Математика. Сабақтың тақырыбы: Қайталау. урок. 3 кл

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қ.К.Шықанова.

Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін

орта мектептің мұғалімі.

3-сынып. Математика.

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Есепті әр түрлі тәсілмен шығару. Көбейту мен бөлу амалдарына берілген есептерді шығару және дұрыс, жылдам есептеуге дағдыландыру, амалдарды орындауға, мысалдар шығартуды меңгерту.

Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау, танымдық қабілеттерін арттыру, шығармашылық жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Қазақтың ұлттық ойындары арқылы оқушыларды ұйымшылдыққа, ептілікке, жылдамдыққа, белсенділікке, достықты құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, іздену, қайталау, кіріктіру, топтық жұмыс.

Көрнекілік: ұлттық ойындар, кестелер.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық.

Өмірде таңқалдыратын жайлар көп кездеседі. Мысалы: жер неге дөңгелек?

Ай мен күн неге кездеспейді?-деген сияқты.

Ал мен күнге таң қаламын. Өйткені ол нағыз сиқырлы сияқты, ол мейірімді, сәлемдесе біледі. Терезеге қараңдаршы, бүгін күн неткен тамаша! Күн бізге не сыйлайды?

КҮН: Жылу, қуаныш, жарық, мейірім.

- Енді өзімізге не тілейміз? ( жылы тілектер айтылады.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Топпен жұмыс:

1- топ: Көбейтудің компоненттерін ата.

2- топ: Бөлудің компоненттерін ата.

3- топ: Көбейтудің қызметтерін ата.

Білімді бекіту. Ауызша жұмыс.

Ойын: « Сыңарын тап »

Жауаптары бірдей мысалдарды ата және оларды сызба арқылы

біріктір.

Математика. Сабақтың тақырыбы: Қайталау. урок. 3 клҚандай қосындыны көбейтіндімен алмастыруға болады?

2+3+3

8+72

4+8

4+4

Математика. Сабақтың тақырыбы: Қайталау. урок. 3 кл

5+5+5

4+6

2+4+3

ІІІ. Жаңа сабақ:

Балалар, сендер қандай ұлттық ойын түрлерін білесіңдер? ( Оқушылардың жауабы тыңдалады)

Олардың ішінде ат үстінде ойналатын қандай ұлттық ойындар бар?

«Қыз қуу», «Аударыспақ», «Теңге алу», «Көкпар», «Тайжарыс».

Ендеше балалар, қазір үш топқа бөлініп отырамыз.

Оқушыларды «Бозжорға», «Құлагер», «Тайбурыл» деген үш топқа бөлу.

Бүгінгі сабағымызда осы ұлттық ойындарды үш топқа бөлініп ойнай отырып, математикалық тапсырмалар орындаймыз.

№ 1-есеп Тақтада орындалады.

Әр.қ - 14о. бар. 10 топ 7 қ тең б.о-ды

Әр.қ - да - ? оқушы

14*10:7=20(о)

Жауабы: әр қатарда 20 оқушы.

ә) Қ.телпек - 24

М.аю - 18

7 балаға тең б. берілді.

әр б - ? кәмпит

( 24+18):7=6(к)

Жауабы: әр балаға 7 кәмпиттен.

№ 2-есеп «Қыз қуу» ойыны

( 80+16) : 8 = 12 ( 900+12) : 3 = 304 ( 600+60+8) : 2 = 334

( 70+12) : 7 = 12 ( 800+28) : 4 = 207 ( 900+60+9) : 3 = 323

( 60+12) : 6 = 12 ( 600+30) : 6 = 105 ( 800+40+8) : 4 = 212

№ 3-есеп «Үндемес» ойыны

3 сыныпта - 70(о)

Егуге б-ды - 1/7

Е-ден босатылды-? Оқушы

70: 7 = 10(о)

Жауабы: егуден 10 оқушы босатылды.

Сергіту сәті.

№ 4-есеп «Бәйге» ойыны

Д-Ү арасы - 150м

М-Ү арасы - ? 2 есе артық

Д-М арасы - ? 3 есе кем

Д-М арасы - ? метр

150: 2 = 100(м)

Жауабы: Дүкен мен мектептің арасы 100 метр.

№ 5-есеп «Тай жарыс» ойыны

(100 - 100) * 100 = 0 (42 : 6) + (54 : 6) = 16

(900 + 0) : 900 = 1 (64 : 8) - ( 32 : 8) = 4

(700 : 7) - 100 = 0 (80 : 8) - 2 = 16 - ( 4*2)

Топпен жұмыс. Әр топқа 5 сұрақтан тапсырмалар беріледі.

«Бозжорға» тобына:

1. 5 ондықты 3 есе арттыр (150)

2. 4 жүздіктен тікелей кейін келетін сан (401)

3. 7 ондықтан 2 есе артық сан (140)

4. 1дм-де неше см бар? (10см)

5. Ұзындығы 4см, ені 3см тік төртбұрыштың ауданын тап.

«Құлагер» тобына:

1. 4 ондықты 2 есе арттыр (80)

2. 192 санының алдында келетін сан (191)

3. 1 сағатта неше минут бар? (60мин)

4. 35 пен 2-нің көбейтіндісі (70)

5. 6 ондықты 3 есе арттыр (180)

«Тайбурыл» тобына:

1. 7 ондықты 4 есе арттыр (280)

2. 9 жүздіктің тікелей алдындағы сан (899)

3. 1м-де неше см бар? (100см)

4. Текшенің неше өлшемі бар? (3)

5. 27-нің 1/3 бөлігін тап (9)

Сабақты қорытындылау: Не білдім? Не үйрендім?

Кері байланыс: оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін жинақтай отырып,

ой -түйінін стикерге жазып, даналық ағашына іледі.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма.

Қостанай облысы,

Аманкелді ауданы.

© 2010-2022