Абай Құнанбаевтың қара сөздері

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Абай Құнанбаевтың қара сөздеріАбай Құнанбаевтың қара сөздеріАбай Құнанбаевтың қара сөздеріАбай Құнанбаевтың қара сөздеріАбай Құнанбаевтың қара сөздеріАбай Құнанбаевтың қара сөздеріАбай Құнанбаевтың қара сөздеріАбай Құнанбаевтың қара сөздеріАбай Құнанбаевтың қара сөздеріАбай Құнанбаевтың қара сөздеріАбай Құнанбаевтың қара сөздеріАбай Құнанбаевтың қара сөздеріАбай Құнанбаевтың қара сөздеріАбай Құнанбаевтың қара сөздеріАбай Құнанбаевтың қара сөздеріАбай Құнанбаевтың қара сөздеріАбай Құнанбаевтың қара сөздеріАбай Құнанбаевтың қара сөздеріАбай Құнанбаевтың қара сөздеріАбай Құнанбаевтың қара сөздеріХ.Шаяхметов атындағы орта мектеп











Ашық сабақ





ТАҚЫРЫБЫ:



Сынып: 9

Мұғалім: Мукушева А.Н



Сабақтың мақсаты. Білімділік-оқушыларға Абайдың шығармашылығы мен өмірі жайлы деректерді қайталата отырып, қарасөздерін талдату, мағынасын, негізгі идеясын таныту, білімдерін тереңдету.

Дамытушылық. Еркін сөйлей білуге, ойларын еркін жеткізе білуге, қарасөз мағынасын терең түсіне білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік. Сөз мағынасын дұрыс түсінуге, имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: талдау, зерттеу сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздену, талдау

Көрнекілігі: «Ақынның өмір бесігі» атты бұрыш, буклеттер, сызба-кестелер

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру.а) Сәлемдесу ә) оқушыларды түгелдеу б) сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды 2 топқа бөлу. Топ басшыларына бағалау парағын беру. Сабақты бастамас бұрын, ойымызды жинақтап, бойымызды сергітіп алайық.

-Әрбір адам?

-Туысым, досым, жұрағат.

-Әрбір сабақ?

-Үйрену, ұғу, ұлағат.

-Әрбір ісім?

-Тірлік, тірек, адамдық.

-Әрбір сөзім?

-Шындық, бірлік, адалдық

Үй тапсырмасын тексеру. Балалар жан-жағымызға қарасақ, Абай әлемінен сыр шерткендей боламыз. Мына жерде көріп тұрғандарыңдай, сандықшалар бар. Өткен сабақтарда Абай мұражайынан бейнефильм көргенде осындай сандықшалар көзге түсіп еді. Жалпы өздерің айтыңдаршы сандық, сандықша деген не? Онда не сақталады?

Абай ақын келешек ұрпаққа өлмес мұра қалдырды, сол мұра туралы осы сандықшадағы сұрақтарға жауап бере отырып білеміз, еске түсіреміз.

Жаңа сабақ. Сабақты Абайдың «Бірінші сөзін» жатқа оқудан бастаймын.

«.....Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық: қылып жүрген ісіміздің бәрінің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын...»

Бұл оқыған үзінді Абайдың қай шығармасынан үзінді деп ойлайсыңдар? (Қара сөз).

-Дұрыс.

-Ендеше, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не? (Қара сөздер).

-Дәптерді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қойыңдар.

-Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоясыңдар?

-Абайдың әндері бар, өлеңдері бар. Бірақ ХІХ ғасырдың 90 жылдары Абай өзінің ой толғаныстарын қарасөздермен жазған.

-Бірақ осы қара сөз жазудың үлгісін кімдерден алды? Соған тоқталып өтсек.

-тақтада ілініп тұрған орыс әдебиеті өкілдерімен қысқаша таныстыра отырып, Абайдың орыс жазушысы Михаэлистің ақылымен осы Лермонтов, Пушкин, Крыловтың шығармаларын оқып, жақын танысуға кеңес береді. Пушкин мен Лермонтов та қара сөз жазған. Оны «Слова назидания» деп атаған.

-Абайдың қара сөздерінің жалпы саны қанша?

-Абайдың 45 қара сөзі бар.

-Абайдың қара сөздерінің өзіндік ерекшелігі бар. Сөйлемдері қысқа, мағынасы, терең, ғибрат беруді көздей құрылған.

Абайдың қара сөздерінің тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады.

Абайдың қара сөздерін зерттеп, тереңнен түсіне алу үшін мәтінмен жұмыс жасайық. «Ғылым» тобына «Бесінші қара сөз», «Талап» тобына «Отыз бірінші қара сөз» мәтінді мәнерлеп оқып, мәтінді жанрлық және стильдік ерекшелігіне қарай талдау.

Сергіту сәті. «Ханталапай» ойынын ойнату. Жеңілген топ Абайдың бір әнін орындайды.

Оқушылар Абайдың «Он жетінші» қара сөзіне инсценировка жасайды. («Он жетінші» қара сөзіне қойылым). Ортада ғылым, ақыл, жүрек, талап үшеуі таласып келеді.

«»17 қара сөзін көрініс ретінде көрдіңдер, енді осы мәтінді қысқаша тірек-сызбаға түсіріңдер.

Қарасөз мәтініндегі негізгі ойды тірек-сызба арқылы бейнелеу

Он жетінші сөз

Ақыл

Қайрат

Жүрек

Ғылым





Он жетінші сөзден шығатын қорытынды



еңбексүйгіш

сабырлы еліне адал қызмет етуші

Толық адам



иманды

парасатты

қайратты, қажырлы жүрегі нұрлы,

мейірімді

терең білімді

Абай қара сөздері неге тәрбиелейді? (Имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа). Бұған дәлел ретінде Абай қара сөздерінің дінді уағыздайтын «Иман» журналында жариялануы. Тағы бір дәлел мына суретте көріп тұрғанымыздай Меккеде Құнанбай салдырған мешіт.

Рефлексия. Балалар бүгінгі сабақта нені білдіңдер? Қойған мақсаттарыңа жеттіңдер ме? Топ басшылары өз ойларын айтады, ой түйіні ретінде бата береді.

Бағалау. Бағалау парағын алып, топ басшысының бағасын ескере отырып, қорытынды баға шығару.

Үйге тапсырма.

І деңгей а)19 қара сөзін жаттау.
ә)Тіл ерекшелігіне талдау.

ІІ деңгей а) Жүректі биологиялық қызметін зерттеу.
ә) Абай шығармаларынан жүрек сөзіне картотека теру.

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

1-тап-ма

2-тап-ма

3-тап-ма

4-тап-ма

5-тап-ма

Топ басшысы

Мұғалім










Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

1-тап-ма

2-тап-ма

3-тап-ма

4-тап-ма

5-тап-ма

Топ басшысы

Мұғалім











© 2010-2022