Х х дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Светлана Абдыгазымовна Курмашева

№3 орта мектеп

Ембі қаласы,Мұғалжар ауданы,Ақтөбе облысы

Сабақтың тақырыбы:Х х дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Х х дыбысы мен әрпін таныту.Х дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру.Балалардың дыбыс,әріп,буын,сөз,сөйлем туралы білімдерін толықтыру.Сызба арқылы сөз,сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру,сөз сызбасымен ондағы буын санын анықтай білуге үйрету.

Дамытушылық:оқушыларды сауатты,мәнерлі,әсерлі сөйлеуге баулу.Сөздік қорын байыту,байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету,ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік:оқушылардың өнерге,білімге деген сүйіспеншілігін арттыру,еңбекке баулу.Адамгершілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Сабақтың түрі:саяхат сабақ.

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ-жауап.

Технология:СТО

Көрнекілік:электронды оқулық,интерактивті тақта,слайдтар,суреттер.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Психологиялық дайындық.

Мынау менің-жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау -басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің-оң қолым,

Мынау менің-сол қолым,

Барлық істі атқарған.

-Көңіл күйлерің қалай?

-Керемет. ( Қолдарын көтереді)

-Сабаққа дайындықтарын қалай?

-Тамаша.( Алақандарын соғады.)

-Ынталарың ше?

-Ғажап.( Қолдарын көтереді.)

-Ендеше бастайық!

-О-О-О( бас бармақтарын көтереді.)

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Қосарлы әріп Басында ортасында

Й+У------------------ Ю-----------дауысты

Соңында

4. «Жарыс» мәтінін оқыту

5.-Балалар мынау не? (Хатты көрсетемін.)

-Хат.

-Балалар бүгін бізге хат келіпті. Соны ашып .оқып көрейік. Мұнда былай деп жазыпты: «балалар, сендер бүгін саяхатқа шығасыңдар»депті.

-Балалар, біз қай республикада тұрамыз?

-Қазақстан.

-Қай облыста тұрамыз?

-Ақтөбе.

-Қай ауданда, қай қалада тұрамыз?

-Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы.

-Ендеше, балалар, біз өзіміздің туған Ембі қаласына саяхатқа шығамыз.

-Дайынбыз ба? Жаяу шығамыз.

6. «Хат» деген сөзге дыбыстық талдау жасайық.Қандай дыбыстан басталып тұр?

-Х Х Х Сөздің басында,3әріп,3 дыбыс, 1 буын

7.Электронды оқулықпен жүмыс.

-жұмбақты шешу;

-х дыбысына байланысты сөздерді атау;

8. «1-слайд» -«Емхана». «Аурухана».аялдамасы

- Сөйлем құрау.Сөйлем схемасын жазу. Х дыбысы сөздің ортасында.

«2-слайд» -«Кітапхана» аялдамасы

-Оқулықпен жұмыс.

«3-слайд»- «Шайхана» «Дәмхана» аялдамасы.

-Дәптермен жұмыс. Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық ,

Көркем етіп жазайық.

«4-слайд» «Асхана» «Мейрамхана» аялдамасы.

-Сергіту сәті «Қамажай»

«5-слайд» «Ұстахана» аялдамасы.

-Сәйкестендіру

Ке на

Па ме

Жа кі

Ән ға

Ү ші

«6-слайд» «Наубайхана»аялдамасы.

«Адасқан әріптер»

М.й,а-

Р,б,о-

Т,с,і-

Л,қа-

«7-слайд» «Дәріхана»аялдамасы

  • «Жоғалған әріптер»

Т...с д...п

Б...л с...н

Қ...р ш...й

«8-слайд» «Перзентхана»

-Жаңылтпашты оқып, х дыбысы бар сөздерді теріп айту.

Хамит хат ашып отыр,

Хат ашып,шатасып отыр,

Ол хатты қате ашып отыр.

«9-слайд» «Шеберхана» аялдамасы «Сөз ойла,тез ойла».

Х дыбыс ы бар сөздерді тез айту.

Мысалы:хабар, саяхат, шахмат, хор,Хадиша,Хамит т.б

Қорытындылау:

Тест жұмыстары.

1.Дауысты дыбысты тап: 1)ж 2)ө 3)с

2.Дауыссыз дыбысты тап: 1)ю 2) ы 3)к

3. Е әрпін көрсет: 1)н 2)ә 3)е

4.Бір буынды сөзді тап: 1)аға 2)ат 3)орман

5.Екі буынды сөзді тап: 1)ай 2)таға 3)ертегі

6 Я әрпін көрсет: 1)м 2)ж 3)я

Наубай

Кітап

Ем

Ауру

Дәрі

Перзент хана

Шай

Ас

Дәм

Мейрам

Ұста

Шебер

Сыныбымызға ораламыз.

Бағалау.

Не білдік? Не үйрендік?

Үй тапсырмасы: «Кітапхана» мәтінін оқу.



© 2010-2022