Жалаң және жайылма сөйлем

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы Ұйғыр ауданы «Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілі пәні 3 - сынып

Бастауыш сынып мұғалімі Назгуль Смаилқызы Ильясова

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу. Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге үйрету.

2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойлау, сөйлеу тілін дамыту. Тіл байлықтарын, сөздік қорларын байыту және байланыстырып сөйлеуге машықтандыру

3. Оқушыларды әдемі, көркем жазуға дағдыландыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Пайдаланатын пед технология: дамыта оқыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ой қозғау, ребус шешу, оқулықпен жұмыс, тақтамен жұмыс, дәптермен жұмыс, ұжымдық, жеке жұмыстар.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, электрондық оқулық, тірек сызбалар, сюжетті суреттер, семантикалық карта, оқулық, кеспе қағаздар, тест.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық.
Ұран: Әрбір сабақ-үйрену .

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Қонаққа бару» стратегиясы.

Оқушылар бір-біріне қонаққа бару арқылы ұйге берілген 113-жаттығуды тексереді.

«Ыстық сұрақтар» (оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды)

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

1.Суретпен жұмыс:Топтық жұмыс.
Қыс туралы сурет, суретке қарап сөйлем құрау.
- Осы сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау, сызбамен көрсету.
Шағын әңгіме жаздыру.
2.Электронды оқулықпен жұмыс.

ІҮ. «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді» бөлімі (өткен тақырыпты қайталау)
Сәйкестендіру. (Тест) Топтық жұмыс.
Жалаң сөйлем Бау байланды.
Күн суытты.
Жайылма сөйлем Керек - жарақтың бәрі бар.
Ұшақ биікке көтерілді.
Ү. «Әдемі жазу өнер» бөлімі, күннің ретін , тақырыпты жазу.

Көркем жазу минуты.Жж

«Кімнің ойы мен қолы жүйрік» бөлімі «Сұрақ-жауап» (Сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру)
Бастауыш кім? не? деген сұраққа жауап береді. (иә)
Бастауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. (иә)
Екі дос мектептен қайтты. Бұл - жалаң сөйлем. (жоқ)

Балалар ойнады. Бұл-жалаң сөйлем. (иә)

(дәлелдету).
а) оқулықпен жұмыс. Жаттығу жұмысы.
115-жаттығу. Жайылма сөйлемдерді оқу. Үш сөзден құралған сөйлемдерге керекті сын есімдерді қосып, төрт сөзден құралған жайылма сөйлемдерге айналдырып жазу.

«Бойы сергектің ойы сергек». Бақаның биі .

116-жаттығу. Ребус шешу. Мақал. «Ерді намыс, өлтірер».

Мақалды жай сөйлем түрлері мен сөйлем мүшелеріне талдау.

«Еңбек түбі - береке» бөлімі. 117-жатығу.

ҮІ.Бекіту. «Тапқыр болсаң, талас жоқ» бөлімі. Жұптық жұмыс.Су, ұшақ, мал, қоңырау, гүл.сөздер, суреттер таратып беру. Сөзге баяндауыш жалғап , яғни жалаң сөйлем жасау.

ҮІІ. Қорытындылау. «Біліміңді нықта» бөлімі сабақты бекітуге әр қатарға парақтар беру, сабақтан не түсінгенін қағаз бетіне әрбір оқушы жазады.

Семантикалық картамен жұмыс.Топтық жұмыс.

Жалаң

Жайылма

Айжан келді.

Әсия әдемі биледі.

Мал қорада тұр.

Жел соқты.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 118-жаттығу.

ІХ. «Еңбек түбі - зейнет», бағалау. Оқушыларды фишка санына байланысты бағалау.

Х. Рефлексия.

© 2010-2022