Урок по математике на тему 1 саны және цифры

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты:Математика

Уақыты:30.09.15

Кабинет:105

Мұғалім:Байгонова А.

Сабақтың атауы

1 саны және цифры

Мақсаты

1.Бірнеше заттың ішінен біреуін бөліп алып, сол заттың санын, 1 см арқылы да бір санының пайда болатынын көрсету, түсіндіру 2. Тапқырлыққа баулу 3. Байқағыш, көргіштік қасиетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Геометриялық фигуралар, әр түрлі заттардың шаблоны, электронды оқулық.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

-Балалар, бүгін бізге Жұмбақбай ата қонаққа келіп отыр, сендерге бірнеше жұмбақ әкеліпті. Осы жұмбақтарды шеше отырып бүгінгі сабағымыздың мақсатына жетейік.

1.Ақыл -ойдың шырағы,

Зәулім көктей шынары.

Биігіне шықсаң да,

Қанбайды адам құмары. (Білім)

2.Білімнен мол

Сый, асы.

Балдырғандардың ұясы (Мектеп)

-Ал сендер нешінші сыныпта оқисындар? ( 1)

-Жұмбақбай атамен бірге бізге «1 » цифра келді. Бұл цифра не нәрсеге ұқсайды?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

а) Көп заттың ішінен бір затты бөліп алу,оның санын анықтау.


ә) Оқулықпен жұмыс:

1см

Алма-3 сары алма-1

Алмұрт-3, көк алмұрт-1 б) 1 санының цифрымен таныстыру.

Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып, Бір тынығып алайық.

Сергіту сәті

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма:

1) Қара өрік-1 Шие-1 Өрік-1

2 ) Суреттегі нәрселерді санату. Тек біреу болса ғана, 1 деген жазуы бар қорапқа салғызу.

3. 7 алманы кірпі 1 алмадан неше рет тасиды? 4. Бірінші қатардағы заттардың санын анықтау.(жеке-жеке) 5. Құстардың ішінде пілдің суреті тұрғаны дұрыс па?

Дәптермен жұмыс:

1 цифрын жазу. 1- ден 10-ға дейін оң санау. 10-нан 1-ге дейін кері санау.

Рефлексия

Бүгін біз сендермен қанша саны және цифрымен таныстық?

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Урок по математике на тему 1 саны және цифры

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022