Қазақ тілі. Мәтін 2 класс

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі. 04.05.2015 .Ж.

Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Мәтін және сөйлем. Мәтінге жоспар құру.

(509-512-жаттығу)

Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың мәтін жайлы түсініктерін бекіту. 2. Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып,қызығушылық,шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3.Өзара ынтымақтастыққа,қайырымдылыққа,жылдамдыққа,алғырлыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,дидактикалық материалдар,газет,шығармашылық тапсырмалар.

Сабақтың әдісі:интерактивті әдіс «газет»

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық.

-Балалар,бір-біріңе қарап,жымиыңдар, жайлап отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

-Мен бақытты баламын,жан дүниемде күн нұрлы,жылуым мол бойымда.Осы жылуды жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын. Менің оқығым келеді! Білімді,алғыр болғым келеді!

ә) Көркем жазу.

б) Сөздік диктант: Аю,барыс, лашын,балық, газет.

2. Үй тапсырмасын тексеру. 507-жаттығу. Көшіріп жазу,үнді дауыссыздардың астын сызу.

в) Сабақтың түрін хабарлау.

- Балалар,біздің ауданымыздың газеті қалай аталады? - Амангелді арайы.

-Онда не туралы жазылады? (әңгімелеу арқылы сұрау)

- Онда кімдер жұмыс жасайды? -Тілшілер, репортерлер, басып шығаратын жұмысшылар,редактор болады.Онда жаңалықтар,әр түрлі хабарламалар,әңгімелер , құттықтаулар болады.

-Ендеше мәтін дегеніміз не?

-Оның қандай түрлері бар?

-Құрамы қандай? - Басы, негізгі бөлім, соңы.

  • Сұрақтары ше? Әңгімелеу Не істеді? Сипаттау қандай? Пайымдау Неліктен?

-Енді балалар, біз үш топқа бөлініп отырмыз. 1- топтың аты Әңгімелеу мәтіні. 2- топтың аты Сипаттау мәтіні. 3- топтың аты Пайымдау мәтіні болсын.

Енді, мен әр топқа тапсырмалар берейін. Сол тапсырмаларды орындау арқылы біз қазір өзіміздің сыныбымыздың газетін шығарамыз. Газетіміздің аты «Мәтін» деп аталады.

  1. топтың тапсырмасы. Суретке қарап, әңгімелеу мәтіні құрастыру. (Оны сосын газетке жапсыру)

  2. топтың тапсырмасы. «Лашын» мәтініне жоспар құру. (Оны да газетке жапсыру)

  3. топтың тапсырмасы. Итбалық мәтінінен пайымдау мәтінін көшіріп жазу.

Жануар-сөзіне дыбыстық талдау жасау.

-Келесі жұмыс жасау үшін белгі керек. Әңгілелеу- сары. Сипаттау- жасыл.Пайымдау- көк.Қазір мен мәтіндер оқимын, сол кезде мәтін түрі қайсыған жатса,сол түсті көтеру керек.

Мұғалім оқиды.

а) Газет әр түрлі болады.Біреуі 2- беттік, біреуі бірнеше беттен. Ал кейбірі балаларға арналады.Онда өте қызықты оқиғалар,шығармалар бар. (сипаттау)

ә) Біздің мектепте «Жыртқыш қоян» деген спектакль болды.Спектакль балаларға ұнады,біздің сыныптан 15 оқушы барды. (әңгімелеу)

б) Спектакльде қасқыр өзіне дос іздеді. Қоян одан қорқады,өйткені қасқыр жыртқыш.Қасқыр оны басқа аңдардан қорғаған соң олар екеуі дос болды. (пайымдау)

- Балалар сендердің ойларыңша неге мәтін түрлерін айыра білу қажет? (Сауатты әр мәтінді әр уақытта пайдалану үшін)

Оқулықпен жұмыс.

  1. Топ 509- жаттығу. Мәтінді оқы, оған ат қой.Бұл мәтіннің қай түріне жаттатынын айту.

  2. Топ 510- жаттығу .Сөйлемнің орнын ауыстырып, мәтін құрап жазу. Мәтінге ат қою.

Тиін. Тиін саябақта тіршілік етеді. Бірде оған оқушылар жаңғақ әкелді.Тиін жаңғақты тез қағып алды.Тиіннің мұнысы балаларға қызық көрінді.Олар тиінді үнемі тамақтандырып тұратын болды.

  1. Топ 511-жаттығу . Аққу туралы сипаттау мәтінін құрау. Аққу киелі құс. Оның түсі ақ. Олар жұптарымен көлдерде жүзіп жүреді. Аққуды атуға болмайды.Өйткені оның киесі тиеді.

Енді , балалар біздің алдағы күндерде қандай мереке келе жатыр? 7 Мамыр қандай күн? 9 Мамыр ше?

  • Дұрыс айтасыңдар. Енді қыздар біз сынымыздағы ұл балаларды мерекелерімен құттықтап, қолымыздағы стикерлерге бір-бір тілек жазып, оқып, газетімізге іліп қояйық.

  • Оқушылар, бүгін біз газеттің қалай шығатынын білдік.Бұл сендердің алғашқы баспаларың, өте жақсы шықты. Рахмет!

Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма: 512- жаттығу.Мәтінді оқып, оған жоспар құру.



© 2010-2022