Ана тілі 1 сынып Аққала

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілі 1 сынып Аққала

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Бірлестік:

бастауыш сынып мұғалімдері

Мұғалім: Жакишева С.В.

Пәні: ана тілі

Тақырыбы: Аққала.

«Сөйлем, сөз, дыбыс, әріп» тарауы бойынша 6 сағаттың №3 сабағы.

Өткізілетін күні: 13 қаңтар.

Сыныбы: 1 «Ә»

Сабақтың мақсаты:

Білімдік:

  • қыс мезгілінің ойындары туралы ерекшеліктерін түсінеді;

  • сөйлемдердің бас әріптен басталып жазылатынын ажырата біледі;

  • дыбыс пен әріптің айырмашылығы қайталанып, дыбыс туралы алған білімдері пысықталады.





Дамытушылық:


  • өзбетінше, жұппен, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытады;

  • Венн диаграммасы әдісін, суреттерді пайдалана отырып оқушылардың ойын қозғау арқылы сабаққа

деген ынтасы, қызығушылықтарын арттырады;

  • сөздерді салыстырып оқуға дағдыланады ;

  • сөздік қорын, ой-өрісін, шығармашылығын, белсенділігін, сабаққа деген қызығушылығын

дамытады.





Тәрбиелік:


  • тапсырмалар арқылы оқушылар жұмыс жасай отырып, алғырлыққа, тапқырлыққа,

байқампаздыққа, көркем жазуға;

  • табиғатты қорғауға, қамқор болуға;

  • бір-бірімен қарым-қатынас жасауға;

  • бірін-бірін тыңдауға, дәлелдеуге, ортақ шешімге келуге тәрбиленеді.

Пәнаралық байланыс:

әдебиеттік оқу, қазақ тілі

дүниетану.

Сабақтың түрі:

7 модульге негізделген жаңа сабақ.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

1.

өздігінен жұмыс;

3.

топпен жұмыс;

5.

«Ыстық орындық»;

2.

жұппен жұмыс;

4.

сыныппен жұмыс;

6.

«Венн диаграммасы».





Сілтеме:

  • «Ана тілі» оқулығы , Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова, С. Тәжімбетова, Алматы «Атамұра» баспасы, 2012 жыл

  • Әдістемелік құрал, Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова, С. Тәжімбетова, «Алматыкітап» баспасы, 2012 жыл

  • Дидактикалық материалдар, Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова, С. Тәжімбетова, «Алматыкітап» баспасы, 2010 жыл

  • Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы, ???М.Қ.Солтанғазина, «Алматыкітап» баспасы, 2010 жыл

  • Электронды оқулық.





Көрнекіліктері:

  • интерактивті тақта;

  • әріптер;

  • А-4 қағаздары;

  • электронды оқулық;

  • суреттер;

  • маркерлер;

  • бейнетаспа;

  • түрлі түсті борлар;

  • постерлер;

  • Ананың суреті;

  • стикерлер;

  • ватман.













Күтілетін нәтиже:

1.

Сауат ашу пәнінен алған білімдерін еске түсіреді;

2.

әңгімелеу туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастырады;

3.

Сөйлеу не үшін қажет екенін үйренеді;

4.

дыбыстарды өзара ажырата біледі;

5.

дауысты жуан және жіңішке дыбыстарды өзара ажырата біледі;

6.

сөздік қорларын байытады;

7.

дыбыстық талдау жасауға;

8.

жаңа танысқан сөздерді өмірде пайдалануға үйренеді;

9.

туған жерге, өз тіліне сүйіспеншілігі дамиды ;

10.

еңбек сүйгіштікке тәрбиеленеді;

11.

сабаққа қызығушылықтарын әрі қарай дамытады;

12.

өз ойларын ортаға сала білуге ;

13.

бір-бірінің пікірін тындауға, ортақ шешімге келуге үйренеді;

14.

өзіндік, жұптық, топтық жұмыс түрлерінде іс-әрекеттері, белсенділіктері арттырады;

15.

сыни ойлауға үйренеді.









