Презентация к уроку Ондықтармен санау

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін

Мерзімі: 10.12.2014жыл

Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: 2 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
1) 10 көлеміндегі санға 2-ні қосу және азайту тәсілімен таныстыру
2) Оқушылардың есте сақтау, логикалық ойлау қабілет, математикалық тілін дамыту
3)Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: түсіндіру,ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі: жеке суреттер, ойыншықтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Сабаққа әзірлену
Біздер тату баламыз
Өсіп алға барамыз
Есептерді шығарып,
Біз білімді боламыз.
2. Қызығушылықты ояту.
- Балалар терезеге қарайықшы, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қандай ай?
- Қыс мезгілінде балалардың асыға күтетін қандай мерекесі бар?
- «Қазақстан Тәуелсіздік» күні және «Жаңа жыл» мерекесі
- Қане балалар тақтаға қарайықшы, кімнің суретін және нелерді көріп тұрсыңдар?
- ҚР -сын кім басқарды?
- ҚР рәміздерін кім атап береді?
- Қазақстанның астанасы қай қала?
- Ендеше балалар, биыл 2011 жылы ҚР Тәуелсіздігіне неше жыл толады?
- 20 жыл толады екен?
- Өте жақсы
- Балалар тағы қыс мезгілінде қандай мереке бар?
- Жаңа жыл мерекесінде ортаға не құрамыз?
- Ендеше бүгін бізде ортаға жасыл шырша құрамыз
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Шырша құрастыру арқылы, кестелік қосу және азайту ( +1, -1) есептеу.
7 + 1 =
9 - 1 =
10 - 1 =
8 + 1 =
2 + 1 =
5 - 1 =
9 + 1 =
4 - 1 =
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.
Математикалық жұмбақ
ІV. Жаңа сабақ.
1.Ой қозғау

2 + 4 = 6

2 + 3 =
2 + 2 =
6 - 2 = 4
5 - 2 =
4 - 2 =

- Енді шыршаны безендірейік. Шыршаға ойыншықтар ілу. Ойыншықтардағы тапсырмалар жасырын тұрады, соны өздері орындап шығады.
- Балалар, шыршаны безендірдік, енді «баспалдақ» ойыны арқылы шыршаға жұлдызды ілу керек.
Ережені қорытындылап айтқан балаға жұлдыз беріледі, ол жұлдызды шыршаның басына іледі
V. Оқулықпен жұмыс.
- Балалар, біздің әсем шыршамызға аяз ата мен ақшалар келуге асығуда, ендеше ортаға аяз атамыз бен ақшақарды шақырайық.
- Аяз ата мен ақшақар келіп, қонақтар мен оқушылармен амандасып, жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, оқушыларға тапсырма ала келгені туралы айтады. Тапсырмасын орындаған оқушыларға өз сыйлығын береді.
VІ. Сергіту сәті
Ән айтылады, оқушылар билейді.
VІІ. Дәптермен жұмыс
1-тапсырма.
Қосылғыштардың бірі 2 болатын қосындыларды кесте арқылы жазу.
2-тапсырма.
Азайтқышы 2 болатын айырмаларды жаз.
3 - тапсырма.
Сурет бойынша өрнек құрастыр.
4 -тапсырма.
«Қар жауар» оны арқылы математикалық диктант жазу.
Логикалық тапсырмаларды орындату.
VІІІ. Қорытынды
- Балалар, бүгінгі сабақта нені үйрендік? Нені білдік?
- Қандай мерекені есімізге түсірдік?
- Сонымен бүгін не құрастырып шығардық?
- Шыршамызға кімдерді шақырдық?
- Аяз ата қандай тақырыпқа байланысты тапсырмалар берді?
ІV. Бекіту.
- Балалар, осы шыршамызға келген аяз аталарының сыйлықтары бар екен, сол сыйлықтарды аяз - ата сабаққа қатысқан оқушыларға үлестіреді.
- Балалар сабақ ұнады ма?
- Сендер шаршадыңдар ма?
- Қандай көңіл-күй сендерге көмек береді?
- Бір күліп сергіп алайық


