Ашық сабақ: Әнші төлдер

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Шоллаққарғалы ауылындағы негізгі орта мектеп» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Суйенбайқызы Гүлнұр

Сабақтың тақырыбы: «Әнші төлдер». Бөрте лақ. Жіңішке дауысты дыбыстар.

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылар мәтіндер мен өлеңдерден жіңішке дауысты дыбыстарды табу арқылы тапсырмаларды орындайды.

ә) Оқушыларды малдың төлдерімен танысу арқылы алған білімдері дамиды.

б) Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар ұқыптылыққа, реттілікке тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: аралас сабақ (кіріктірілген)

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, жіңішке дауысты дыбыстар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; Ой қозғау, ойын, түсіндіру

Пәнаралық байланыс: Математика, еңбек, музыка.

Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылықты ояту:

Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу.

«Көңіл ашар» жаттығуы.

Ашық сабақ: Әнші төлдер
Күлімдеп күн бүгін Сәлеметсіз бе, күн! Қарады маған да. Сәлеметсіз бе, жер! Күлімдеп күн бүгін Сәлеметсіз бе, сіз! Қарады саған да. Сәлеметпіз біз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: -Үйге қандай тапсырма берілді? Ой қозғау. -Балалар біз сіздермен дауысты дыбыстарды еске түсірейікші. -Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? -Жіңішке дауысты дыбыстарға қай дыбыстар жатады? -Жуан дауысты дыбыстарға қай дыбыстар жатады?

ІІІ. Жаңа сабақ

Күн ретін жазу. Көркем жазу Жж, жайлау

-Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы І.Жансүгіровтың өлеңдері «Әнші төлдер» мен «Бөрте лақ». Өлеңдерді оқи отырып,жіңішке дауысты дыбыстарды табамыз.

Автор І.Жансүгіров туралы түсінік беріп кетемін.

Жүйрік ақын 1894 жылы 14 мамырда қазіргі Талдықорған өңіріндегі Ақсу ауданында дүниеге келеді. Өзі домбырашы, әңгімеші, әрі түрлі өнерден хабары бар сауатты әкесінің қамқорлығында болып, одан хат таниды. Ташкенттегі 2 жылдық мұғалімдер институтынан соң мұғалім болып қызмет атқарады. Алғашқы өлеңдерін де сол кезде жаза бастайды. 1925 жылы Мәскеудегі журналистика институтына түсіп, оны 1928 жылы бітіріп шығады. Елег келіп, « Еңбекші қазақ» (қазірігі Егемен Қазақстан ) газетінде еңбегін жалғастырады. Қазақ өнерінің сері ақыны Ақан жайында « Құлагер» поэмасын, қазақ өнері, күйін аспандатқан « Күй» , «Күйші» поэмасын жазады. Туған даласы, Отаны туралы сүйіспеншілігін «Дала» поэмасында ақтарады. Ілиястың ақындығына қуат, нәр берген халық әдебиетімен бірге Абай поэзиясы болды.

Оқулықпен жұмыс.

37-жаттығу. Сөздерді дауыстап оқып, көшіріп жазу.Жіңішке дауысты дыбыс әріптерінің астын сызу 38 - жаттығу. Мәтінді түсініп оқыңдар. Құрамында жіңішке дауысты дыбысы бар сөдерді атаңдар. -Малдар қайда жайылады? -Өрісте. - Дұрыс .Ендеше келесі мәтін «Өрісте»Мәтінді түсініп оқып, оқушыларға тізбектей оқыту.

ІV. Жаңа материалды пысықтау:Ойын ретінде

Ашық сабақ: Әнші төлдер



Төрт түліктің санын анықта. Қосу, азайту амалдарына бірнеше өрнек құрып, мәнін тап және салыстыр.

Сергіту сәті. «Қошақаным» Әнімен айтып, қимылмен көрсету.

«Әнші төлдер» өлеңін оқыту Өлең шумағынан бұзаудың әнін тауып жазады V.Ой толғаныс: Ашық сабақ: Әнші төлдер Ашық сабақ: Әнші төлдер

  1. VI. Бекіту «Бөрте лақ» өлеңін оқиды.
Лақтың түр сипатын айту. VII.Жаңа сабақты қорыту Төрт түлік иелерін ата. Ашық сабақ: Әнші төлдер Қой атасы - Шопаната, Жылқы атасы - Қамбарата, Ешкі иесі - Сексеката, Түйе атасы -Ойсылқара, Сиыр иесі - Зеңгібаба.

VIIІ.Үйге тапсырма. «Әнші төлдер». Бөрте лақ . Мәнерлеп оқу.Төрт түлік мал туралы әңгіме құрап, жіңішке дауысты дыбыстардың астын сызып жазу.

Бағалау.



© 2010-2022