Әдебиеттік оқу сабағынан Ашық сабақ тақырыбы Кулпаш Б. Майлин

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу сабағынан Ашық сабақ тақырыбы Кулпаш Б.Майлин

Алматы облысы

Талғар ауданы

Туздыбастау ауылы

№13 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Навий Сайлаудың 3 «в» сыныбымен

өткізген ашық сабағы

пәні Әдебиеттік оқу.

Сабақтың тақырыбы: Күлпаш. Бейімбет Майлин
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Б. Майлиннің Күлпаш тарихи әңгімесімен таныстыру.
Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.

Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі оқуға баулу.
Шығармашылық жұмыспен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту. Ел тарихы туралы білімдерін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушылардың өнерге білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Ерлікке, батырлыққа, ел тарихын білу және қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Әдіс - тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру.
Көрнекілік: Суреттер.»Жазушылар» топтамасы.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
Ә) Сабаққа әзірлігін тексеру оқу құралдарын дайындау.
Б) Смайликтер. Біздің көңіл - күй
Сабақ бастамас бұрын балалар бір - бірімізге сәттілік тілейік.

Нұрлы жол болашаққа бастар жол
Білімдіге қасиетті асқар жол
Бүгінгі күнге сәттілік тілеген
Айқын жол сара жол

2. Үй тапсырмасын тексеру. Ілеспе сұрақтар арқылы
Бізде қызық сұрақ бар,
Ал, қане, ықылас қойыңдар.
Үй тапсырмасын айтайық!
Балалар әр сұраққа жауап берген сайын сиқырлы әріптер ашылмақ. Ал балалар іске сәт бәріміз үй тапсырмасына дайынбыз ба? Мен сендерге сенемін.

1. Тоқаш Бокин не үшін күресті?
2. Түрмеде оған қандай айып тағылған?
3. Айыптау қорытындысы не болды деп ойлайсыңдар?
4. Тоқашқа жолығуға кімді алып келді?
5. Ол анасымен не жайында сөйлесті?
6. Анасы Тоқашқа не айтты?
Енді оқулығымыздың 93 - ші бетін ашып қараңдар
Сабақтың тақырыбы:КҮЛПАШ»
Сабақтың мақсаты;» КҮЛПАШ»әңгімесімен танысу мазмұнын ашу

Ауыл мектебінде сауат ашқан, ақын 1894ж Қостанай облысында туған
Тройск қаласындағы Медреседе, кейін Башқұртстанның Астанасы Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде білім алған жазушы туған әдебиетімізде әңгіме жазған шебер аты тарихта қалған жазықсыз жала құрбаны

Өлеңді оқу
Жырлағаным - кедейдің жыры,
Сырлағаным - кедейдің сыры.
Сырым да бір, жырым да бір -
Мен дағы сол кедейдің бірі.
Балалар мен оқып беремін сендер түсінбеген сөздеріңді түртіп отырыңдар. Оқушылардың тізбектеп оқуы.
Сергіту сәті «Би терапиясы»
Сергіп ойнап бәріміз,
Жаттығуды жасайық.
Биді билеп сергіп - ап,
Білімге білім қосайық.

Сөздік жұмыс жасайық, Дәптерге жазып алайық...
Өрім - өрім - тозған, жыртылған.
Бөкебай - басқа тартатын шәлі
Ызғырық - суық жел.
Өлмелі кедей - өте кедей

Қорыту сұрақтары: Мәтін бойынша сұрақ.
1Ел басынан өткен бұл әңгіме қай кезде болған?
2. Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді?
3. Мақтым мен Күлпаш неге жылады?
4. Қалидың хәлі сендерге қандай көңіл-күй туғызды?
5. Суретпен жұмыс жасайық. Оқушылар суретке әңгіме құрастырып айтады
Бекіту:

Сахыналық көрініс «Күлпаш, Мақтым, Қали»

Түрткі сұрақ, Ішк іой.
Егер осы оқиға қазіргі таңда болса, мен... не істер едім?
Оқушылар өз ойларын айтып берді
Үйге тапсырма: Күлпашты оқып мазмұнын айту. Қазақ халқының аштыққа душар болуының себебі неде? Үлкендерден сұрап біліп кел.
Бағалау: Текшелер арқылы



© 2010-2022