Сөз, Сөз таптары (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сөз,Сөз таптары (2 класс)Сөз,Сөз таптары (2 класс)Сөз,Сөз таптары (2 класс)Сөз,Сөз таптары (2 класс)

№202 орта мектеп

Ашық сабақ

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Сөз»

Мұғалім: Бегимова Света

Класы: 2 «Б»


Қазақ тілі-2 Тақырыбы: «Сөз»

Бегимова Света Серікбайқызы. Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, №202 орта мектеп.

Тақырыбы: «Сөз»

Мақсаты: 1. Сөйлемнің сөздерден, сөздің дыбыстардан құралатынын, дыбыс әріппен таңбаланатынын оқушылардың есіне түсіру. Сөздің белгілі бір заттың, құбылыстың, сын-сапаның атауы екенін үғындыру. Сөздің өзіне тән мағынасы болатынын байқату.

2. Оқушылардың ақыл-ойын байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.

3. Топпен жұмыс істеуге мүмкіндік туғыза отырып оқушылардың өз-өзіне деген сенімін ояту, әдептілікке ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.

Сабақтың корнекілігі: Слайд, кесте, өзіндік бағалау парағы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Класты топқа бөлу.

  1. Алғырлар тобы

  2. Тапқырлар тобы

  3. Білгірлер тобы

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

Ойын «Сиқырлы шаршы»

Сөйлем деген не?

- Хабарлы сөйлем деген не?

- Сөйлем түрлерін ата?

- Сұраулы сөйлем деген не?

- Мәтін түрлерін ата?

- Лепті сөйлем деген не?

3. Жаңа сабақ

1. Ой қозғау. 280-жаттығу

Әр бағанда не жазылғаның оқып, бір-бірінен озгешілігін табу.

Сөз,Сөз таптары (2 класс)

  1. Ереже

Сөз - заттың, сапаның қимылдың санның атауы. Мысалы: ай, үй, ақын, тұнық, әдемі, жиырма, түсін.

281-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып бірнеше сөз жаз.


  1. Сергіту сәті. (ойын турлері)

1-топ «Шапалықты тыңда»

2-топ «Кімнің атасы бар?»

3-топ «Адамға адам»

6. 282-жаттығу. Сөздерді білдіретін мағынасына қарай топтап жаз.

7.283-жаттығу жұмбақты оқып, шешуін тап.

Адассаң ал қолыңа

Бағыт сілтер жолыңа (тұсбағар)


  • «Тұсбағар» сөзіне үш түрлі дыбыстық талдау жасау.

1-топ Тұсбағар-7 әріп, 7 дыбыс, 3 буын, 3 д-ты ұ,а,а, 5-д-з,т,с,б,ғ,р.

2- топ Тұсбағар о 7, - т,с,б,ғ,р р -ұ,а,а

3- топ Т- д-з, қатаң.

Ұ-д-ты, жуан

С- д-з, қатаң

Б- д-з, ұяң

А-д-ты, жуан

Ғ- д-з, ұяң

А- д-ты, жуан

Р- д-з, үнді

8. Қорытынды бөлім.

Ойын «Қас қағым сәт»

( есте сақтауға слайдта 7 сурет беріледі) балалар қандай сурет көргендерін салу керек.

  1. Суретті есте сақтау

  2. Дәптерге салу

9. Үйге тапсырма.

284-жаттығу

10. Сабақты бекіту.

Өзіндік бағалау парақтарын тарату, бағалау.



Қазақ тілі-2 Тақырыбы: Сөз таптары

Бегимова Света Серікбайқызы. Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, №202 орта мектеп.


Мақсаты: Cын есім,сан есім,зат есім,етістік - сөз таптары екенін дәлелдей отырып түсіндіру
Міндеттері:
А) білімділігі:Сөз таптарын ажырата білуге,оларды сауатты әрі көркем жазуға үйрету;
Ә) дамытушылығы:Ойлау,есте сақтау қабілеттерін,тілін,сөздік қорын байыту,дамыту.
Б) тәрбиелігі:Оқушыларды адамгершілікке,тапқырлыққа,шапшаң ойлауға,өз ойын қорыта айта білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Әдіс-тәсілдері:репродуктивті,эвристикалық /сұрақ қою,табу,іздену/,топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс :ана тілі,дүниетану,музыка,өзін-өзі тану
Көрнекіліктер: интерактивті тақта,слайдтар,ойын тапсырмалар,электрондық оқулық
Сабақтың толық нұсқасын көрнекілектерімен бірге көшіріп алыңыз.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық дайындық..
- Қонақтармен сәлемдесу
2. Е.Ашықбаевтың «Кітаптың жыры» өлеңі /музыка ойнап тұрады/ /слайд1/
Деме:
«Оңай үйренем».
Ақыл айтсам -
Егеспе.

Оқу деген - «Инемен құдық қазу» емес пе?
Менің әрбір жолымда-
Өмірдегі үлесің
Мен отырсам қолыңда,
Білмегенді білесің.
Көп пайдадан құр қалма,
Жалқауланып отырып
Қолдан келіп тұрғанда
«Кел,балалар,оқылық!»

