Сәлем беру - кішіліктің белгісі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Сәлем беру - кішіліктің белгісі»

Мақсаты: Халқымыздың салт - дәстүріндегі инабаттылық ережесі туралы

түсініктерін тереңдету арқылы балаларды сәлемдесу мәдениетіне, үлкенді

сыйлауға, имандылыққа тәрбиелеу.

Балаларды әдептілікке, кішіпейілділікке, сыпайылыққа, адамдар мен қарым

- қатынас жасай білуге баулу.

Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, үйрету.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, бүктемелер, слайд,нақыл сөздер.

Барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Кіріспе

ІІІ. Сәлем беру түрлері

ІV. Қорытынды

Шаттық шеңбері.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге!

Бүгінгі « Сәлем беру - кішіліктің белгісі» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

«Сәлем беру - кішіліктің белгісі» деп аталатын тақырып, яғни ол тегін емес. Неге десеңіздер сәлем - әдептілік белгісі.

Сәлемдесу адамдардың бір - бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөлену, тілдесу, яғни ізеттілік пен инабаттылық нышанын білдіреді.

«Сәлем беру - кішіліктің белгісі» деп неге айтқан?

Үлкен адамдарға сәлем беру - кішінің міндеті. Сәлем беру инабаттылық, имандылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.

Ал, балалар енді біз кімге қалай сәлем береді екенбіз.

Кісі көрсем көшеден,

Таныс емес демеймін,

Аға, тәте, көкеге

«Сәлеметсіз бе!» деймін.

Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы жалпы үлкенді сыйлап,

алдынан қия өтпей сәлем беру ата - дәстүрімізде бар қасиет.

Енді біз үлкен кісілеріміздің алтын ақылдарын еске түсірейік.

Аян: Үйде, балабақшада, көшеде : «Сәлем !», «Сәлеметсіз бе!», «Қайырлы күн!»

деген ізгі сөзді айтуды ұмытпа!

Дана: Жасы кішілер үлкендерге сәлем береді,

ал ұл балалар қыздарға амандасады.

Аяулым: Сұрағыңа жауап немесе сыйға ұсынылған затты алып тұрып, «рахмет»

деген ізгі сөзді айтуды ұмытпа!

Еркежан: Егер сен байқамай біреуді қағып кетсең немесе ренжітіп алсаң, сол жерде

кешірім сұра.

Еркежан мен Аяулым қыздарыңыздың орындауында « Не деп барып жеу керек?»

Балалар, сәлем беру, әдептілік туралы көптеген даналар өз ойларын айтқан екен. Өздерің білетін нақыл сөздерді айтайық.

Слайд көрініс. Тақырыбы: «Сәлем беру - кішіліктің белгісі.(балалар өз ойларын айтады)

Нұрлан: Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Темірлан: Кеспе жолын үлкеннің, шыдамсыздық үлкен мін,

Сыйлап үлкен кісіні, аялаған кішіні.

Бірге: Ана алдында - құрмет, ата алдында - қызмет.

Сергіту сәті

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Баршаңызды құрметтеп

Бас иеміз біз

Қане, балалар атаң мен әжеңнің аузынан естіген әдепті, тағылымды сөздерді кім айта алады ?

Анель: Атам менің әрқашан

Кішіпейіл бол деген

Ақыл сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем

Нұрай: Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де

Енді балалар, мен сендерге әдептілік жайында өлең оқимын, қандай әдепті сөз айту керек екенін айтасыңдар. Мұқият тыңдаймыз.

Би: «Гүлдер»

«Балдырғандар вальсі»

Ой толғау. «Қонақ күту» (өз ойларын дәптер бетіне түсіру)

Енді балалар тақтаға қараңдаршы. Сәлемдесудің түрлері ілінген. Қане, бәріміз сәлемдесудің қандай түрлері бар екенін айтайық. Жаңа өздерің түрлерін айттыңдар. Еске түсіреейік.

Тақтада ілінген нақыл сөздердің мағынасын түсіндіріп, суреттерге тоқталып өту.

Қорытынды

Міне, балалар осынау бәрінен қандай түйін шығарар едіңдер?

Сөздің басы сәлеммен басталады. Сәлемдесе білу де өнер. Сәлемдесе білейік.

Сәлем беру өткінші міндет емес, өмірлік міндет.

Сәлемдесуден жалығуға хақымыз жоқ.

Сәлем беру - кішіліктің белгісі

«Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені»

Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді.

Ешқашан да сәлем беруден шаршамайық.

Біздің топта ұл - қыздар

Тату - тәтті ойнаймыз

Әлемдегі бар жанға ,

Тек жақсылық сыйлаймыз,- деп бүгінгі болып өткен «Сәлем беру - кішіліктің белгісі» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


© 2010-2022