Бағалау:






Топ басшысын топ мүшелері бағалайды.

Оқушылар бір- бірін бағалайды.

Қолдарына қызыл, жасыл, сары бағдаршам көздерін көрсетеді. Оқушылардың қолында қызыл, сары болса топ басшысы түсінбеген жерлерін түсіндіреді.


Топ басшысы топтағы оқушыларды бағалайды.

Бағдаршам

Түсінгенін білу үшін қолданыңыз.

Қызылтүс - түсінгенжоқпын;

Сары түс - әлі де практика қажет/сұрақтар бар;

Жасылтүс - барлығытүсінікті.

Үй жұмысына нұсқаулық:

7-8-бет. Аққала өлеңін жаттау.

4-жаттығу.

Дағ

ды.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Күтілетін

нәтиже.


1. Қызығушылығын ояту. Балаларды дөңгеленте тұрғызу. Балалармен амандасу Сергілту сәті Қаражорға биі --Сыныпта кім кезекші? Сабақта кім жоқ?

Балалардан көңіл-күйлерін сұрау.

І-топ - «Білімді»

ІІ-топ - «Талапты»

ІІІ-топ - «Ойшыл»

ІV-топ - «Тапқыр»

V-топ - «Дарынды»

VI-топ - «Жүйрік»

-Олай болса, үйге қандай тапсырма берілді, кім айтады? -Жақсы.Олай болса, үй тапсырмасына бәріміз әзірміз бе?

Балалар дөңгелене тұрды.

Амандасты.

Музыка ырғағымен жаттығу жасайды.

Кезекші сабақта кім жоқ екенін айтты.

Балалардың жауаптары тыңдалады

Үйге А. Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін жаттқа айту.

Жаттаған өлең шумақтарын айтады

Оқушылардың көңіл күйлерін көтеру арқылы сабаққа назар аударады. Белсенділік қабілетін артады.

Б

І

Л

І

М

Аққала

өлеңін мәнерлеп оқу.

Ауыл алды ақша қар,

Ақша қарда балалар

Соғып жатыр аққала.

Бірі-инженер, бірі ұста,

Жалқауы жоқ жұмысқа,

Кіп-кішкентай боп қана.

Бірі әкеліп қар үйіп,

Біреуі әйнек ойыпты,

Біреуі есік қойыпты.

Өздеріне шақ қана.

Бірі қарға су құйып,

Күліседі күлімдеп:

Бітірейік деп қана.

Өлеңдегі мынасөздерге талдау жасау.

Инженер

Ұстаз

Көркем жазу

Ұстаз

Оқушы

тақтадағы сурет бойынша ойларын ортаға салуға, пікірлерін айтуға бағыттайды.

Оқушылар өлеңді тыңдайды, мәнерлеп оқиды. Не туралы айтылғанын түсінеді.

Түсініксіз сөздерді

мұғаліммен біріге отырып сөздердің анықтамасын жазады.


Инженер - технлогия мамандығымен байланысты қызымет ететін адам.

Ұста- темірден әр түрлі заттар жасайтын адам.

Оқушылар жазу жолына сөздерді толтырып әдемі етіп жазады.

Негізгі біліммен танысады.

Сөздердің мағынасын түсінеді.




Т

Ү

С

І

Н

У

Жетекші сұрақтар арқылы оқушыларды әңгімеге тарту.

Аққаланы неден жасайды?

Аққала сөзіне дыбыстық талдау жасау.

  • Дыбыс деген не?

  • Әріп деген не?

  • Дыбыстың қандай пайдасы бар?


  • Әріптің қандай пайдасы бар?


  • Дыбыстар неше топқа бөлінеді?


  • Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы неде?

Терме диктанты

У дыбысы бар сөздерді теріп жазу.

Ауа, ойын, жалау, қияр, қуану, сырғанақ, оқу

Сергілту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы, қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жөнелді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, ойлары мен білетіндерін айтады.

Қардан жасайды.


  • Дыбысты біз естиміз, айтамыз.

