Математика ашық сабақ 21 -ден 100-ге дейінгі сандар (2)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика ашық сабақ 21 -ден 100-ге дейінгі сандар (2)



Ақмола облысы

Аршалы ауданы

Волгодон орта мектебі






Математика















Өткізген: Кулмуханбетова.Г.А.

Сабақтың тақырыбы: 21-ден 100-ге дейінгі сандарды қосу және азайту

тәсілдерін қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 21-ден 100-ге дейінгі сандарды қосу және азайту, салыстыру.

Геометриялық фигуралардың периметрін табу, бұрыш түрлерін

анықтау.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін, дағдысын

қалыптастыру

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа,

сауаттылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, БИС технологиясы, ойын түрлері

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, музыка, сурет

Сабақтың көрнекілігі мен құрал-жабдықтары: оқулық, компьютер,

интерактивті тақта, көрнекіліктер

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын тексеру

3. Қайталау, еске түсіру

4. Үйге тапсырма

5. Бағалау

Амансыздарма құрметті қонақтар,әріптестер және менің оқушылар!

Психологиялық дайындық

Амансыңба алтын күн?

Амансыңба көк аспан?

Амансыңба достарым?

Амансызба қонақтар ?

Амансызба ұстазым?

Мұғалім: Қатар-қатар тізіліп, оқушыға лайық,

Қолымызды жіберіп, түп-түзу болып тұрайық.

Жақсы болып сабақта , әдеп сақтау сәніміз,

Отыруға нақпа -нақ ,дайындалдық бәріміз

Ұранымыз: Біз байсалдымыз, мұқият тыңдаймыз,

Есте сақтаймыз, бөгет жасамаймыз.

Сабақта өткенді, әрдайым қайталаймыз!

- Өте жақсы, жарайсыңдар! Онда бүгін бізде қасиетті жұма күні.

Құрметті қонақтар келіпті ,ұранымыздан жаңылмай , сабаққа ат салысып

мұқият тыңдап, ынтамызбен зейінімізді сабаққа аударамыз .

Үйге берілген тапсырма

Тіктөртбұрыш пен шаршының периметрі ережелерін жаттап келу.

Сонымен дайынбыз ба?

1. Тіктөртбұрыштың, шаршының қанша қабырғасы болады

2. Шаршы -дегеніміз не?

3. Периметр дегеніміз не?

4. Шаршының периметрінің формуласы

5. Тіктөртбұрыштың формуласы

6. Үшбұрыштың формуласы

7. Ені 2см, ұзындығы 6см тіктөртбұрыштың периметрін табамыз

Сабақ барысы.

Ой шақыру: (Еске түсіріу,жаңарту) 11-ден 20 -ға дейінгі сандар құрамы.

Ондықтан аттау арқылы қосу тәсілі.

/қима қағазбен жұмыс/

Сыйқырлы жақша ойыны

10+60- 40 = 30 100 - 50 - 50 = 0

100 + 50 - 50 = 100 70 - 20 + 10 = 40

80 - 30 - 30 = 20 70 - 20 + 10 = 60

Шарты: Бұлт күнімізді жасырып қойыпты, есептерімізді дұрыс аяқтасақ,

күнді құтқарып аламыз.Сыйқырлы жақшаларды орын-орнына қойып ,

есептің мәнінің дұрыстығын тексеріп, шуақ жасап күнге берейік

Математика ашық сабақ 21 -ден 100-ге дейінгі сандар (2)

(Өте жақсы).

Енді тақтаға назар аударамыз. Ойлан, тап.

Шарты: Ішкі және сыртқы қоршаудағы сандармен мәні 12,26,16,18,20-ға тең

болатын қосындыларды құрастыр.

8

14

5

8

11

12

10

13

415

Сергіту сәті: Аяқпенен топ, топ

Ақылменен хлоп, хлоп

Бір оңға, бір солға

Айналайық кел мұнда

Қолымызды бір сілтеп.

Басымызды шайқайық,

Бір оңға, бір солға,

Ойнайықшы, кел мұнда

Келесі бөлім «Кім жылдам»

Шарты: балалар алдарыңызға қима қағаздар таратылып беріледі. Сол бойынша

берілген теңдеуді жылдам шешіп, қонақтарға көрсетеміз.

Теңдеуді шеш: 30 + x = 80 x - 38 = 42 80 - x = 50

Келесі бөлім «Сырық»

Шарты: Таяқ сырықтың бойына өлшем бірліктерін қойып шығамыз. Шама өлшем бірліктерімен сырық басын теңестіріп, салыстырамыз.

32 см= дм + 2 см дм + 9 см = 49 см

26 см = дм + см дм + см = 56 см

47 см = дм + см дм + см = 72 см

Келесі бөлім «Кім жүйрік» Мәселе есеп

Сыныпта - 30 оқушы Ш : 30 - 10 + 5 = 25

Шықты - 10 оқушы

Кірді - 5 оқушы

Сыныпта қанша оқушы қалды ? Жауабы: Сыныпта 25 оқушы калды

Оқушылардың білімдерін бағалап, сабақты қорытындылау

Бүгінгі сабақта не істедік?

Қандай ойындармен нені құтқардық?

Күннің табиғатқа, адамға қандай пайдасы бар?

Олар несімен өмірге қажет?

Күніміз ашық болсын,

Түніміз тыныш болсын.

Ауамыз таза болсын,

Барлық ел аман болсын!!!

Сабағымыз аяқталды.


© 2010-2022