Тәрбие сағаты Наурыз-жыл басы

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қош келдің, Наурыз!

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсету және оны құрметтей білуге үйрету.

Көрнекіліктері: сөздер, мақал-мәтелдер, дастархан, кеіпкерлер.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар, ұстаздар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді. Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!

1-жүргізуші: Наурыз-өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз сөзі парсы тілінің «нау» жаңа, «руз» күн деген сөздерінің қалыптасқан жылдың бірінші күнін білдірген.

Уа, жарандар, жарандар! Үштасқан оймен мәңгілік, Бәрің бері қараңдар, Біздерде бар сан ғұрып. Наурыз думан басталды, Ғасырлардан ғасырға Бір сәт зейін салайық. Келе жатқан жаңғырып.

2-жүргізуші: Ал қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл басына байланысты, думанды халықтық мейрам, екіншіден Наурыз айы, үшіншіден Наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған. Құрметті ұстаздар, ата-аналар, сыныптастар, сіздерді Ұлыстың ұлы күні «Наурыз»мерекесімен құттықтаймыз. Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын. Ұлыс береке берсін. Пәле-жала жерге енсін,- дей келе ертеңгілікті бастаймыз.

1-оқушы (Ақтолқын) Наурыз көктем тойымыз! Той дәмі мол тойыңыз. Күн ұзарар жылынып, Өсер біздің бойымыз. Төлдеді де малымыз, Тамыр жайды талымыз. Наурыз өнер жарысын, Бастады жас, кәрі үшін. Тойын жасар ел енді, Қуанышқа бөленді. Жаса Наурыз дәстүрлі.

2-оқушы (Айым) Наурыз тойы-береке, Наурыз тойы жыр-аңыз. Қызып дулы мереке, Қызып думан құраңыз. Күн әкелген жыл керім, Күллі дүние жайдары. Желпілдетіп гүлдерін, Жер анамыз жайнады. Наурыз шаттық әніміз, Салтанатты сәніміз. Ән салып жас, кәріміз, Би билейіек бәріміз!

Қызыр баба: (Альсайд) Ау, аман ба, Жараңдар! Алтын таңға қараңдар, Ерте жайнап атты таң, Естіліп тұр шаттық ән. Жұрағатым қуанып, Рақатын тапты жан. Келе жатыр жылымыз, Мейрамдаймыз мұны біз. Жас балаша нұрланып, Жадырайды күніміз. Күннің жаңа нұры бар, Мұның ғажап сыры бар! Халық сүйген мейрам - бұл Қарсы алайық, тұрыңдар!

(Бәрі орнынан тұрып, ду қол шапалақтап, келе жатқан Жаңа күн Наурызды қарсы алады)

Наурыз қыз: (Арайлым құлпыра жайнап шығады)

Сәлем ата-аналар! Айналайын, балалар! Қызыр баба аман ба? Жаса жайлы заманда. Уақыт үдеп, келдім мен, Бақыт тіліп адамға! Қудым жерден суықты, Қыдан салқын бу ықты. Гүлжайнаған көктемде, Гүлден сыйлық көп менде. Әне гүлдер келеді, Ән сап, билеп береді.

Қызыр баба: (Альсайд)

Қош келіпсің, Наурыз! Арман тойы ананың, Қуанышы ғаламның, Құтты болсын қадамың! Сені тойлап, қарсы алып, Бар әлемге жар салып, Қол соғады барша жұрт.

(Көрермендер қол соғады, Наурыз қыз оларға бас иіп, ізет білдіреді, көңілді күй)

Наурыз қыз: (Арайлым)

Ашық болса Күніміз! Ашылады нұрымыз. Бай, тұлғалы өңірде, Айтылады жырымыз. Күн менен түн теңелді, Гүлмен жерді жайнатып, Гүлдендірем мен енді. Жайнатамын гүл-гүлді, Сайратамын бұлбұлды. Мерейлі жұрт тойласын, Мейрам етіп бұл күнді.