  • Әріпті біз жазамыз, көреміз,

  • Әндерді, музыканы, құстар, жануарлар, табиғыттың дыбыстарын естиміз, ауызекі сөйлейміз.

  • Кітаптарды, журналдарды оқимыз, хат,

смс жазамыз, интернет пайдаланамыз.

  • Дыбыстар 2 топқа бөлінеді: дауысты және дауыссыз.

  • Дауысты дыбыстар әндетіп, созылып айтылады. Дауыссыз дыбыстар кедергіден және шудан тұрады.

  • Оқушылар өлеңде берілген шумақтарды қимылмен көрсетіп, денелерін шынықтырады.

Ауа, жалау, қуану, оқу сөздерін теріп жазады.

Өлең шумақтарын айта отырып, қимылдарды көрсетіп жасайды.

Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып,түсінеді.

Жаңа білімдермен танысады.


Әріптерді ажырата біледі.

Бойлары сергиді, сабаққа деген көңіл күйлері сөтеріледі.

Қ

О

Л

Д

А

Н

У

3-жаттығу. Әрбір сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқу.

Әңгімеде неше сөйлем бар?

Бірінші сөйлем қанша сөзден құралған?

Екінші сөйлемде кім туралы айтылған?

Соңғы сөйлемде не туралы айтылған?

Қыс мезгіліне байланысты сөздер айтқызу. Сөйлем құрастыру.

Қыс қызығы басталды. Айбол жылы киінді. Ол шанасын алды. Төбеге барды. Онда сырғанақ тепкен балалар көп екен. Ойын қызықты болды.

Әңгімеде алты сөйлем бар.

Бірінші сөйлем үш сөзден құралған.

Айбол туралы айтылған.

Ойын туралы айтылған.

Қар, сырғанақ, боран, аяз, шана, коньки, шаңғы

Оқушылар білетін білімін пайдалана отырып тапсырмаларға жауап береді. Білімін өмірде қолдануға үйренеді.

Сөздік қорлары көбейеді, ойлау қабілеттері дамиды.

Т

А

Л

Д

А

У

Кубизм әдісі арқылы сұрақтарға жауап іздейді.

  • Сөйлем неден құралады?

  • Сөйлемнің соңында не қойылады?


  • Қыс мезгілдерінің атаулары


  • Қыс мезгілі қай айдан басталады?


  • Аққаланы неден жасайды?

Эссе

"Қысқы ойын" тақырыбына әңгіме құрастыру.


Сөйлем сөзден құралады.

Сөйлемнің соңында нүкте қойылады.

Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Желтоқсан айынан басталады.

Аққаланы қардан жасайды.

Оқушылар топта әңгіме құрастырады.

Сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін көрсетеді.

топтарда бірлесе талдай отырып ойларын қорғай білу қабілеті қалыптасады.

Ж

И

Н

А

Қ

Т

А

У

Тақтаға ілінген плакат.

Не?

Қандай?

Қайтеді?

Не?

Қардан не жасауға болады?

Оқушылар түгел қатыса отырып бес жолды өлең құрайды.

Не? Қар

Қандай? Ақ

Қайтеді? Ериді,су болады.

Не ? Қыс

Қар ақ Ериді,су болады. Ол қыс мезгіліне жатады.

Оқушылар өздерінің қиялдарын жазып,қорғайды.

Өздері білетін заттың жаңа қырларын іздейді және қиялдай отырып, жаңа нәрсе жасауға үйренеді.

Ыстық орындықта отырып өзін жауапкершілікті сезінеді.

Б

А

Ғ

А

Л

А

У

«Аққала өлеңіне» қандай баға бересіңдер?

Өлең ұнады ма? Ұнаса несімен ұнады?

Қарға сипаттама беріңдер.Ұнайтын және ұнамайтын жақтарын жазыңдар.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, қойдың жақсы және жаман немесе өзіне ұнамайтын жақтарын жазады.

Өзері оқыған материалдағы айтылмаған ойларды іздеуге,шығарма

Шылық жұмысқа ұмтылады.



© 2010-2022