Көркем әдебиет: Алтын күз

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Алтын күз.

Мақсаты:

  1. Балалардың күз туралы білімін қалыптастыру. Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру.

  2. Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету.

  3. Табиғатқа қамқор болуға, оны аялауға тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Күз мезгілінің суреттері. Бақшадағы көкөністер, баудағы жеміс суреттері.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, тыңдау.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық сәт

Күндей жарық, айдай арайлы,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнді бастайық.

Сұрақ - жауап

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз неше айдан тұрады?

- Күзді неге « Алтын күз » деп атайды?

Дәптермен жұмыс: Ғ. Қайырбековтің «Алтын күз» өлеңімен таныстыру, жаттату.

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Дидактикалық ойын: « Қай мезгіл »

Ойын шарты: Балаларға сұрақ қою, балалар қай мезгіл екенін қол көтеріп жауап береді.


  1. Күн суытып, айнала ақ көрпе жамылады.Көркем әдебиет: Алтын күз

Ол қай мезгіл?

( Қыс )



  1. Жан - жануарлар ұйқысынан оянып, жерге көк шығып, төрт түлік төлдеп, жылы жақтан құстар ұшып келеді.Көркем әдебиет: Алтын күз

Бұл қай мезгіл?

( Көктем )



  1. Ең жақсы уақыт, балалар ұзақ уақытқа демалысқа шығады, суға шомылып, саяхатқа шығамыз.Көркем әдебиет: Алтын күз

Ол қай мезгіл?

( Жаз )



  1. Дүниенің бәрі сап - сары түске айналады.Көркем әдебиет: Алтын күз

Ол қай мезгіл?

( Күз )


Сұрақ - жауап

  • Күз айында не піседі?.

  • Жемістер қайда өседі?

  • Көкөністер қайда өседі?

- Жемістер мен көкөністерді ата?

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп - кішкетай ағаштар,

Үп - үлкен боп өседі.

Жұмбақ шешу.

Жауып жаңбыр, жерде сабыр,

Шөп, жапырақ солады.

Айтыңдаршы, бөбектерім, Көркем әдебиет: Алтын күз

Бұл қай кезде болады?

(Күзде)


Қорытынды.

  • Бүгін сабақта қандай тақырыпты өттік, не туралы айттық?

  • Күз мезгілі ұнай ма?

  • Күзде қандай өзгеріс болады?

  • Күз мезгіліне сөйлем құрау.

Күз

Күзде күн суытып, жауын-шашын көп болады. Айнала сары түске өзгеріп, балалар мектепке барады. Жиын-терін көп болады. Бұл мезгіл « Алтын күз » деп айтылады.


© 2010-2022