Түбір және туынды сөз

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән : ана тілі

Тақырыбы: Кім жомарт? Не жомарт? Қабуснамадан үзінді.

Мақсаты: 1. Оқушыларға жомарттық жайлы мағұлмат беру.

2. Ойлау,есте сақтау қабілеттерін ,сөйлеу шеберліктерін

дамыту.

3. Үлкенді,кішіні сыйлауға тәрбиелеу.

С.көрнекіліктер: сурет,сызбалар,оқулық

С.түрі: жаңа сабақ

С.әдісі: сұрақтарға-жауап алу,түсіндіру

Сабақтың барысы

I-Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг: Көңіл күйді бағалау

Балалар 1,2,3,саналады да топқа бөлінеді.

II-Үй тапсырмасын сұрау

Әр топтан 1-оқушыдан үй тапсырмасын айтады.

III-Жаңа сабаққа кіріспе

«Көк кептер» мәтіндегі кейіпкерлерді атаңдаршы? Сендер өз есімдеріңнің мағынасын білесіңдерме? Жомарт деген есімнің мағынасын айтыңдаршы?

Жүрегі кең

мейірімділік -------- ЖОМАРТТЫҚ --------мәрттік

қолындағының бәрін беретін адам

IV-Жаңа сабақ

Балалар біз бүгін Қабуснамадан үзінді оқимыз.Үзіндіні мұқият,үтір,нүктесіне дейін қалдырмай ,белгі қоя отырып оқимыз.

«v» -оқып отырғандарың білгендеріңмен сәйкес келсе(қанат) белгісін қоясыңдар.

«-« егер оқып отырған үзінді сендер білген ақпаратпен сәйкес келмесе (алу) белгісін қоясыңдар.

«+»-егер алынған ақпарат сендер үшін жаңа,бұрын естімеген болса»+»(қосу)амалын қоясыңдар.

«?»-сендер үшін күдікті,таңқалдырса,көп білгің келсе онда «?» (сұрақ)белгісін қоясыңдар.

Балалардың жауабы:

Олай болса балалар мәтінен түсінгендеріңді сызбаға түсіріңдер.

Жомарттық---------------

Мұзафар Әлімбаевтың Кім жомарт? Не жомарт? Өлеңін түсініп оқимыз.

Үш топтан үш оқушы оқиды,талқылайды.Сергіту сәті.

V-Жаңа сабақты бекіту

Әр топ батыр,ұстаз,жер,күннің жомарттығы жайлы сурет салады.

Суреттерін қорғап айтып береді.

VI-Жалпы сабақты қорытындылау.Бағалау ,мадақтау. «5», «4»

Мақалды түсініп оқып,мағынасы қарама -қарсы мәндес сөзді атаңдар?

Жомарт-------Сараң,пейілі тар,қызғаншақ.

Білемін Білгім келеді Үйрендім

мейірімді батыр

жүрегі кең үйге мұғалім

мәрт беремін жер

күн

VII-Үйге тапсырма беру.

Өлеңді жаттап ал.Білгім келеді парағын толтырып келу.

© 2010-2022