Жерлес жазушымыз Хамза Есенжановқа 105 жыл

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жерлес жазушымыз Хамза Есенжановқа 105 жыл.

Хайрова Заругүл Зинетоллақызы

Х.Есенжанов атындағы ЖОББМ кітапханашысы.




Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз кітапхана мүшелерінің дайындаған. Жерлес жазушымыз Хамза Ықсанұлы Есенжанов атамыздың 105 жылдығына арналған «Туған жер» -атты әдеби кешке қош келдіңіздер! Мақсаты: Жерлес жазушымыз Хамза Ықсанұлы Есенжановтың 105 жылдығына арналған кеште өмірі мен шығармаларын оқушы бойына құйып,еліне жерінедеген сүйіспеншілігін арттыру. Көрнекілігі: «Кең құлашты қаламгер»-кітап көрмесі,слайд. Әдеби кешті ашу үшін мектеп директоры Шәрапи Тәжібайұлына беріледі. «Еділ мен Жайық» -әні орындайтын Мырзаболат Жүр: Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сыяма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған - деп Абай атамыз айтқандай Хамза Ықсанұлы Есенжанов атамыз - артына өлмейтұғын сөз қалдырған саңлақ суреткер алты томдық тарихи-революциялық романдар циклін жазып қалдырып кеткен тамаша сөз зергері, Жайық топырағында қанаттанып, әдебиет саласында қалам тербеп жүрген ақын жазушылар көптеп саналады. Сан таланттың ішінде өзіндік болмыс - бітімімен ерекше шоқтығы биік, шеберлердің бірі Хамза Ықсанұлы Есенжанов атамыз. Жүр: Ел мен жер тарихы, Ғажайып аңыз. Ел мен жер жөнінде, Білуіміз парыз - деп Хамза Есенжанов атамыздың өмірбаянын - баяндайтын Тұяқова Баршагүл. Жүр: Сор болды - ау отыз жеті мынау елге, Далада ару қаңғып, жылады ер де, Өзіңді пірдей тұтқан дәрігер қыз. Қартайды, еріп жүріп лагерьде - деп. София Жақияқызы Тастемірованың өмірбаянын - баяндайтын Жасқайратов Бекарыс Жүр: Ұлы Отан соғысының ардагері көп жылдар педагогикалық қызмет атқарған ұлағатты ұстаз, ақын Хамза атаның рулас ағайыны болған марқұм Иманбай Әбекешұлы осы Шалқар көлінде тұрған Барқын ата тарихын жазып кеткен болатын сол естеліктері туралы Абай Индира айтады. Жүр: Хамза атаның жеті жылдық мектепте оқығаны жайында Қадырғалиева Жансулу айтады. Жүр: Хамза атаның жеті жылдық мектепті бітіргендігі жайында Қалимеденова Жансая айтады. Жүр:Армысың сұлу жайығым, Ардақты қоныс-мекенім. Егін ну жасыл бидайық, Даламда сенен нәр алған-деп. Хамза атаның елге келгендегі , ата қонысы туралы Қанаева Балнұр айтып береді.



Жүр:Айналайын АқЖайық, Сен деп өтті жан бабам. Мың жыл ақтың,мың жыл әлі тамсанам! Толқыныңмен қан тербеген кезеңді, Том-том қылып жазып кетті Хамза ағам... Еліне,халқына жаңа туындыларын жазып кеткен қаламгер жазушы Хамза атамыз туралы Ұлықпанова Әсем айтады. Жүр:Туған жерін,кіндік қаны тамған « АқЖайық» өңірін сүйіспеншілікпен суреттеп жазған Хамза ата туралы Ғұмарова Қаламқас айтады. Жүр:Хамза ата өмірінің соңғы жылдарында әдеби-сын мақалаларды жазған жазушы Сұлтанова Ақбөбек айтады. Жүр:Хамза атамыздың өзінің қолынан жазылған шығармасы Махамбетім,Сәкенім ... оқитын Арыстанова Ақбота Жүр: «Сары өмірде мәңгілік бір ғұмыр бар»-өлеңін оқитын Сағынғалиева Айкөркем оқиды. Жүр:Хамза Есенжанов атамыз қазақ әдебиетіне үш кітаптан тұратын «Ақ Жайық» трилогиясын және «Жүнісовтер трагедиясын»жазғаны үшін ерен-еңбегі жоғары бағаланып «Еңбек қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен медальдармен марапатталған.Хамза Есенжанов атамыздың есімін ұрпақ есінен мәңгілік ұмытпайды. Хамза ата кітабын кітапханадан алып оқыңыздар!
.

© 2010-2022