Қызыр баба: (Альсайд)

Ау, Жараңдар, келіңдер! Той қызығын көріңдер!

(Наурыз безендірілген гүлді таққа отырады. Жиренше шешен келеді).

Жиренше: (Алмат)

Той әкелген ғаламға, Наурыз айым аман ба? Бас иеміз, бабамыз- Бас иемін саған да. (Жұртқа қарап) Барша, жұртым, аман ба? Құтты болсын Наурыз! (бәрі, төрлетіңіз Жиренше)

Қызыр баба:

Келдің шаршап аластан,

Төрлет, шешен-данышпан!

Қожанасыр: (Бекасыл)

Арайы да даланың, Амансың ба, жаңа күн! Сәлем, Халқым тірегім! Сендермен бір жүрегім! Орындалды ойларың, Құтты болсын тойларың!

(Бәрі.Мың жаса, Қожанасыр)

Наурыз қыз:

Әзіз жұртқа үзік сыр- Әңгімеміз -қызық жыр.

(Қожанасыр Наурыздың қасындағы биік орынға шығып отырады. Домбырамен әндетіп, алдар көсе келеді).

Алдар(Бауыжан)

Уа-ааау! Сәлем, Наурыз-Күніміз! Мейман парқын біліңіз. Қыруар істі бастаймыз. Қуанышты үніміз! Қайтқан емес толайым, Той болсын деп толайым, Алдарыңа кеп тұрмын Айналайын ағайын.

Қызыр баба:

Аман болғын жарқыным! Көңілін көтер халқыңның! Думанды болсын әр күнің!

(Алдар Қожанасырды алдап, орнынан түсіреді де, ол орынға өзі отырып алады. Қожанасыр еденге отыра кетеді. Тазша бала келеді).

Тазша бала(Ахад)

Нұр айына әлемнің Берем ыстық сәлемін! Қарттарыма сүйініп! Сәлем берем иіліп!

Бәрі: Көп жаса, Тазша бала!

(Тазша бала есік алдына отыра кетеді).

Ақын: (Нұрсұлтан)

Аа-хаауу! Ақ сақалды шалдарға, Сақалы жоқ Алдарға, Наурызға мың сәлем! Күн сүйіп тұр күллі әлем! Төлімізді ойнатып, Белімізді жайнатып, Елімізді тойлатып, Егін өңін толқытқан, Елдің көңілін шалқытқан, Наурызға бас иемін! Ақ бетінен сүйемін!

(Ақын Наурыз айды құшақтап, сүйеді).

Наурыз қыз:

Ее-ееей! Ертеде мен жүдедім, Елге бақыт тіледім, Халыққа бақ келген соң. Қайта туып, түледім. Енді міне, көркім бар, Ел тойласа, еркім бар! Жырларым көп айтатын, Сырларым көп ел тыңдар. Берекелі жайымның Мерекелі айымның Тойларыңа дайынмын!

Қызыр баба:

Жаса Наурыз, ойлымыз! Жаса, көктем тойымыз! Ақын тойды басқарсын! Алқалы той басталсын!

Ақын: Ел дәстүрі -арымыз Той бастығы-қызымыз Ардақ біздің той бастар, Ал тыңдайық, бәріміз!

1-жүргізуші:

Ал халайық, тұрмайық, Әндетейік, жырлайық! Ортамызды ашайық, Ырыс тілеп бұл жылға, Жырдан шашу шашайық.

Ардақтың орындауында ән «Наурыз көктем»

3-оқушы (Бекасыл)

Күн мен айға әлемнің, Берем ыстық сәлемін. Қарттарыма сүйініп, Сәлем берем йіліп. Орындалды ойларың, Құтты болсын тойларың.

4-оқушы (Аяна)

Малдар төлдеп, қой қоздап, Сүттен бұлақ ағызған. Жаңа жылдық сипаты, Молшылыққа аңыз боп, Басталыпты наурыздан.

