Сынып сағаты тақырыбы: Төрт түліктің пайдасы (3-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Төрт түліктің пайдасы мен қасиеттері.


мақсаты: Төрт түлік мал жайлы білімдерін тереңдету, жүйелеу. Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге, өзгенің ойын тыңдай білуге баулу.
Дамытушылық: Ой - өрісін, сөздік қорын байыту, мәнерлеп, түсініп оқуда білім-білік дағдыларын дамыту
Тәрбиелік: Қазақ халқының өмірін төрт-түлік малмен байланыстыра отырып, оқушыларды төрт т«Малы бардың- жаны бар», « Елдің көркі- мал» деген халық нақыл сөздерінен- ақ қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде төрт түлік малдың ерекше орын алатынын түсінуге болады.Қазақ халқы ежелден-ақ мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірбиесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік ету сырын, жай- күйін , қадір -қасиетін әбден зерттеп білген. Қазақ халқының ұлттық ойындарында да төрт түлік малға байланысты қызықты ойындар көптеп кездеседі.
Мысалы: «Көкпар», «Қыз қуу», «Бәйге» және тағы басқалары.
Оның өнімдерін тіршілік құралы ретінде пайдаланып, малдың еті, еті, терісі, тіпті мүйізі мен сүйегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған.
Мал шаруашылығы біздің еліміз үшін қазіргі таңда да маңызды саланың бірі болып келеді.Сондықтан біз ұлтымыздың қасиетті төрт түлікке қатысты ұғымдары мен бай тәжірбиесін ұмытпай, күнделікті тіршілігімізде ала беруіміз керек.үлікті құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. 3.Төрт түліктің төлдерін ,мал пірлерін атау .
Жылқының төлі- құлын, пірі- Қамбар ата.
Түйенің төлі - бота, пірі - Ойсылқара.
Сиырдың төлі - бұзау, пірі - Қамбар ата.
Қойдың төлі - қозы, пірі - Шопан ата.
Ешкінің төлі - лақ, пірі - Сексек ата.

4. Төрт түлік туралы тақпақтар айту.
Құлыншағым
Құлыншағым- құндызым
Құлдырайды, шабады.
Жылтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады.
Боз бие
Әжем жиі сауады, Құлыны да тояды.
Боз биені баяғы. Сабамыз да толады.
Сүті неткен көп еді, Қанады әбден қымызға

Суалмай- ақ келеді. Біздің үйдің қонағы.

Ақ бұзау
Ақ бұзауым ұнайды, Келеді өсіп күн санап,
«Мө- мө» деп сүт сұрайды. Қоямын ба тұмшалап.
Ақ бұзау жақсы фермада, Тұмсығын созып қарайды,
Апарамын көрмеге. Тілімен мұрнын жалайды.

Сиыр
Әукім, әукім, сиырым,
Мүйізінің сүйірін.
Шүйгін жерге келгелі,
Шығып қапты бүйірің.
Қозы
Кіп- кішкене момақан
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам қозым деп,
Қошақаным өзің деп.
Бөрте лақ
Шөре- шөре лағым Марқа туған бөрте лақ,
Тентек болма, шырағым. Әңгімеме сал құлақ.
Секектеме деміңді ал, Ойнай көрме тым ұзап,
Селтеңдемей құлағың. Боп жүрмесін бөрі тап.

5. Төрт түліктің адамға пайдасын суреттер арқылы әңгімелеу.
6. Төрт түлік туралы мақал мәтелдер айту.

1.Сиырдың сүті - тілінде. 2. Ат- адамның қанаты.

3.Қойдың сүті қорғасын, 4. Аттың бәрі сұңқар емес,
Қойды ұру болмасын. Құстың бәрі сұңқар емес.

5. Жалғыз шапқан ат жүйрік. 6. Түйе көп болса жүк сыймас.

7. Малды бақсаң, сиыр бақ, 8. Сиырды теппейді,
Сүт кетпейді шарадан. Сүтті төкпейді.



© 2010-2022