Ашық сабақ 9 санының құрамы

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты: Математика

Уақыты: 30.11

сынып:1

Мұғалім: Самжанова Айгул

Сабақтың атауы

9 санының құрамы

Мақсаты

1. 9 санының құрамымен таныстыру.Сандарды салыстыру.

2. Ұқыптылыққа, тапқырлыққа баулу.

3. 9 санының құрамын жіктеп айта білу, түсіну. 1-9 көлеміндегі сандарды қосу азайту.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Балалар 9 саны туралы не білеміз?

3.5.7.9 сандары қасиетті сандар.

9 мамыр - Жеңіс күні

9 құмалақ- ұлттық ойын

Сөзжұмбақ.

1.Қыстың екінші айы (қаңтар)

2.Кішкене ғана бойы бар,

айналдырып киген тоны бар.(қой)

3.Одан балтаның сабы жасалады.(ағаш)

4.Сөз неге бөлінеді? (буын)

5.Оқушы құралы.(сызғыш)

9 санының қасиеттілігіне тоқталсақ, ана құрсағында нәресте тоғыз ай, тоғыз күнде өсіп жетіледі. Тоғыз саны өмірге адам әкеледі деп есептеген. Ол үш үштіктен құралған. Тоғыз санының негізгі мағынасы -«ұзақ өмір»

Шығармашылық есеп

Қосу және азайту амалының компоненттерін қайталау.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

  1. Сәулелер тапсырмасы.

Өтілген сандарды өсу және кему ретімен қайталай отырып, 9-санының шығарып алу

а) 9-санымен таныстыру

ә) дәптерге 9-санын әдемі жазу



  1. Кесінділер тапсырмасы:

Суреттегі күнбағыс пен саңырауқұлақтарды санау арқылы қосындылар мен айырмалар жазу.

8+1 7+2 6+3 5+4 3+6 1+8 2+7 4+5



  1. Бұрыштар тапсырмасы:

Кесінділерді өлшеу, ұзындықтарын салыстыру.


Сергіту сәті

Музыка әуені арқылы қимылдар жасау.

Ой сергітеді, шаршағандары

басылады.

Ой толғаныс

  1. Дөңгелектер тапсырмасы

2 топ өрнектерді салыстырады. «Жылдам, тап» ойыны

Қай топ жылдам екенін байқаймыз.

Үшбұрыштар тапсырмасы

Математикалық жұмбақ.

1. Көлден ұшты 7 қаз,

Қайтып қонды 3 қаз.

Қонбады оның нешеуі,

Кәне кім тез шешеді?

2. Шығармақ боп неше есеп,

Жиналғанды 5 есек

3 - еуі ұйықтап отырды

Ынталысы неше есек?

3. 10 кітаптың 3 - еуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?

Үшеуі аз деп балапан,

Қосты тағы үш балапан.

Табыңдаршы ойланып,

Қанша болды балапан?

Үйге тапсырма

  1. Қисық сызықтар тапсырмасы Дәптермен жұмыс

Кубизм әдісі бойынша кубтың алты қырындағы тапсырмаларды орындайды.

№4 салыстыр

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағдаршам түстері арқылы топ бір-бірін, өзін- өзі бағалайды.

Кері байланыс

«« Білім ағашы»


Стикерлерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




© 2010-2022