды сал, тыңдашы. Сабина

Бар бөбекке өзіңдей,

Тыныш өмір сыйлашы.

Сәнді көктем- нұрымыз,

Наурыз тойы - жырымыз. Медведев

Көңіл гүлдей жайнасын,

Тіршілік жаңа оянсын.

Жарқыраған жас нұрлы,

Жаса, Наурыз дәстүрлі! Алина

Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,

Басын қосқан сан адам сан ғұрыптың. Аяна

Ұлыстың ұлы күні паш етейік

Белгісін достықпенен мәңгіліктің.

Жүргізуші: Көңілді өскен балалар,

Күлім қағып тұрады.

Тойымызға сән беріп

Шырқатып әнге салады - дей отырп біздің бүлдіршіндеріміздің, «Наурыз

жыл басы» әнін тамашалайық.

Жүргізуші: Наурыз тойы береке

Наурыз тойы- жыр аңыз.

Қызыл дулы мереке

Қызық думан құрамыз.

Келесі кезекті баллардың мерекелі құттықтауларына берейік.

Әнім де саған, биім де

Құт қонақ өзің үйімде Нұрлан

Қуаныш сыйлап еліме,

Күлімде, Наурыз күлімде.

Наурыз келді әнімен,

Салтанатты сәнімен. Даша

Қуантады біздерді

Қыздарымыз әнімен.

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Деніміз сау, мықты болсын. Айнара

Еліміздің несібесі көп болсын!

Ұрпағымыз көбейіп, тоқ болсын!

Ілесіп наурыз бен көктем жетсін,

Көңілін улкен- кіші көкке өрлетсін. Темірлан

Еңсесі көтеріліп ер- азамат,

Ескі жылмен реніш, өкпең кетсін.

Наурыз- гүл көктем,

Сенде ай арайлы. Жібек

Күлімдеп күн көктен,

Нұр шашып қарайды.

Ой қосылып ойына,

Бой қосылып бойына. Жамал

Аман- есен жетейік

Келер Наурыз тойына.

Наурыз келді- жыл келді,

Тірілтуге гүлдерді. Алихан

Сәнденеді аналар,

Сәбилермен бірге неді.

Жүргізуші: Шаңырақ еш уақытта шайқалмасын,

Берекеміз осылайша ортаймасын.

Босағаға Наурыз құт боп кіріп,

Аналардың жүздері қартаймасын! - дей отырып мерекелік

құттықтауларға берейік.

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз. Айым

Жас балаша нұрланып,

Жадырайды күніміз.

Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар. Айда

Халық сүйген мейрам - бұл,

Қарсы алайық тұрыңдар!

Наурыз, Наурыз жыл басы,

Наурыз бақыт жалғасы. Сара

Наурыз келді тамаша

Ән айтамыз таласа.

Ашылды да кебеже,

Дәм әзірлеу басталды. Трошин А.

Анам жұлдыз көжеге

Жеті түрлі ас салды.

Ұлыстың ұлы күні оң болсын,

Ақ мол болсын! Саша

Бүгін біз қазақ халқымыз сай дәстүрі бойынша кішкентай сәбиіміздің тұсауын кесуге алыстан жол жүріп келген әжемізді шақырайық. Ал сіздер құрметті қонақтар «Тұсау кесу» көрінісінің куәсі болыңдар.

«Тұсау кесу»

Халқымыздың ежелден бері келе жатқан дәстүрінің бірі- «Тұсау кесу». Бұл бала қаз тұрып, тәй - тәй басып жүрген кеде жасалатын дәстүр. Сәбидің тұсауын жүрісі әдемі, елге сыйлы адамға кескізеді. Ол адамның өмірін үлгі - өнеге етіп ырымдайды екен. Ендеше тұсау кесу рәсімін тамашалайық.

Жүргізуші: Кел балалар ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық.

Баянды болып мереке,

Қыр гүліндей жайнайық - деп қазақтың ұлттық «Арқан тартыс» ойынынын ойнайық. Арқан тартыс.

Жүргізуші: Мың бұралған арулар билей басып,

Міне ортаға келеді толқын тасып,

Аруларын сыйлаған халқым менің

Көңілді қошеметпен қарсы алайық «Саңырауқұлақтар» биін тамашалайық.

Жүргізуші: Аудандық әнші балапан байқауында І орынға ие болған Рақымжанова Аянаны «Әншашу» әнімен қарсы алайық. Ән: «Әншашу»

Ойын: «Шар» бұл ойында ата - аналар сұрақтарға жауап береді.

  1. Сүйінші қай уақытта сұралады?

  2. Наурыз туралы түсінік беріңіз.

  3. Ұлттық тағамдарда атңыз.

  4. Қазақша жыл санауды ретімен аітыңыз.

  5. Дастархан басында балаңызға қандай ескертулер тыйымдар жасайсыз?

  6. Қазақша апта күндерін атаңыз.

  7. Киіз үйдің құрылысын атаңыз.

Жүргізуші: Бүгін қызық бүгін той,

Біздер үшін біліп қой.

Әнге салып, би билеп,

Жалғастырсын ойды ой.

Келесі кезекті балалардың биіне берейік. «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші: Наурыз тойға жайылған

Әр үйде киелі дастархан.

Әнге қосып бәріміз,

«Дастархан» әнін шырқайық.

Ән: «Дастархан» Жүргізуші: Ой қосылып ойына, Бой қосылып бойына. Аман - есен жетейік, Келер Наурыз тойына - дей отырып құрметті қонақтар бүгінгі наурыз мерекесіне арналған «Армысың, Әз - наурыз» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!









































Айгөлек МКҚК балабақшасы










Ертеңгілік Тақырыбы: Армысың әз - Наурыз
Армысын Наурыз! «Үміт» тобы тәрбиешілері










2013 -2014 жыл

© 2010-2022