3.Ұранымыз:
Оқы,үйрен,талаптан
Күліп,ойлан,шаттан.

Осы ұранымызды ұрандатып бүгінгі сабақта өз білімімізді одан әрі тереңдете түсеміз.Ол үшін көптеген қызықты тапсырмалар орындаймыз.Ол үшін бізге көтеріңкі көңіл-күй керек.

4. Көңіл-күйін анықтап оны басқару

Өздеріңнің көңіл-күйлеріңді білдіретін түсті жүрекшелеріңді көтеріңдер. Сабақта әр дұрыс жауапқа менің жүрек жылуымды /кішкене жүрекшелер/ аласыңдар, соңыңда жылу саны бойынша тиісті бағаларыңды алып, көңіл-күйлерің одан әрі көтеріледі деген үміттемін. /Слайд 2/

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру /слайд4/
- 3- жаттығу; 142-бет
Мақсатымыз: Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру

  1. Бейне сұрақ /3 сұрақ «Сөйлем» тақырыбына байланысты/

  2. «Сөз және оның құрамы» тақырыбын қайталауға арналған тест тапсырмалары.

  3. Қорытындылап, жалпы сабаққа мақсат қою.

V. Көркем жазу.
1. Экранда не көріп тұрмыз? Бұл қандай бұлттар? /әріпті бұлттар/
Қазақ тілінде неше әріп бар?Көк аспанда қандай қалықтап ұшып жүр? /көгершін/
Ендеше көгершін туралы электродық оқулықтағы тапсырмаларға назар аударайық .
- «Ка» әрпін, «К» дыбысын көркем етіп жазайық../электр.оқулық/

2. Балалар аспанда әріпті бұлттар үйірілгенде табиғатта қандай құбылыстар болады?
- Жауынның қандай түрлерін білесіңдер?
Слайдтағы бұлтты әріптерімізден не жауып тұр? /буынды жаңбыр/
- Жаңбыр жауғанда жер бетінде,табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Ендеше табиғатта гүлдер,ағаштар жайқалып өссе, қазақ тілінде буыннан не құрлады? /сөз/
- Олай болса осы сөздерді көркем етіп жазамыз. /көбелек,кірпі, күн,көгершін,кілт,күрек/

V. Жаңа білімді меңгерту.
1. Тірек сызбамен жұмыс
Сөз деген не?
Сөз- заттың атауы- зат есім- Сөз табы
Сөз- сапаның атуы-сан есім- Сөз табы
Сөз-қимыл атауы - етістік- Сөз табы
Сөз- санның атауы-сан есім-Сөз табы
/түсіндіре отырып жаңам сабақты ашу,түсіндіру,оқушылардан түсігенін айтқызу/

2. Меңгергенін тексеру
А) Тілдік-грамматикалық 3-жаттығу: Сөздерді оқып,оларға сұрақ қойып,мағыналарына қарай кестеге орналастыр.

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Жұлдыз

Тау

Ата

Ақын

Адам

құс

Оқыды

Жуынды

жүзді

Көк

Үлкен

Биік

жасыл

Екі

Жеті

отыз

ә) Танымдық 4-жаттығу:Сөздерді оқып,қайсысы заттың атын,қайсысы заттың қимылын білдіретінін анықта.
Қайық,бала,бақа,доп,құс,ұшақ,ағаш,балақай.
Жүзеді,секіреді,ұшады,өседі,жүреді.

  1. Сергіту сәті

Б) 5-жаттығу: Жаңылтпашты оқып,жатқа айт./ауызша/
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім?

В) Тілдік-грамматикалық 7-жаттығу: Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендір.
Зат есім әдепті,қызық,қоңыр,қышқыл
Етістік жеті,тоғыз,жиырма,елу,мың.
Сын есім аққу,емен,оқулық,уа
Сан еім биледі,өсті,тазалады,ұшты

Г/ Қосымша тапсырма:

  1. VII. Бекіту кезеңі.

А) «Сөзден сөйлем» ойыны
1-ші сұрақ: Заттың аты
2-ші сұрақ: Заттың түрі, түсі.
3-ші сұрақ: Заттың қимылы

ә) Қорытынды сұрақ-жауап.
- Бүгінгі сабақта не білдік? Сөз деген не?

VIII. Үйге тапсырма беру
6-жаттығу; 145-бет

Тапсырмасы: Мәтінді оқып, мәтіннен борсық туралы не білгеніңді айтып бер.
Борсық- Қазақстанда кең тараған жануар. Дене тұрқы 75 сантиметрден асады. Орманды, таулы, далалы, сулы жерлерде кездеседі.

Мәтіннің бастапқы бөлігін көшіріп жазып, сөз таптарына талда.

ІХ. Оқушыларды бағалау.
- Жүрек жылуларын санап қорытынды шығару:
«5» - 5-6жылу
«4» - 3-4 жылу
«3» - 1-2 жылу

Ризасыңдар ма?
Ендеше «Ризамын» өлеңін айту


© 2010-2022