5-оқушы (Бауыржан)

Ақ қар кетіп, қыс өтіп, Шырайлы шуақ жаз жетіп. Шаруаның ұлы кенелген, Күн мейрамы ежелден. Құтты болсын, бұл Наурыз!

6-оқушы (Арайлым)

Наурыз-шаттық әніміз, Салтанатты сәніміз. Ән салып жас-кәріміз, Би билейік бәріміз.

7-оқушы (Жанэль)

Бір анадан туғандай, Бір ұядан шыққандай. Бір аспанның астында, Бір дастарқан басында.

8-оқушы (Ахад)

Жаңарғаны сананың Ұмытады мұны кім Ата салтын бабамның Алып келді Ұлыс күн

9-оқушы (Айым)

Арман тойы ананың, Қуанышы ғаламның, Құтты болсын қадамың. Сені тойлап қарсы алып, Бар әлемге жар салып, Бейбітшілік тойы деп Қуанады барша жұрт.

Ардақтың орындауында ән «Асыл ана»

10 -оқушы (Ақтолқын)

Шаттықтың бірге шалқып тасқынымен, Жолықсын қариялар жас күнімен, Үлгі алсын жас ұрпақтар, Ежелгі ата-баба дәстүрінен.

12-оқушы (Нұрсұлтан)

Қазақ деген халқымыз, Кетер өрлеп даңқымыз, Өзге ұлттай біздің де Бар дәстүр мен салтымыз.

Мерекелік көрініс «Шықбермес Шығайбай мен Алдар»

1-жүргізуші: (Бекасыл)

Ау, жараңдар,жараңдар! Қызыққа мына қараңдар! Ұлыс күні жаңаша, Болыпты бір тамаша.

2-жүргізуші: (Аяна)

Түк татырмас шығайбай, Тек Алдардан ығар бай. Мырза болып көл-көсір, Өнерді бір шығарды-ай.

1-жүргізуші: (Бекасыл)

Оңға да, солға да шашылды, төгілді. Бүгінгі мейрамда Шығайбай көңілді. Бұрынғы өмірмен шорт кесіп құйрықты, Бастамақ қайтадан жаңаша өмірді.

2-жүргізуші: (Аяна) Бұрынғы әдетпен, Алдауға сынауға. Бермесе байғұстың, Өнешін бұрауға, Алдар да кеп жетті. Ал, енді қараса, Бұл неткен тамаша! Шық бермес Шығайбай, Бәйбіше, қызымен, Қарсы алды таласа.

Алдар: Уай, кім бар екен! Құдайы қонақпыз!

Шығайбай: Қош келдің, қош келдің қонағым!

Алдар: Ассалаумағалейкум, баеке!

Шығайбай: Уағалейкумассалам! (Екеуі төс түйістіріп амандасады)

Алдар: Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, байеке!

Шығайбай: Болсың, болсың, бірге болсын! Әй, бәйбіше, Алдекен келді, құтты қонақ келді. Қазан көтеріңдер, ас салыңыздар!

Бәйбіше: Е, өзіміздің Алдар жан екен ғой, Жоғары шық, қарағым, торлет. Бізбикежан, Қонақ келді. Көрпе төсе, сусын әкел!

(Бізбике көрпе тосейді, екеуі төрге шығып отырады)

Шығайбай: Ал, Алдеке, көптен көрінбей кеттің, аман-саусың ба? Не жаңалығын бар, айта отыр?

Алдар: Жаңалығым сол, жер-жерде жұрт Наурызды тойлап жатыр екен. Елдің еңсесі биік, соған қуанам.

Шығайбай: Өзіңнін әзіліңді сағындым бір нәрсе айтып, көңілімізді бір серпілтіп тастасаңшы.

Алдар: Не жайлы айтсам екен?(Айранға қарап). Өкпелеп қалмайсың ба?

