Математикалық сандық ойын сайысы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаттары: Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп , есте сақтау қабілеттерін шыңдау, білімге деген қызығушылығын арттыру. Шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қолданылған нақыл сөздер:

«Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика»( М.Ломоносов)

Математика- ең маңызды ғылым бұл.

Сондықтан да, сондықтан да,

Сол ғылымның тілін біл!

Барысы:

Мұғалім: Қайырлы күн ұстаздар мен оқушылар, көрермендер!

2*А* сынып оқушыларының арасында өтетін *Математикалық сандық* ойын сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайыс топтық ойын түрінде өтеді.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Сайысқа бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді - дей отырып,

ортаға біздің кішкентай сайыскерлерімізді шақырамыз.

Шеберлікті, білімді,

Сараптап сіздер көріңіздер.

Әділқазы алқасы,

Әділ баға беріңіздер! - дей келе,

сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын таныстыруға рұқсат

етіңіздер.

Азмагамбетова Б.С., Охан Майрагүл математика пәндерінің мұғалімдері.

Бүгінгі сайыс бес кезеңнен тұрады.

1-кезең *Таныстыру*

2-кезең *Бәйге*

3-кезең *Ойлан, құрастыр, шығар*

4-кезең *Ғажайып алаң*

5-кезең *Кім жылдам?*

Жреби арқылы шығу кезектерін анықтап алу, әр топтан бір оқушы шығады.

Көңілді тапқырлар мен білгіштер,

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады -дей отырып,

*Таныстыру* кезеңін бастайық. Әр топ өздерін таныстырады.

I-топ *Шеңбер*

Ұран: Шеңберге біз тұрамыз,

Шаттық тілеп достарға.

Ақыл-ойды тәртіпке,

Келтіреміз шеңберде.

II-топ *Төртбұрыш*

Ұран: Парта, тақта, кітап та,

Бәрідағы төртбұрыш.

Айналанды қоршаған,

Барлық заттар төртбұрыш.

III-топ *Үшбұрыш*

Ұран: 1.2,3 жинап алып күш,

Сайысқа бізбен түс.

Тапқыр, шапшаң балалар,

Үшбұрыштан табылар.

2-кезең *Бәйге* Әр топ 1 минут ішінде 5 сұраққа жауап беруі тиіс.

I-топқа *Шеңбер*

Қосудың компоненттерін ата.

Ұзындықтың өлшем бірліктері.

50 санының көршілері.

Теңсіздік таңбалары.

67 санының ондықпен бірліктерін ата.

II-топқа *Төртбұрыш*

1 сағат неше минутқа тең?

Бұрыштардың түрлері?

Азайтудың компоненттерін ата.

74 санының көршілес сандарын ата.

Толық ондықтармен өсу ретімен сана.

III-топқа *Үшбұрыш*

Екі жағы тұйықталған түзу сызық қалай аталады?

10 санының құрамы.

Көпбұрыштарды ата.

1 м неше см-ге тең.

Ең кіші екі таңбалы санды ата.

3-кезең *Ойлан, құрастыр, шығар*

Есептен сайысады үш тобымыз,

Алға озар осы жолда ең мықтысы.

Көпшілік білімдерін сараламақ,

Сұрамақ шығуларын жұрт алдына.

Берілген сурет бойынша есеп құрастырып, шығару. (ауызша)

4-кезең *Ғажайып алаң*

20

40

20

30

20

30

Cол жақтағы -20

Нанды үш бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек ?

Оң жақтағы -20

Күләш Әсемнен биік, Әсем Айнұрдан биік. Бойы ең ұзын кім ? Бойы ең қысқа кім?

Ортадағы -20

Қорапта 11 алма бар. Қорапта 5 алма қалу үшін неше алма алу керек?

Сол жақтағы-30

Оркестрде 6 қобыз , одан 4-еуі артық домбыра бар. Оркестрде неше домбыра бар?

Оң жақтағы-30

Хайуанаттар бағында маймылдарға 17 банан берілді. Оларда 7 банан қалды. Маймылдар неше бананды жеп қойды?

Ортадағы-30

Шегірткелер 17,

Бірлесіп хорға ән салған,

Жетеуі оның кенеттен,

Айырылды дауыстан.

Есептендер, енді біз

Естиміз неше дауысты?

Сол жақтағы-40

Автобуста 30 жолаушы келе жатты. Аялдамадан 10 жолаушы түсіп, 10 жолаушы мінді. Автобуста қанша жолаушы?

Оң жақтағы -40

Ағашқа 15 торғай және торғай қанша болса, сонша тоқылдақ қонды. Ағашта барлығы неше құс болды?

Ортадағы-40

Өткізген тырна сабаққа,

Қатысты 17 сауысқан.

Жетеуі ғана олардың,

Дайындалған сабаққа.

Неше жалқау сауысқан,

Қатыспаған осы сабаққа?

5-кезең *Кім жылдам?*

Берілген әріптерден геометриялық пішіндердің атауларын құрастырып жаз.

Е, ң, ш, б, р, е - шеңбер .

Ш, ұ, б, р, ы, ү, ш - үшбұрыш.

Т, р, ұ, б, ш, р, ө, т, ы - төртбұрыш.

Ш, ы, р, ш, а - шаршы.

Қорытынды.

Сөз кезегін әділқазы алқасына беру. Әр топты марапаттау.



© 2010-2022