Сыныптан тыс сабақ Кәмелетке толмағандарға қолданылатын жаза түрлері

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 17.10.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Кәмелетке толмағандардың әкімшіліктік және қылмыстық жауапкершілігі

  • Сайыстың мақсаты:

Оқушылардың құқықтық білімдерін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісіне керек екенін ұғындыру, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, оқушылардың ой- өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, сөздік қорын молайту, оқушылардың бойына құқықтық патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.

Сайыстың жүру барысы:

1.Ұйымдастыру

Қайырлы күн оқушылар. Көңілді күн биін билейік. «Еліміздің ертеңгі тағдыры сіздермен байланысты» деген еді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл сөзді қалай түсінесіздер? Ата Заң- қорғанымыз. «Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығын да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсу біздің міндетіміз.
Ендеше балалар бүгін біз кәмелетке толмағандардың құқық ұзушылығы жайлы ойларымызды ортаға саламыз.

Ал енді құқық сабағына байланысты сайсымызды бастайық. 3-топқа бөлініп отырмыз.

1-топ:

1-кезең: Дұрыс және бұрыс

3 кезең «Дұрыс және бұрыс» деп аталады. Бұл шартта сұрақтардың дұрыс, бұрыс екендігі анықталады. Сұрақтар Бала құқығы туралы конвенциядан алынды.

1-топ

1.Бала құқығы туралы конвенция 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ- ның Бас Ассамблеясы қабылдады? Ж: Дұрыс

  1. жасқа толған жеткіншек бала деп саналады Ж: Бұрыс

3. Мемлекет баланы зорлық- зомбылықтың барлық түрінен қорғауға, оның құқығын қорғауға тиісті шараларды қолдануға міндетті. Ж: Дұрыс

4.Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқығы жоқ Ж: Бұрыс

2-топ

1.Әрбір бала өмір сүру құқығына ие Ж: Дұрыс

2.Бала қандай шекара болмасын өз ойын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, ақпарат таратуға құқысыз. Ж: Бұрыс

3.Конвенцияның 18 бабында ата- ана жауапкершілігі туралы айтылған. Ж: Дұрыс

4.Заң бұзған бала өзінің ар- намысын, тұлғалығын оятатын, дамытатын лайықты ілтипат алуға құқысыз. Ж: Бұрыс

3-топ

1.Конвенцияда «Баланың білім алуға құқығы бар деп көрсетілген» Ж: Дұрыс

2. ҚР мемлекеттік рәміздерін құрметтемеуге міндетті. Ж.Бұрыс

3. Адам құқығы заңмен қорғалады. Ж.Дұрыс

4. Кәмілетке толмағандар деп 18 жасқа толған бааларды айтамыз . Ж.Бұрыс

2 кезең «Шығармашылық тапсырма» деп аталады. Бұл кезеңнің шарты әр топқа атпсырмалар беріледі. Соны басқа топтарға түсіндіру керек.

1-топ. Кәмілет жасқа толмағандарға тыйым салынады

2-топ. Кәмілет жас деген сөз шығатындай етіп ребус құрау

3-топ Кәмілет жасқа толмағандарға қолданылатын жаза түрлері Әкімшілік құқықбұзушылық 9 тарау,72-бап Кәмелет жасқа толмағандардың жауапкершілігі

73-бап Кәмелетке толмағандарға қолданылатн жаза

3 кезең

«Тосын жағдай» деп аталады. Эверестикалық тапсырмаларға жауап берейік.

1 тапсырма

  • Сыныптастарының туған күнін атап өткен 5- сыныпта оқитын мектеп оқушылары түн ортасында тұрғын ійлердің айласында би кешін ұйымдастырды. Сағат 10:00 де музыканың үні мен шулаған оқушылардың айқай- шуы естілді. Тұрғындар ұйқыларынан оянып, шуды тоқтатуды өтінген. Тұрғындардың өтінішіне құлақ аспаған олар полиция қызметкерлері келгенше биді жалғастыра берді.

Сұрақ:

  1. Мектеп оқушылары қандай құқық бұзушылыққа жол берді

  2. Оларды жауапкершілікке тартуға негіз бар ма?

  3. Әкімшілік жазаны қалай қолдануға болады? Қандай заңда көрсетілген?

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 112-бап

2тапсырма

Атырау қаласында 5 сынып оқушысы қоғамдық орындарда, көшеде шемішке шақты.Оны полиция қызметкерлері ұстап алды..Әкімшілік құқықбұзушылық

Сұрақ

  1. Оқушының әрекетін қалай бағалауға болады?

  2. Жауапкершілікке кімді тартуға болады?

  3. Зиян қалай өтеледі?

3- тапсырма

Түнгі сағат 11:05те Марат ағасы Саматпен өздері тұратын үйдің бірінші қабатындағы дүкенге келді. Дүкеннен Са мат папасына темекі алды?

Сұрақ:

  1. Қандай құқық бұзушылық орындалды

  2. Бұл құқық бұзушылық туралы қылмыстық кодекстің қай бабында айтылған?

  3. Кәмелетке толмағандардан өндіріп алынуы тиіс айыппұл кімдерден алынады?

Әкішілік құқықбұзушылық 113,114 бап
«Суреттер әлемінде»
Берілген суреттер бойынша тақырыпқа сай мағлұмат беру, мазмұнын ашу.
1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Адамның тұрғын үйіне сұғылмайды.
(Тұрғын үй)
2. Конвенцияда «Баланың білім алуға құқығы бар деп көрсетілген». Балалардың оқуына барлық мүмкіншіліктер жасалуы қажет. (Мектеп)
3. Әрбір адам өмір сүруге, денсаулығын сақтауға құқылы. (Денсаулық)
4. Адамның, азаматтың ар - намысы мен қадір - қасиетіне қол сұғуға болмайды, ешкімнің де өмірін қиюға болмайды. (Қылмыс)
5. Кез - келген бала дем алуға, қыдыруға құқылы, бірақ олар адамның қалауынша болуы тиіс.
(Демалу)
6. Кез - келген бала бос уақытын тиімді пайдаланып, денсаулығын нығайтуға, көңіл - күйін көтеруге, қабілетін дамытуға құқылы. (Спорт)

Қорытынды.

Ал енді оқушылар сайыста не туралы білдік?

Біздің қандай құқықтарымыз бар екен?

Сағат 11ден кейін көшеге шығуға болама? Ол қандай заңда айтылған?

Көшеде жүргенде шемішке шегуге болады ма? Қандай жаза қолданылады?

Қонаққа сөз беру. Құқықбұзушылық туралы айтады.

Жарайсыңда балалар қанеки топтар енді өз ұпайларымызды санайық.

Жас жеткіншек! Сен өзіңді құрметтеуге тиіссің. Бойындағы бар қабілетіңді тек жақсылыққа бағыттай біл. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ бол.
Ар-намысыңды биік ұста. Өз тағдырың-өз қолыңда. Өзіңе сен. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағындай өзін сақтай алады.
Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың.

Жүректен-жүрекке әдісі арқылы сабақтан алған әсерлерін айтады.

© 2010-2022