Баяндама «Инновация – жаңалық ашу » Тәрбиеші: Акимжанова Б. Е

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КМҚК «Дәншік» балабақшасы

«Айгөлек» естияр тобы

Баяндама

«Инновация - жаңалық ашу »

Тәрбиеші: Акимжанова Б.Е.





Самар ауылы / 2014 - 2015 жыл
Инновация (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату
Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері,түрлері мақсаты мен мазмұнын педагог пен бала бірлескен қызметін ұйымдастыру жаңалық енгізуді білдіреді.Қазіргі заман инновациялық қызметі-балабақша балаларымен жұмыс істеуде. Инновациялық технологиялар,әдістер, балалардың психологиясы мен педагогикасын терең білуді педагогтарға нақты бір жетістіктерге көмектеседі. Нақтылап айтқанда балаға білім мен тәрбие беруді саналы,сапалы етіп қызығушылықтары мен өміршеңділігін арттырады деп айтуға болады. Мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланады.
Президент Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан -2050" стратегиялық жолдауында "біз білім -ғылым-инновациялар үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз, біріншіден ,бұл -уақыт, қазір инновация заманы, инновация ғасыры" деп атап көрсеткен болатын.
Э.Роджерс "Иновация-нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея" десе, Мейлс"Иновация-арнайы жаңа өзгеріс.Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын,шешімдерін күтеміз"дейді. Яғни иновацияны жаңаны көру,жаңаға ену,жаңаға кіріспе деп түсінуіміз қажет.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде математика сабағында инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор .
Білім беруде қолданыс тапқан жаңа инновациялық технологиялардың бірнеше түрін атап кеткім келеді:


Денсаулық сақтау технологиясы- бұл сала математика сабағында өте жиі қолданады: әр түрлі сергіту сәттері, суджок терапиясы, көзге,құлаққа арналған жаттығулар.
Модульдік оқыту технологиясы -балалармен таңертеннен бастап кешке дейін бір бағытта жүргізілетін жұмыстарда кездесетін қиыншылықтардың алдын алу және түзету жұмыстарының жүйесін құру.Мысалы: Ойыншық қоян қонаққа келді. Сол қоянмен балаларды қарсы алу, ол туралы әңгіме, есеп құрастыру,ол туралы сурет салу, онымен бірге қимылды ойын ойнау т.б.
Дамыта оқыту технологиясы-баланы оқыта отырып, дамыту бала бойындағы еркіндік,мақсаткерлік, ар намыс ,мақтаныш,сезім,дербестік адамгершілік,еңбексүйгіштітік, белсенділік т.б. қасиеттерін дамыту.
Монтессори технологиясы- Монтессори технологиясының негізгі принципі-балаға өзін-өзі тәрбиелеуге,өз бетінше оқуға,өз бетінше дамуға жағдай жасау.Монтессори балабақшада көбінесе кіші жастағы топтарда қолданады. М.Монтессори педагогикасының түсіндіруінше баланың туғаннан азамат болғанға дейін барлық өмірі оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады. Бұл технологияның ерекшелігі оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды,әркім табиғат берген даму жолмен жүреді.
ТРИЗ технологиясың біз математика сабағында өте жиі қолданамыз. Бұл технология баланың іс-әрекетің бақылап, ойлау қабілетін дамытады.Мысалы: Неге? Қалай? Неліктен? деген сұрақтардың өзі балаға ойлануға үлкен бағыт береді.
Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын түрінде де жеке жұмыс жүргізіледі. Сабақтар өте қызық болып өтеді. Балалардың ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастырады.Ойын әлеуметтік қызмет.Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады Өз басым ерекше Галиев атты технологиясына тоқталып кеткім келеді. Бұл технологияның қалаушысы педагогика ғылымдарының докторы, техника ғылымдарының кандидаты Галиев Темир Тлекович.Галиев технологиясы топтық түрінде өткізілетін жұмыс. Бұл адам мектепке дейіегі оқу іс-әрекетінде жаңа инновацияларды қолдану барысында жұмыс жасау жүйесінде докторлық диссертацияны қорғаған. Әр түрлі ғылыми жұмыстардың қалаушысы болып, түрлі мақалаларда басты міндетің атқарған. Өзектілік тақырыбым бойынша ең бастысы сол адамның технологиясың қолданып «Ойнайық та, ойлайық» атты сайыс түрінде ашық сабақ өткіздім. Әр түрлі инновациялық технологияларды қолдандым.
Проблемалық оқыту технологиясы-ол өз тақырыбы бойынша жұмыс жасау.Бұл оқыту технологиясы білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгеруді,бала оқытуды өмірімен және еңбегімен байланыстырады.
Өздігінен дамыту технологиясы-бұл баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу,бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Мұнда оқыту бала дамуына сәйкес табиғи болуы керек, сондағана бала өзін дамыта алады. Мысалы: өздігінен ойлау, өздігінен есеп құрастыру, өздігінен бір шешемге келу, өздігінен қорытынды жасау.
ҚОРЫТЫНДЫ жасай келе өзім осы мәселелерді айтып кеткім келеді: аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада математика сабағында мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап,көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік,ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн. Балабақшада тек ғана математика сабағында емес, басқа да салаларда мультимедиялық оқулықтар, слайд шоу, видео, электронды ойындар, электронды көрнекіліктер т.б. біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады. Бігінгі танда сол оқұлықтардың көбінесі біздің балабақшаның тәрбиешілері қолданады.



















































ҚМҚК «Дәншік» балабақшасы









Баяндама

Тақырыбы«Математика сабағында инновациялық технологияларды қолдану»









Орындаған: Тәрбиеші:

Акимжанова Б.Е.



Самар ауылы

2015 жыл






© 2010-2022