Бекітемін

Мерзімі: 10.12.2014ж

Пәні: сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Сабақтың мақсаты: Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, білімдегі олқылықтарды жою. Сабақтың түрі: қайталау Сабақтың мазмұны: І. Ұйымдастыру: Сыныпта жоқ оқушыларды түгендеу, құралдарының түгел екеніне көз жеткізу. оқушылардың сабаққа зейінін аудару. ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау. Өтілген тақырыптар мәтіндер бойынша сұрақтар қойып «Кім жылдам » ойыны арқылы білімдерін пысықтау. ІІІ. Білімді тексеру. ИУ әріптерінің орынына қай әріп жазылады? Ю Айдаһар, қаһарман сөздерінің жазылуына мән беріңдер. Сөздік диктант алу Ою, қою, дәріхана, асхана, шахмат, Нұрхат, жиһаз, трамвай, футбол, монтер,шахтер. ІҮ. Мақсат қою- Бүгін , біз, сендермен өтілген дыбыстар бойынша алған білімдеріңді тексеру ретінде қайталау сабағын өткіземіз. Ү. Қайталау 1. Жұмбақтар шешу арқылы әріптерді және дыбыстарды еске түсіру. Э, Е, Ф, В, һ Х, Ю дыбыстарына жұмбақтар айту. 5. Жаңылтпаш айту. Торта қойдым, Орта қойдым Орта қойдым Жорта қойдым Тапқырларға тапсырма Қанша қойым бар? Былтыр болды жалқы қойым, Егіз қозы тапты оным Биыл және өзі туды Тағы екі қозы туды Қос қозысы былтыр туған, Бір-бір қозы биыл туған Сонда бәрі неше деші? Жүйріктерің есептеші? (жетеу) Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта не өттік?













































Бекітемін

Мерзімі: 10.12.2014жыл Пәні:сауаташу
Сабақтың тақырыбы: Салыстыру. Сабақтың мақсаты:

  1. Мағынасы өзгерген сөздерді салыстыра орырып, түсіну.
  2. Сөздердің жуан жіңішкелігіне байланысты оқушылардың дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру.
  3. 3. Танымдылық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі:бекіту Сабақтың мазмұны: І .Ұйымдастыру: Сыныпта жоқ оқушыларды түгендеу, құралдарының түгел екеніне көз жеткізу. оқушылардың сабаққа зейінін аудару. ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау 1.-Орыс тілінен енген әріптерді ата. (в,ф,ё,э,щ,ц,ч) 2. Хат ,айдаһар сөзіне дыбыстық талдау жасау ә) Сөздердің жуан, жіңішке айтылуы А-Ә Сан-сән ары-әрі ап-әл Бары-бәрі татты-тәтті ар-әр О-Ө Бол-бөл тол-төл ор-өр жон-жөн тос-төс оң-өң тор-төр от-өт он-өн Ы-І Ыстық-істік жық-жік ыс-іс Қиық-киік сыз-сіз тыс-тіс Ұ-Ү Тұр-түр сұр-сүр ұн-үн Тұз-түз ұру-үру ұш-үш Тұс-түс бұр-бүр ұю-үю Мазмұны неге өзгеріп кетті?4. Сөйлем құрату: Бірінші сыныпта он бес парта бар.Көшеде жүру ережелерін есіңе сақта. Қажымұқан- әлем чемпионаты.Он алтыншы желтоқсан Тәуелсіздік күні5. Үлестірме қағазбен жұмыс: Сөздерді буынға бөл. Бала,шала,сурет,кілем, ұлан, дәптер кітап, қыс, баға. 6 Дәптермен жұмыс: ІІІ. Сабақты қортындылау: Оқығанымыз бойынша не білдік? Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?







© 2010-2022