Білім сайысы Ойлайық, күлейік, демалайық (3-4 сыныптар)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: « Ойлайық,күлейік,демалайық».

Білім сайысы.

Мақсаты: 1.Оқушылардың білімге деген ынта-жігерлерін, қызығушы- лықтарын арттыру.

2.Шығармашылық әрекеттерді орындау арқылы өз мүмкіндіктерін дамытуға ұмтылдыру.

3.Оқушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу және тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

Тәрбие сағатының барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Уа, халайық,халайық!

Бәріне жар салайық,

Бүгінгі кеш төрінде,

Математика елінде,

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыт тасып, шалқысып,

Көңілді кеш жасайық.

Жұмбақ шеру шашайық,

Мұнда қызық табылар,

Жұмбақ,есеп бәрі бар.

Ал, сайыскер балалар,

Білімдерінді сынайық.

2.Тәрбие сағатының мақсаты мен міндетін анықтау.

3. «Ойнайық,күлейік,демалайық» ойыны.

Оқушылар 2 топқа бөлінеді.

І топ «Алғыр». ІІ топ «Тапқыр».

Ойынымыз VІІ- турдан тұрады.

І тур.Бәйге - Ауызша сұрақтарға жауап беріледі.

1.Тік төртбұрыштың қасиеті? 1.Шаршының қасиеті.

2.1 ц=?кг 2.1м =?см

3.1дм =?см 3.1т = ?кг

4.1сағ. = мин 4.1 ғ. = ?жыл

5.Тіктөртбұрыштың периметрі 5.Тік төртбұрыштың ауданың қалай дегеніміз не? табамыз?

ІІ тур. «Блиц - турнир» Көсемдікке ұмтылу.

1.9-дан 1-еуі артық сан.(10) 8-ден 3-еуі артық сан?(11)

2.2 ондықтан тікелей кейін 3-пен 4-тің қосындысынан 3-еуі

кейін келетін сан(21) артық сан (10)

3.7 мен2-нің айырмасынан 5-еуі 2 ондық пен 1 ондықтың айырмасынан

артық сан (10) 4 бірлігі кем сан (6)

4. 5 ондық пен 7 ондықтың 6 ондықтан тікелей кейін келетін толық

арасындағы толық ондық.(60) ондық (70)

5. 4 ондық пен 2 ондықтың 3 ондық пен 4 ондықтың қосындысына

қосындысына кері амал.(60-20=40) кері амал.(70-40=30)

ІІІ тур. Бейнені сақтау.

(15 бейнесі бар суреттер көрсетіледі. 20 секунд ішінде соларды есте сақтап, қағаз бетіне атауын жазу)

ІV тур. Тірі сұрақ.

1.Ахмет Нұрасыл бүгін,

Атап өтпек туған күнін.

Тойласуға Алдияр келді.

Елдос,Мағжан,Бексұлтан келді.

Сайлау,Нұрбол, Дәулет келді.

Дінмұхаммед келмей, Арсен келді.

Бірақ Мағжан қайтып кетті,

Жай жапсарын айтып кетті.

Бексұлтан та енді Мағжанға ерді,

Одан кейін Елсана келді,

Одан кейін Сұңғат келді,

Бәрі қанша қонақ келді?

2.Су құйып ем астауға,

Үш қаз ұшты аспанға.

Үш қасқалдақ, бір қазан,

Екі үйрек, бір сазан.

Бір көксерек, бір қарға,

Қосылды кеп бұларға,

Айт, неше құс ұшып жүр?

3.Бес бұтақты ағашта,

Бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер Саматқа,

Сонда қалмақ неше алма?

4.Ағам бізді жинады,

8қолғап сыйлады.

Қамқор брлған ағамыз,

Үйде неше баламыз?

V тур.Қазақ тілі еліне шолу.

1.Зат есім дегеніміз не? Оның сұрақтары?Мысал келтіріп, талда.

2.Сын есім дегеніміз не? Оның сұрақтары?Мысал келтіріп,талда.

3.Сан есім дегеніміз не? Оның сұрақтары?Мысыл келтіріп,талда.

4.Етістік дегеніміз не?Оның сұрақтары?Мысал келтіріп,талда.

VI тур. Топтастыру.

Әртүрлі ұғымды білдіретін зат есімдерді топтастырп жазу.

1.Өсімдік аттары.

2.Жануарлар аттары.

3.Адамдық қатысты атаулар.

4.Құбылыс аттары.

VІІ тур. Геометриялық конструктор.

Берілген геометриялық фигуралардан құрастыру.

Қорытынды бөлім.

Әділ қазылар алқасының қорытындысы. Балаларды мадақтау, мақтау, марапаттау.

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Бірлестік орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Сеитова Б.Ж.




© 2010-2022