Шығайбай: О, не дегенін?! Ұлыс күні өкпе-наз деген бола ма?

Алдар: Ендеше, мына айран туралы болсын . (Тамағын кенеп)

Мынау тұрған айран, Кез болдың маған қайдан? Бәйбішеге жолығып, Айрылыпсың-ау майдан. Қанша сенің, айран. Коммерческий бағаң? Шөлікркеп отыр ағаң, Е, қайран айран?

Шығайбай: Ой, Алдеке тілің әлі өткір ғой, шіркін! Түк өзгермепсің,ә! Бәйбіше, тезірек асты қамдаңыздар, қонақтардың қарны ашқан шығар.

(Дастарқан жайылып, тағамдар қойылады)

Бәйбіше: Наурыз-молшылықтың, берекенің тойы. Наурыз күні әр адам төріне дастарқан жайып, бар жылы-жұмсағын дастарқанға қояды. Шаңыраққа келген барлық қонақ дастарқаннан дәм татып, ақ батасын береді. Сондықтан да бұл күнді кұт пен береке дарыған күн деп айтады. Міне, мынау таба нан, Қасиетті күшті қара нан. Өмірдің нәрін сіңіріп, Мирас болған бабадан. Ауыз тисін алдымен, Бастайық үлкен анадан.

(Залдағы үлкен кісіге наннан ауыз тигізеді)

Бізбике: Құрт-бауырсақ тағы бар, Қызылы бар, ағы бар, Баласы қайда бұл тойдың, Алыңдар қане, алыңдар! (баларға бауырсақ таратады)

Алдар: Қазақта «қонақ кәде» деген болады. Мойнымызда қарыз болып қалмасын, содан құтылайық. Мына жолдасыма жақсы ән айтып берсін.

Ендеше Ардақтың орындауында «Қасиетті домбыра» атты әнді қабыл алыңыздар.

Шығайбай: Бәрекелді, жарайсың! Қызым, өнерден біз де құралақан емес едік қой. Сен де ауылдың «алтыауызын» шырқатып жібер.

Бізбике: Мен апаларымның өнеріне тәнті болдым. Құрметті қонақтарға арнап, мына үлкен тойдың көрермендеріне арнап қыздар мен бірге би билеп берейін.

Қыздардың орындалуында «Қамажай» биі.

Шығайбай: Бәйбіше, бүгінгі дастарқанның ең үлкен асы-Наурыз көжең қайда? Әкелсеңдерші!

(Бәйбіше қонақтарға жағалай кесемен көже ұсынады)

Бәйбіше: Бұл-наурыз көже-қасиетті ас. Бұған жеті түрлі тағам қосады. Ауыз тиіңіздер, бәріңізде. (Алдымен өзі ішіп көріп) Бұл көжеде елімнің ақ ниеті бар екен, бабаларымның киесі бар екен.

Шығайбай: Сезімнің шыны-адалдық бар екен.

Алдар: Өмірдің нұры-адамдық бар екен.

Алдардың жолдасы: Анаға біткен мейірім бар екен.

Бізбике: Әкеге біткен қайрат бар екен.

1-жүргізуші: Балаға біткен қарыз бар екен.

2-жүргізуші: Ерге біткен парыз бар екен.

Бәйбіше: Қос қанатты арман бар, Уа, халайық, халайық! Ауыз тиіңдер, қалмаңдар!

1-жүргізуші: Дәстүрлі ұлы тойымыз жылдан-жылға жалғаса берсін. Әр наурызды тек аманшылықпен қарсы алайық. Наурыз елімізге құт-береке әкелсін!

2-жүргізуші: Ән қосылып әніңе, Сән қосылсын сәніне. Ырысты боп жаңа жыл, Бақ дарысың бәріне. Ой қосылып ойыңа. Бой қосылған бойына. Аман-есен жетейік. Келер Наурыз тойына- дей отырып бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз!









































© 2010-2022