Тақырыбы: Реңк атаулары 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні:

Тақырыбы:

Сыныбы:

Уақыты:

Өтілетін жері:

Мақсаты:



Сабақ жабдығы:



Сабақтың түрі:

Сабақтың әдіс-тәсілдері;

Бейнелеу өнері

Реңк атаулары

2-сынып



Білімділік: оқушыларға түстер туралы білімдерін тексеріп, түстер жайлы мағұлматтарбере отырып бір түстің бірнеше түрге реңк жайлы мағұлмат беру.

Түстерді айыра алауға үйрету.

Дамытушылық.Түстер жайлы түсініктерін дамыту, ой-өрісін кеңейту. Бір түстің бірнеше түрге түрленуін оқушы сол түстің анық таба алу қырағылығын дамыту Бояулар, қарындаштармен жұмыс дағдыларын, графикалық икемділіктерін дамыту, қызығушылығын арттыру.


Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, төзімділікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Мұғалім үшін: : Сабақ тақырыбы жазылған қағаз, түстік шеңбер суреті, акварель, гуашь, қылқаламдар, плакат қағаздары, тағы басқалар.


Оқушы үшін:альбом, өшіргіш, түрлі -түсті қарындаштар, акварель бояулар

Аралас

Түсіндіру, сұрақ-жауап









Сабақтың барысы

Ұйымдастыру

1-2мин

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру, пысықтау, сұрақ-жауап әдісі бойынша:


Жаңа сабақ

10-12мин

Кіріспе әңгіме













Сабақты бекіту

2 мин





Практикалық жұмыс

25-35 мин

Қорытындылау

5мин



Үй тапсырмасы



І.Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сабақтың жүру барысы:

1. Оқушыларды түгелдеу.
2. Жұмыс құралдарын дайындау.
3. Оқушылар назарын сабаққа аудару.


а) Кескіндеме деген не?


ә) Қандай түстер жылы және суық түстер деп аталады?
б) Олар неліктен осылай аталады?
в) Жылдың қай мезгілі жылы, қай мезгілі суық түстерге жатады?
г) Жұмыстарын тексеру.

Балалар біз қазір мына бір сөзжұмбақты шешіп көрейікші.Сөзжұмбақтан ( түстер реңгі)
- Бүгінгі сабағымыз «Бояу түсінің реңктері және реңк атаулары » жайлы өтеміз.
ІІ.Жаңа сабаққа даярлық.

Реңк дегеніміз- бұл бір түстің бірнеше түрге түрленуі.Әрбір бояу түсінің көптеген реңктері болады.Дегенмен бір бояу түсі қалайша әр түрлі реңктерге құбылады.

Негізгі түстер: Қызыл Сары Көк
Қоспа түстер

ә) Сурет бойынша жұмыс.
- Мына суреттерге назар салайық. Оларда бейнеленген денелердің түстері қандай?
- Әрине, жасыл түс, - дейсіңдер.
- Суреттердегі жасыл түс бірдей ме? Әлде бұл басқа түс пе?
- Бұл расында да жасыл түс, ал оның реңктері әр түрлі.


Әрбір бояу түсінің көптеген реңктері болады.
Бір түстің реңктері бір-біріне ұқсас болады.
в) Бояу түсі қалайша әр түрлі реңктерге құбылады?

Ту, күн туралы түсінік беру.
- Палитрада жасыл түс шығару үшін қылқаламға алдымен сары бояуды көбірек, көк боуды азырақ алып араластырамыз. Содан кейін керісінше, сарыны азырақ, ал көкті көбірек қосамыз. Олардан алынған түстерді салыстырғанда әр түрлі реңктерді көресің.


г) Мұғалімнің түсіндіруі

- Түстердің жылы және суық болатынын білеміз. Сондай-ақ реңктер де жылы және суық түсті болады.
- Суреттің қай жағы жылы түсті реңкке жатады?
- Ал суық түске ше?
- Қай реңктерде көк түс басым, ал қайсысында сары бояу көбірек?
Кез келген түстер реңктерінде сары немесе қызыл түс басым болса, олар жылы реңктер болғаны. Ал көк түс басым болса, онда реңктер суыққа жатады.
ІV. Сергіту сәті.
Гүлдер, гүлдер көп гүлдер,
Қызыл, жасыл, көк гүлдер.
Тұрасыңдар жайқалып,
Тұрасыңдар нұрланып.

Әр түрлі түстердің реңктерінен тақтаға домалақшалар саламыз.

Сары + қызыл - тоқсары

Сары + жасыл- ашық сары

Сары+ көк - жасыл

Сары + қоңыр т.б қызыл+ көк- күлгін түс

Осындай түстердің реңктерінен бірнеше домалақша жасап аламыз.Ал енді балалар мен салған домалақшалардан не салуға болады деп ойлайсыңдар?

Мен салған домалақшалардан шарларды салуға болады екен.Ол үшін шардың жіптерін саламыз екен.

Міне біздің суретіміз дайын.Суреттерімізді бастамас бұрын сурет салау кезеңдерін есімізге түсіріп алайық.


  • Біз алдымен сурет дәптерімізді тігінен қойып аламыз.

  • Заттардың пішінін, өлшемін талдап аламыз

  • Дәптер ортасынан түзу сызық жүргіземіз.Заттың биіктігін енін белгілеп аламыз.

  • Заттың жеке бөлшектерін бейнелеп, жалпы пішінін келтіру

  • Заттарды өзіне ұқсастырып саламыз

  • Артық сызықтарды өшіріп тастаймыз.

(Алдымен сурет салу кезеңдерін түсіндіріп өтемін)

Сурет салу кезеңдерін ата?

Әр кезеңде не істейтінімізді еске түсіріп алайық?

Оқу құралдарымен жұмыс жасау нұсқаулықтары:

  • Сурет дәптерді дұрыс орналастыру(тігінен)

  • Қылқаламдармен жұмыс жасау

  • Өшіргішті дұрыс пайдалану

  • Бояумен жұмыс жасау кезеңдерін еске түсіріп практикалық тапсырманы орындау

  • Акварель бояумен жұмыс жасағанда өте абай боламыз.

Практикалық тапсырманы орындау барысында жіберілген қателіктермен бірден жұмыс жасау керек.

Практикалық жұмыс аяқталғанда құрал-жабдықтарды ретке келтіру.

Әр қатар оқушыларының суреттерінен көрме ұйымдастырылады.

V. Сабақты қорытындылау

Бояумен жұмыс жасау кескіндеме жанрының бір түрі екен.

Бір түстің бірнеше түрге түрленуін не деп айтамыз екен.
2. Жұмбақ шешу.
Жол бойында тұрағы,
Жолды сілтеп тұрады. (Бағдаршам)
- Бағдаршам қандай қызмет атқарады?
- Оның шамдарының түсі қандай?
- Бұлардың ішінде негізгі түске қай түс жатпайды?

Түстер жайлы бүгінгі сабақта не білдік?


VІ. Бағалау, мадақтау. Салған суреттеріне байланысты мадақтама сөздер айту.
VІІ. Үйге тапсырма:.

Сау болыңдар!





© 2010-2022